Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету, сондай-ақ оны жүйелі негізде көрсету жөніндегі қызметті жетілдіру мақсатында халыққа түсіндіру бойынша іс-шаралары жүргізіледі. Аудан әкімі аппаратының ресми сайтында азаматтық хал актілерін тіркеу және мемлекеттік қызметтерді алу бойынша барлық қажетті ақпараттар орналастырылған. Аудан тұрғындарына ыңғайлы болу үшін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізіледі. Ол мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді танымал етуге бағытталған.
Қызмет алушыларды электрондық форматта қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдан бастап "Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" жұмыс істейді. Есепті кезеңде ауданымыздың 22 440 тұрғыны "электрондық үкімет" порталы арқылы әртүрлі қызмет түрлерін алды. Осының арқасында үлкен кезектер азайып және қызмет көрсетушілермен тікелей байланыс мүмкіндігі азайды.
Октябрь ауданы әкімінің аппаратымен азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтің 8 түрі көрсетіледі, оның ішінде электрондық форматта 4 түрін алуға болады (тууды, неке қиюды, некені бұзуды және қайтыс болуды тіркеу).
Есептік жылда азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша 18 635 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы 12 437, "Электрондық үкімет" порталы арқылы электрондық форматта 3500, мемлекеттік органда қағаз нысанда 2698 қызмет көрсетілді.