Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Әлеуметтік қорғау

2021 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ды құрады (ҚР - 4,9%).

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыспен қамту қызметінде 3 502 жұмыссыз азамат тіркелген.

2021 жылдың 4 тоқсанында экономикалық белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,9% құрады.

2021 жылы облыста 34955 жаңа жұмыс орны, 19575 тұрақты жұмыс орны құрылды.

2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 2,6 млрд. теңге көзделген (оның ішінде 2,0 млрд. теңге республикалық бюджет есебінен, 0,6 млрд. теңге – ЖБ), ол 30 мыңнан астам адамды (30576 адам, 5459 отбасы) қамтиды (2020 жылы АӘК 1826,1 млн. теңге сомасына 24925 адам (5284 отбасы) алды).

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік топтама шеңберінде ағымдағы жылы 7801 балаға 665,8 млн. теңге бөлінді.

2021 жылы 7127 бала кепілдендірілген әлеуметтік пакетті алды (1 жастан 3 жасқа дейін – 3532, 3 жастан 6 жасқа дейін – 3595 бала).

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 2021 жылы 7,5 млрд.теңге қарастырылып, игерілді.

Бағдарламаның «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша 1,1 млрд. теңге қарастырылып, игерілді:

- 01.09.2021 ж.бастап еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 700 адам немесе 100% жіберілді.

- еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 1083 адам немесе 187% жіберілді (жоспар - 580 адам).

Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша 5,3 млрд. теңге игерілді:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 2409 өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар жіберілді немесе 134% (жоспар - 1800 адам).

- бизнес-жобаларды іске асыруды жоспарлап отырған бағдарлама қатысушыларына 1 161 шағын несие немесе 106% (жоспар - 1091), 1531 грант немесе 102% (жоспар – 1502) берілді.

Бағдарламаның «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағытын іске асыру шеңберінде 1,1 млрд. теңге қарастырылған және игерілді:

- бос жұмыс орындарына 32 591 адам орналастырылды, немесе 111% (жоспар – 29303);

- 779 әлеуметтік жұмыс орны құрылды немесе 131% (жоспар - 594 адам.);

- жастар практикасына – 1 436 адам немесе 117% (жоспар – 1226 адам);

- қоғамдық жұмыстарға - 8 785 адам немесе 111% (жоспар – 7927 адам).

Документы
Басқа
28 апреля 2026
2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелері
Басқа
28 апреля 2026
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2025 жылғы есеп
Басқа
24 декабря 2025
Сараптамалық кеңес мүшесінің бағалау парағы
Новости
Полезные материалы
Әлеуметтік қорғау
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Қарағанды қаласының Октябрь ауданының әкімдігі
Отдел благоустройства и планирования
"Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің аппараты" ММ
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы