Меню

Страницы

Статья

Ақтоғай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022 жылғы 7-айлық қорытындылары және алда тұрған міндеттер туралы

             Ақтоғай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының

2022 жылғы 7-айлық қорытындылары және алда тұрған міндеттер туралы

 

         Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Cаяси- экономикалық және әлеуметтік тұрғыда реформалауды тереңдетуге бағытталған ауқымды жоспарын ұсынды, алдымызға бірқатар маңызды міндеттер қойды.

Еліміздің жаңа даму бағдарын айқындайтын жауапты 2022 жылдың 7-айы ішінде ауданда экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстар мемлекет басшысының бағдарламалары мен облыс әкімдігінің тапсырмалары аясында жүргізілуде. Осы  мерзімде  атқарылған  жұмыстарды, алдағы маңызды деген бірқатар міндеттерді, Сіздердің  назарларыңызға  ұсынамын.

          

Жыл басынан негізгі қорға  тартылған  ИНВЕСТИЦИЯ  көлемі  10 млрд. 550 млн.  теңгені  құрады.

Алтыналмас АҚ – 1,7 млрд.

«Қазавтожол» Ұлттық компаниясы – 3,7 млрд.

«Корпорация Ирказ Металл» ЖШС – 4,8 млрд

Ауыл шаруашылығы – 225,6 млн.

Өзге де қызмет түрлеріне – 49,5 млн.

 

           Аудан  экономикасын  дамытудың  басты    көзі  болып  табылатын өнеркәсіп кәсіпорындары ағымдағы жылы                           113 млрд. 158 млн. теңгенің өнімдерін өндірді.

Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 5 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрады. Есепті мерзімде аталған 5 кәсіпорынның өндірген өнімі 74 млрд 581 млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 65,9%.

 

           Ауданға инвестиция тарту, тау кен өндірісін  дамыту бағытында бірқатар ауқымды шаралар атқарылмақ.

2022 жылы «Ирказ Металл Корпорациясы» ЖШС «Борлы» кен орнында катодты мыс өндіретін гидрометаллургиялық зауыттың құрылысын жалпы құны 9 млрд.теңгеге  іске қосса, 140 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.

2023 жылға қарай «Balqash Resources» ЖШС-гі  «Қаратас 2» кен орнында  жалпы құны 4 млрд 300 млн теңгенің темір және түсті метал өңдеу өндірістік кен-байыту комплексін іске қосылып, 303 жаңа жұмыс орнын ашу күтілуде.

 

           Шағын  және орта бизнес

Өткен жыл кәсіпкерлік сияқты салалар үшін үлкен сынақ болды. 

Соған қарамастан мемлекеттік бағдарламалар, облыс және аудан әкімінің кәсіпкерлерді қолдау гранттары  арқылы  шағын бизнес өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсету жалғасуда.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1568-ге жетті. 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1422) 10,3% көбейген.

           Жыл басынан аудан бойынша 3 кәсіпкерлік нысан ашылып, жұмсалған қаражат 3 млн 650 мың теңгені құрады.

1.     Қарабұлақ  ауылдық округтен –  1 дукені ашылып,

2.    Кежек ауылдық округтен – 1 наубайхана, халыққа қызмет көрсетуде.

3.    Шабанбай би ауылдық округтен – кірпіш құю цехыашылды.

  Алдағы уақытта да аудандағы кәсіпкерлік ісіне жан – жақты жағдайлар жасай отырып, оны одан әрі  дамыту жалғаса бермек.

 

         Ауыл шаруашылығы — өңірді дамыту үшін аса маңызды сала, біздің экономикамыздың басым бағыттарының бірі.  Мал  шаруашылығы  саласында да мал  басы  мен  одан  алынатын өнімдердің көлемінде өсім бар.

Ауыл шаруашылығының  жалпы өндірген өнімі 11 млрд 140 млн  теңгені құрады.  

         Үкіметтің қолдауымен ауылшаруашылығы саласын дамыту мақсатында әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар өз жемісін беруде. Нәтижесінде, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда ет өндіру көлемі 4144,5 тонна 109,6%, сүт өндіру 20691 тонна 106,5%, тауық жұмыртқасы 1333,8 мың дана, 2021  жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда мал шаруашылығында да тұрақты өсім бар, ірі  қара  малы 2,1  пайызға, қой  мен  ешкі 3 пайызға, жылқы 12,8 пайызға, түйе 11,6 пайызға өскен.

 

         Мал шаруашылығын дамыту жобалары

Аудан бойынша облыстық индустриалдық картаға енген жобалар бойынша жұмыс жүргізілуде:

  1. «QAZAQ STEP SHEP» ЖШС-і еттік бағытта қой шаруашылығын дамыту, (жоба құны 7 млрд теңге); 2021 жылы барлығы 1300 бас сатып алынды, жалпы мал басы 2386 басты құрайды. Сонымен қатар 4 мал шаруашылығы фермасы салынды.
  2. «Қарашоқы» шаруа қожалығы 8 мың бас ауылшаруашылығы жануарларын сойып, консервіленген ет өнімдерін өндіру, (жоба құны 115 млн теңге);

Жобаға қолдау ретінде аудандық жер қорынан берілген 23,9 мың га ауылшаруашылық жері заңдастырылып рәсімделді. Өңдеу цехына қажетті қондырғылардың 50 % алынды.

  1. «Global Beef Products» ЖШС-і 2 мың бас асыл тұқымды ангус ірі қара малын өсіру (жоба құны 550 млн теңге). Шаруашылықта бүгінгі күні 450 бас ірі малы өсірілуде, оның ішінде: аналығы 200 бас биылғы жылы 62 бас ірі қара бордақылау алаңына өткізілді. 2022 жылға 250 бас ангус аналық мал басын сатып алуға өтінім берілді.
  2. «QAZAQ MEAT» ЖШС-і 3 мың бас жылқы малын өсіріп 27 мың литр қымыз өнімін шығару (жоба құны – 172 млн теңге).

 Бұл жобалардың барлығы ұзақ мерзімді (2018-2026ж.ж.). қазіргі уақытта жоба жоспары бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

         Ветеринария.

Ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі айтылған жерде ветеринариялық қауіпсізді қамтамасыз ету міндеті тұр.

Ақтоғай ауылында өткен жылы 127 млн теңгеге  ветеринариялық пункттің құрылысы басталған. Биылғы жылдың қыркүйек айына дейін құрылысы толық аяқталып, қолданысқа берілетін болады.

«Эпизоотияға қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу» бағдарламасын орындау мақсатында төрт түліктің аса қауіпті індеттеріне қарсы ветеринарлық алдын-алу және  диагностикалық шаралар жоспарға сай жүргізілуде.

2022 жылдың диагностикалық зерттеулердің 1-ші жарты жылдық  айының  жоспары   бойынша: 

Ірі қара мал жоспары  47825 бас, орындалысы  48011 бас, 100 %,

Ұсақ мүйізді мал жоспары  86095 бас, орындалысы 83419 бас  95 %,

Түйе малы жоспары 450 бас, орындалысы 450 бас  100 %,

Жылқы малы жоспары 170 бас, орындалысы 170 бас, 100 %,

Шошқа  малы жоспары 60 бас , орындалысы  60 бас,  100 %,

Еткоректілер жоспары 170 бас. орындалысы 170 бас, 100 %,

Қошқар қарақапталы  жоспары 2280 бас, орындалысы 1892 бас, 83 %

Аудан бойынша барлығы 327 ит, 19 мысық ауланып жойылды.

Ақтоғай ауылы 78 бас ит, 2 мысық,

Жидебай 10 ит,

Қызыларай 16 ит,

Қусақ 13 ит, 5 мысық,

Абай 8 ит,

Ортадересін 29 ит,

Сарышаған кентінде 83 ит, 5 мысық,

Шашубай кентінде 75 ит, 2 мысық,

Тасарал ауылдық округінде 5 ит, 8 мысық,

Тораңғалық 11 ит, 1 мысық.

          

         Құрылыс саласы – қашаннан да экономиканың негізгі іргетасы екендігі айқын. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында Ақтоғай ауылында Солтүстік-Батыс ықшам ауданында 16 пәтерлі екі қабатты 4 тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған, қазіргі уақытта белгілі себептермен құрылыс жұмыстары тоқтап тұр.

Инженерлік инфрақұрылым құрылысын жүргізу мақсатында, яғни;

 -тоқ жүйесі құрылысына жалпы сомасы -  602,4 млн теңге бөлінді (Мердігер «Констракшн Трэйнинг Ресурсес» ЖШС қондырғы қымбаттауына байланысты ЖСҚ түзету енгізуді сұрауда), су жүйесі, кәріз су жүйесі, телефондандырылу, жылу жүйесі құрылысына жалпы сомасы – 386,8 млн теңге ақша қаражаты бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды (Мердігер «ЛТД Спец строй груп» ЖШС).   

 

Ауданымызда өзекті саланың бірі электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша бүгінгі күні  бірқатар жұмыстар жоспарлануда.        

