«Ақтоғай Энерго», «Ақтоғай Су» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс қызметі үздік тәжірибелермен алмасу және комплаенс қызметінің тиімділігін жетілдіру мақсатында кәсіби мінез-құлықтың бірыңғай стандарттарын қалыптастыру мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту, комплаенс-қызметтердің жұмыс тиімділігін арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау мен олардың алдын алудың заманауи тетіктерін енгізу мәселелерін талқылады.
Ерекше назар тәжірибе алмасуға, комплаенс тәуекелдерін басқарудың тиімді құралдарын қарастыруға және заңдылық, ашықтық, адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын сақтауға бірыңғай көзқарас қалыптастыруға аударылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу мамандардың кәсіби құзыреттілігін нығайтуға, корпоративтік әдепті дамытуға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тұрақты жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.
Басты мақсат — кәсіби мінез-құлықтың жоғары стандарттарына, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатына және қызметтік міндеттерге жауапкершілікпен қарауға негізделген бірыңғай комплаенс мәдениетін қалыптастыру.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу.
Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша өзіндік стратегиясы бар және олар инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды.
Қолданыстағы ИПБ тізіліміне қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді:
«Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ. (Бұл ретте «Halyk Global Markets» АҚ «БЖЗҚ» АҚ-ға 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару шартын бұзатыны туралы хабарлаған. Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қор зейнетақы жинақтарын осы компанияға аудару туралы өтініштерді қабылдамайды).
www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.
Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке басқарушы компаниялар – ИПБ-ларға сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін БЖЗҚ-ның барлық салымшылары пайдалана алады. Бұл нормалар 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енді.
www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.
Жақында бір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін – консервативті, қалыпты және тәуекелді портфельдерді ұсына алады.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерін қалыптастыру тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны таңдай алады. Халықты кеңінен хабардар ету мақсатында БЖЗҚ invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Бұл – салымшыларға сенімгерлік басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтерінің портфельдері бойынша түрлі деректерді бір ақпараттық алаңда салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Салымшы мұнда инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өзінің мақсаттары мен күтетін нәтижесіне сай келетін басқарушы компания мен оның инвестициялық стратегиясын таңдауға мүмкіндік беретін құралдарды пайдалана алады.
Бұдан бөлек, invest.enpf.kz платформасында салымшы ИПБ-лардың инвестициялық декларацияларымен танысып, олардың қаржылық көрсеткіштерін талдай алады. Сондай-ақ ИПБ-ларға қатысты реттеуші орган – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРДА) тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар мен ықпал ету шаралары туралы ақпаратты да (олар болған жағдайда) көре алады.
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы алдымен ИПБ-ны таңдап, содан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш береді.
Өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе invest.enpf.kz интернет-платформасында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып беруге болады.
Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ:
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару туралы берілген өтініштің мәртебесін сайттағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасынан бақылауға болады.
ИПБ-ға аударуға өтініш беру және оларды БЖЗҚ-да өңдеу рәсімдері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде береді.
Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне аудару немесе оларды ҚРҰБ-тың басқаруына қайтару алғашқы аударылған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жүзеге асырылуы мүмкін.
БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (ҚРҰБ және/немесе салымшы таңдаған ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады. Азаматтардың зейнетақы жинақтары, оның ішінде инвестициялық табыс ескерілген ақпарат enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында 24/7 режимінде берілетін үзінді көшірмелерде толық көрсетіледі.
Әр басқарушының инвестициялық қызметі туралы ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және талдау» – «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде тұрақты түрде жаңартылып отырады.
Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшылары үшін invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы жұмыс істейді. Бұл – барлық басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Invest.enpf.kz платформасы инвестициялық табыстылық туралы ақпаратқа қол жеткізуге, белгіленген кезең аралығындағы басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша деректерді салыстыруға және инвестициялық шешімдерді саналы түрде қабылдауға мүмкіндік береді.
2026 жылғы 14 қыркүйекте «Ақтоғай СУ» ЖШС және «Ақтоғай энерго» ЖШС комплаенс-офицерлерімен бірлесіп кәсіби құзыреттілікті арттыруға, комплаенс саласындағы үздік тәжірибелермен алмасуға, сондай-ақ мінез-құлықтың бірыңғай стандарттары мен алдын алу шараларын әзірлеуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған дөңгелек үстел өткізілді.
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен инвестициялық портфельдерді өз бетінше таңдау құқықтарын едәуір кеңейтеді. Енді салымшылар өздерінің зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады.
Жаңашылдықтардың мақсаты – ең қолайлы инвестициялық стратегиясы мен табыстылық тарихы бар ИПБ-ны таңдау арқылы жинақтарды басқарудың ұзақ мерзімді кірістілігін арттыру.
Міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) салымшылары, сондай-ақ пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мен ЕЗЖ аударылатын жеке тұлғалар сенімгерлік басқаруға берілетін зейнетақы жинақтарының көлемін өз бетінше айқындауға, бір немесе бірнеше ИПБ-ны, сондай-ақ өздерінің қаржылық мақсаттарына сәйкес бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді таңдауға мүмкіндік алады.
Таңдау мүмкіндігі арта түседі
Заңнамаға сәйкес әрбір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, инвестициялар құрылымы және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін (консервативті, теңгерімді және тәуекелі жоғары) ұсына алады. Үш түрлі портфельдің болуы инвестицияларды салымшының жасына және жеке мүдделеріне қарай бейімдеуге мүмкіндік береді. Ал жинақтарды бірнеше ИПБ арасында бөлу құқығы олардың табыстылығының ауытқуына тәуелділікті азайтады.
ИПБ-ның инвестициялық портфельдерін қалыптастыруға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) айқындайды.
Барлық ақпарат – бір платформада
Салымшыларға қолайлы болу үшін БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға қатысты негізгі ақпаратты біріктіретін invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Платформа табыстылық туралы ақпаратқа ыңғайлы әрі құрылымдалған қолжетімділікті қамтамасыз етеді, белгіленген кезеңдер бойынша әртүрлі басқарушылардың (ҚР Ұлттық Банкі мен ИПБ-лардың) басқаруындағы инвестициялық портфельдердің көрсеткіштерін динамикада салыстыруға мүмкіндік береді.
Салымшы инвестициялық портфельдерді бағалап, өзінің мүддесі мен инвестициялық мақсаттарына сәйкес басқарушыны және оның инвестициялық стратегияларын дербес таңдай алады.
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға қалай беруге болады?
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат етілген инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) тізілімінен басқарушы компанияны таңдауы және өтініш беруі қажет. (Толық ақпарат БЖЗҚ сайтындағы «Қызметтер – Сенімгерлік басқаруға аудару – Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінде орналастырылған.)
Өтінішті:
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ға беру, бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыру немесе жинақтарды ИПБ-дан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) басқаруына қайтару бойынша қадамдық нұсқаулық мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://www.enpf.kz/kz/services/Invest/22218/.
Өтініштің орындалу мәртебесін БЖЗҚ сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы жеке кабинеттен («Өтініштер» бөлімі) қадағалауға болады. Өтініштерді қабылдау және өңдеу үдерісі толық автоматтандырылған. Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру өтініш келіп түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде БЖЗҚ арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыруға немесе оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына қайтаруға жинақтар инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына берілген күннен бастап кемінде бір жыл өткеннен кейін ғана рұқсат беріледі.
Ақтоғай ауданында «Жас сайлаушылар клубының» отырысы өтті!
Бүгін Ақтоғай ауданында жастардың азаматтық белсенділігін арттыру және сайлау мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Жас сайлаушылар клубының» кезекті отырысы болып өтті.
Іс-шараның басты бағыттары мен міндеттері:
Еріктілер қозғалысын ұйымдастыру: 23 тамыздағы ҚР Құрылтай депутаттарын сайлау күні қарт азаматтарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету және жолдан өтуге/учаскеге жетуге жәрдемдесу;
Жастардың белсенділігі: Жастардың сайлау процесіне өздері қатысып, ел болашағы үшін дауыс беруге дайындығын көрсету;
Жас көшбасшыларды қолдау:
«Белсенді жастар — ел тірегі! Әрбір жас сайлаушының қосқан үлесі мен жауапкершілігі қоғам үшін өте маңызды.»
Жастар өз тарапынан сайлау күні белсенділік танытып, ерікті түрде қолдау көрсетуге толық дайын екендіктерін білдірді.
Ақтоғай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының «2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасының Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу кезіндегі сайлау учаскелеріне мониторинг жүргізу туралы» шешіміне сәйкес, 2026 жылдың 6 тамызында арнайы мониторингтік тобы Ақтас, Қуаныш ауылы орталығында орналасқан №399, №400 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасының Құрылтайының депутаттарын сайлау кезінде Ақтоғай ауданы бойынша дауыс беру учаскелеріне мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өңірлік өкілдерін тарта отырып, мүгедектігі бар сайлаушылардың үш санаты үшін (есту, көру қабілеті бойынша және тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) ерекше жағдайларды жасауды қажет ететін, дауыс беруге арналған сайлау учаскелерінің мониторингі жүргізілді.
Осы шешімге сәйкес аталған топтың Ақтоғай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы топтағы мүгедек адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Е.Әбеу учаскелердің дайындық барысын егжей-тегжейлі қарап, мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарға сәйкес мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруі үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды орындау жөнінде өздерінің сын-ескерпелері мен ұсыныстарын комисиялардың мүшелеріне жеткізді.
Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасын таба береді.
Ақтоғай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының «2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасының Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу кезіндегі сайлау учаскелеріне мониторинг жүргізу туралы» шешіміне сәйкес, 2026 жылдың 6 тамызында арнайы мониторингтік тобы Ақтоғай ауылы орталығында орналасқан №393 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасының Құрылтайының депутаттарын сайлау кезінде Ақтоғай ауданы бойынша дауыс беру учаскелеріне мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өңірлік өкілдерін тарта отырып, мүгедектігі бар сайлаушылардың үш санаты үшін (есту, көру қабілеті бойынша және тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) ерекше жағдайларды жасауды қажет ететін, дауыс беруге арналған сайлау учаскелерінің мониторингі жүргізілді.
Осы шешімге сәйкес аталған топтың Ақтоғай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы топтағы мүгедек адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ж.Жунусбекова учаскелердің дайындық барысын егжей-тегжейлі қарап, мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарға сәйкес мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруі үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды орындау жөнінде өздерінің сын-ескерпелері мен ұсыныстарын комисиялардың мүшелеріне жеткізді.
Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасын таба береді.
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді.
Қарағанды облысының тұрғындары өздерінің қай сайлау учаскесіне тіркелгенін анықтап, сайлаушылар тізімінен өздерін бірнеше ыңғайлы тәсіл арқылы тексере алады:
1. Senim109 бірыңғай байланыс орталығына 109 нөмірі арқылы хабарласу.
2. Тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыс істейтін колл-орталықтарға жүгіну. Байланыс телефондарының тізімі мына сілтемеде орналастырылған:
https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/article/details/243275?lang=kk.
|
|
|
|
3. Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) пайдалана отырып, онлайн қызметтер арқылы тексеру. Ақпаратты ресми интернет-ресурстардың бірінен алуға болады.
4. Сайлаушыға арналған жеке шақыру қағазында орналастырылған QR-код арқылы. Жеке шақыру қағазындағы QR-кодты сканерлеу арқылы өзіңіздің қай сайлау учаскесіне тіркелгеніңіз туралы ақпаратты жылдам біле аласыз.
5. Сондай-ақ Telegram-бот арқылы – https://t.me/sailau_09_bot.

Жиында кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың, алкоголизмнің, темекі шегудің және электронды темекінің (вейп) таралуының алдын алу шаралары жан-жақты талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселелерді саралай келе, отырыс қорытындысы бойынша сауда нүктелерінде кәмелетке толмағандарға тыйым салынған заттарды сату фактілерін анықтау мақсатында профилактикалық рейдтерді тұрақты жүргізуді ұйымдастыру, білім беру ұйымдарында зиянды әдеттердің салдары мен ағзаға тигізер зияны туралы түсіндіру және ағарту жұмыстарын күшейту, өмірде қиын жағдайға тап болған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға консультациялық әрі әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ жастарды дене шынықтырумен, спортпен айналысуға және салауатты өмір салтын насихаттайтын қоғамдық іс-шараларға кеңінен тарту бойынша нақты тапсырмалар берілді.