Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Әлихан Бөкейхан ауданында Қарағанды қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының қызметі

Әлихан Бөкейхан ауданында Қарағанды қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының қызметі

Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясының, "Бала құқықтары туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының, осы Ереженің және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негізінде жүзеге асырады.

Комиссия өз құзыреті шегінде:

      1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және қалпына келтiру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен шарттарды анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан және қатыгездікпен қараудан, кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамға жат әрекеттерден қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

      2) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, оларды әлеуметтік оңалту жөніндегі мемлекеттiк органдардың қызметін жетілдіруге бағытталған бағдарламалар мен әдiстемелердi әзiрлейдi;

      3) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау жағдайларын бақылауды қамтамасыз етуге қатысады;

      4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың жай-күйiн зерделейдi және осы мәселелер бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады;

      5) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар желісінің дамуына жәрдем көрсетеді және олардың қызметінің мониторингін қамтамасыз етеді;

      6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасымен айналысатын органдар мен ұйымдардың оң жұмыс тәжiрибесiн жинақтайды және таратады, оларға әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;

      7) мүдделi мемлекеттiк органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөнінде жүргiзген жұмыстары туралы есептерiн тыңдайды және олардың арасында жетекшiлiк ететiн мәселелер бойынша ақпарат алмасуды ұйымдастырады;

      8) кәмелетке толмағандарды арнайы білім беру ұйымдарына және ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарына жіберу мәселелері бойынша сотқа материалдар дайындауға қатысады;

      9) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған не арнайы білім беру ұйымдары мен ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруда, сондай-ақ өмірде қиын жағдайда жүрген кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту жөніндегі өзге де функцияларды жүзеге асыруда мүдделі органдардың қызметін үйлестіреді;

      10) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы жөнінде жүргiзiлген жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастырады;

      11) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі төмен тұрған Комиссиялардың қызметіне мониторингті жүзеге асырады;

      12) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі төмен тұрған Комиссиялардың қызметін үйлестіреді.

Қаладағы аудандық Комиссияның отырыстары қажетіне қарай, бiрақ айына екi реттен сиретпей өткiзiледi және әдетте, ашық болып табылады. Кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету мақсатында Комиссия қаралатын материалдардың сипатын ескере отырып, iске қатысушы адамдардың өтiнiшi бойынша жабық отырыс өткiзу туралы дәлелдi қаулы қабылдай алады. Комиссия қажет болған кезде iстерi қаралатын адамдардың оқу, жұмыс орны немесе тұрғылықты жерi бойынша көшпелi отырыс өткiзе алады.

Әлихан Бөкейхан ауданында Қарағанды қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының дербес құрамы

 

1

Есимбаева

Алмагуль Садуакасовна

Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасы

2

Мукушева

Салтанат Булатовна

№2 Оқушылар сарайының директоры, комиссия төрағасының орынбасары

3

Ибраева

Айсана Дюсембаева

Әлеуметтік сала бөлімінің

бас маманы, комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері:

4

Баранов

Анатолий Владимирович

Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты

5

 Сайфимилюков

Руслан Равильевич

Г.Головкиннің атындағы ДСК спорт ғимаратының меңгерушісі

6

Ботаев

Айдын Серикжанович

"Қарағанды қаласының білім бөлімі" ММ бас маманы

7

Казиева

Даяна Нуртаевна

"Құқық" ҚҚ филиалының, "Шанс" кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық құқықтық қолдау орталығы басшысы

8

Әлмағамбетова

Ұлжан Ағымбайқызы

«№82 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ директорының орынбасары

9

Лисовская

Татьяна Леонидовна

«Қарағанды қаласының №1 көпсалалы ауруханасы» психологы

10

Ан

Валентин Валентинович

Спорт шебері, NOMAD MMA федерациясының жаттықтырушысы

11

Жошина

Айнур Жаппасовна

Октябрь ПБ ЖПҚЮ ҚЖП аға

Инспекторы

Документы
Новости
Полезные материалы
Әлихан Бөкейхан ауданында Қарағанды қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының қызметі
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
"Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің аппараты" ММ
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы