
Халықтың әл - ауқатының маңызды шарты негізгі коммуналдық қызметтерді жылумен, жарықпен, сумен үздіксіз қамтамасыз ету болып табылады.
Әлихан Бөкейхан ауданында 1059 көп қабатты тұрғын үй, 12251 жеке сектор үйлері, жылу желілерінің ұзындығы 391 км, су құбыры желілері 481,7 км, кәріз желілері 310,2 км құрайды.
Көп қабатты тұрғын үйлердің тіршілігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін ауданда 15 пәтер иелерінің кооперативі, 9 жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмыс істейді.
ТКШ саласындағы жаңа заңнамаға сәйкес аудан әкімінің аппараты кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысанын – мүлік иелері бірлестіктері мен қарапайым серіктестіктерді құру мәселесі бойынша тұрғындармен жиналыстар өткізіледі. 2021 жылы 395 жиын өткізіліп, 975 МИБ/ЖС құрылды.
ПИК, ЖШС, үй бойынша жауапты тұлғаларының күшімен үйлер бойынша 2021-2022 жж. жылыту маусымына көп қабатты тұрғын үйлерді дайындау бойынша жұмыстар жүргізілді: үйішілік ажыратқыштардың жылумен жабдықтау жүйелеріне күрделі жөндеу 19 көп қабатты тұрғын үйлерде жүргізілді, 4 жылу және 2 элеватор тораптары ауыстырылды, 10 үйде кәріз және су құбыры жүйесі жөнделді, 2 электр қалқаны ауыстырылды, 254 үйде жылумен жабдықтау жүйелеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді.
«Теплотранзит Караганда» ЖШС жылу желілерінің 8,5 км құбырлары ауыстырылды, 8,5 км жылу оқшаулағышы қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта жылу оқшаулағышы бар жылу желілерінің авариялық учаскелерін ауыстыру бойынша жоспарлар әзірленуде, олар 2022 жылғы көктемде жылу беру маусымы мен жылу желілерінің көктемгі гидравликалық сынақтарынан өткеннен кейін түпкілікті қалыптастырылатын болады. Аудан аумағында 11 жергілікті қазандық және 5 АЖЖ орналасқан, олар 16 әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысанды жылытады. Күн сайын аудан әкімі аппаратының диспетчерлік қызметі ЖЭС-3 станциясының және соңғы үйлердің температуралық режимі бойынша мониторинг жүргізеді. Қазіргі уақытта барлық қазандықтар мен АЖЖ штаттық режимде жұмыс істейді, әлеуметтік мәдени - тұрмыстық нысандар жылумен қамтылған.
Сұрыптау өңірінде жылумен жабдықтау сапасын жақсарту үшін 2021 жылы «Жылу желілері құбырларындағы оқшаулауды жаңғырту» жобасын іске асыру басталды. Трассаның жалпы жобалық ұзындығы бір жіпке 8,3 км құрайды, құбырлардың диаметрі 530 мм. Мердігерлік ұйыммен 16,6 км. жылу оқшаулағыштар құрастырылды, жұмыстар аяқталды.
«Қарағанды Жарық» ЖШС 165,2 км әуе кабель электр беру желілерін, 149 трансформаторлық қосалқы станцияларды жөндеу жұмыстарын орындады. Тихоновка ауданында 6/10 кВ кабельді-әуе электр беру желілерін қосу арқылы 15 КТП құрылысы бойынша жұмыстар басталды және жалғасуда, сондай-ақ КВЛ-10 кВ фид қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Жаңа Майқұдық» ҚС 20, 22, қазіргі уақытта 3 КТП, 7 күштік трансформаторды ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде 17,5 км жоғары вольтты желілердің құрылысы жүргізілді және 22,8 км кабельдік әуе желілері қайта жаңартылды. Ағымдағы жылы 80,4 км әуе электр беру желілерін, 40 трансформаторлық қосалқы станцияларды жөндеу жұмыстары, 15,9 км кабельдік әуе желілерін қайта жаңарту жоспарлануда. 2022 жылы ӘЖ-6 кВ фид қайта жаңарту бойынша жобалау басталды, 23, 24 «Қарағанды» ҚС және жаңа электр беру желілерін салу 0,4/6/10 кВ Тихоновка ауданында, Сұрыптау өңірінде, Победа көшесі, 117, 119 ауданында КВЛ-0,4 кВ қайта құрумен қосымша КТП орнату, сондай-ақ күштік трансформаторларды ауыстырумен және квл-0,4 кВ қайта құрумен қолданыстағы КТП №№ 1116, 1078, 1482, 1007 КТП ауыстыру жоспарлануда.
«Қарағанды Су» ЖШС-мен ұзындығы 7,1 км авариялық су құбыры желілері ауыстырылды. Ұзындығы 0,4 км авариялық кәріз желілері ауыстырылып, 594 құдықтар жөнделді. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде Шахтинская көшесі бойындағы ұзындығы 1,4 км су құбыры ауыстырылды. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Рабочий кентінде ұзындығы 16 км 250 үйге арналған су құбырының құрылысы басталды. Мердігерлік ұйыммен Лермонтова көшесі, Новая, Рабочая және Урановый тұйық көшелері бойынша құрылыс - монтаж жұмыстары аяқталды, шамамен 8,9 км желі салынды. Ағымдағы жылы жұмыстар жалғасатын болады. Сондай-ақ, «Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі» ММ Бабушкина, Ужгородская, Коммунистическая көшелерінде ұзындығы 1381 метр жаңа кәріз желісінің құрылысы жүргізілді.
2022 жылы ұзындығы 8 км су құбыры желілерін және ұзындығы 0,2 км кәріз желілерін ауыстыру жоспарлануда.
Инвестициялық бағдарлама шеңберінде су құбыры желілерін Саранская көшесіндегі ұзындығы 1,6 км су құбыры, Манежная көшесіндегі ұзындығы 0,8 км су құбыры ауыстыру жоспарлануда.
«Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша лифт жабдықтарын орнату жұмыстары жалғасуда. 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап 20 үйде қайтарымды негізде 45 лифт орнатылды. 18 шағын ауданы, 4 үй мекен-жайы бойынша 1 лифтіні қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жаңғырту орталығына алты үйдің (8 лифт) тұрғындары лифт жабдығын орнату үшін құжаттар тапсырылды және кезектілігін күтуде.
Қатты - тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша ауданда үш коммуналдық кәсіпорын қызмет көрсетеді: «Қарағанды қаласының ГорКомТранс» ЖШС, «Эко Алем Казахстан» ЖШС, «Ресайклинг ТК» ЖШС. Күн сайын аудан әкімі аппараты жергілікті полиция қызметінің өкілдерімен бірлесіп, шығару бойынша бақылау жүргізіледі.