Әр адам өмірінде кем дегенде бір рет АХАТ органдарына жүгінді. Алайда, өтініш білдіргендердің әрқайсысы азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу не үшін қажет екенін және осы сала қызметкерлерінің қандай еңбек атқаратынын толық түсіне бермейді.
Әр адамның өміріндегі ең маңызды оқиғалар, туғаннан бастап, сөзсіз өмірден кетуге дейін, АХАТ органдарында тіркелуі керек. Біз туу туралы актіні мемлекеттік тіркеуден өткізіп , адамның алғашқы құжатын-елімізге тиесілігін растайтын туу туралы куәлікті алғаннан кейін ғана азамат боламыз.