                 Электр энегриясын таратушы кәсіпорындарды ірілендіру мақсатында аудан төңірегіндегі электр желілерін иесіз мүлік деп танып, аудандық коммуналдық меншікке алған. Бүгінгі таңда құжаттары әзірленіп электр таратушы «ЖезРЭК» мекемесіне өткізу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Ақтоғай ауданың №79 электр желісінен қамтамасыз етілетін Сәуле, Үшарал, Жалаңаш, Ақтас, Қуаныш елді – мекендерінің электр желілері  және Ақтас, Шабанбай би, Сарытерек ауылдарында орналасқан  подстанцияларды сот шешімімен  коммуналдық меншікке алуға жоғарғы сотқа  жолданды. Сот шешімімен коммуналдық меншігіне  берілген жағдайда  бюджет есебінен нысандардың құқық орнатушы құжаттары  әзірленіп  «ЖезРЭК»АҚ –на ұсынылады.

 

  Жол қатынасы және жол жөндеу бойынша Республикалық маңыздағы «Алматы-Екатеринбург» тас жолымен тоғысатын Тасарал ауылының кірме жолға (2021-2022ж) 265 млн.тенге қаралып 7,5 шақырымына асфальт салынды, ағымдағы  жылға 211 млн 420 мың тенге қаражат бөлінді.

Ағымдағы жылға облыстық басқарма тарапынан «Балқаш-Ақтоғай- Ақсу Аюлы» автомобиль жолының 210-226 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бөлінген қаражат көлемі  850 млн.теңгені құрайды.  Мердігер «Қостанай Жолдары» ЖШС. 

«Актогай-Шылым-Акжарык» бағытындағы жолға (10км) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім берілді. 188 млн.тг қаражат бөлініп, Кешендік сараптама қорытындысы 10 шақырымға алынып жұмыс бастау алуда, Мердігер «РАЙС KZ» 2023 жылға-229 млн.теңге қаражат қажет.   2023-24 жылдарға 25 шақырымға сметалық құжат әзірленуде (750 млн.теңге).

«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында Сарышаган кентінің Балқаш, Абай, Мектеп көшелерін және 3-ші ықшамауданның ішкі жолдарын, Шашубай кентінің Жағалау көшесін, Қараменде би  қиылыстарын орташа  жөндеуге қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

 

         Жылыту маусымы бойынша

Тұрғындарды және әлеуметтік нысандарды  сапалы жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымына дайындық шаралары күнделікті бақылаудағы мәселе.

                 Жұмыспен қамту саласы

        Кезек күттірмейтін маңызды мәселелердің бірі тұрғындардың жұмыспен қамтылуы және еңбекке орналастыру.

         «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында аудан бойынша жоспарға сәйкес біршама жұмыстар жүргізілуде.

        Жаңа бизнес - идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа республикалық бюджеттен 25 адамға 30 млн 630 мың теңге және ұлттық қордан 25 адамға 32 млн 970 мың теңге қаржы қаралып отыр.

Жалпы жұмыс мәселесі бойынша 2022 жылы 478 адам өтініш білдірсе 418 жұмыссыз тұрақты, уақытша және мерзімді жұмыстарға орналастырылды.

Қоғамдық жұмысқа 9 адамға республикалық бюджеттен 6 млн 479 мың теңге қаржы қаралып, 12 адам жолданып  2 млн 576 мың теңге игерілді. Өңірлерді дамыту бағдарламасы арқылы (ПРТ) қоғамдық жұмысқа барлығы жоспар бойынша 91 орынға жергілікті бюджеттен 25 млн 651 мың теңге қаржы қаралып  107 адам жолданып 28 млн 964 мың теңге игерілді. Ұлттық қордан 82 адамға 62 млн 333 мың теңге қаржы қаралып 98 адам жолданып 9 млн 456 мың теңге игерілді.

        Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 33 отбасындағы 170 адамға тағайындалып, 7 млн 692 мың тг төленді

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы аясында 26 мүгедекке жеке көмекші тағайындалды. Бұл саладағы жұмыстар  жоспарға сәйкес жалғасын табатын болады.

       

           Білім беру саласында өткен оқу жылы біршама өзіндік көрсеткіштермен аяқталды, осы жылы да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Ауданның білім бөліміне қарасты 13 орта, 8 негізгі және 2 бастауыш мектепте 2928 оқушы білім алуда. Білім беру ұйымдарындағы компьютер паркі 1171 компьютерді құрап отыр.

        Жалпы сомасы 42 млн 310 мың тг тұратын Т.Ақышұлы, С.Ибраев, Сарышаған мектеп – интернатына -3 биология кабинеті, Ә.Бөкейхан және К.Байсейітова мектептеріне технология  кабинеттері алынды.

        15 жаңа модификациялық кабинеттер (физио, химия, биология, STEM, шеберхана, түзету кабинеттері) алу үшін бюджеттен 68 млн 751 мың тг қаражат бөлінді.

        Жергілікті бюджеттен ағымдағы және күрделі  жөндеу жұмыстарына  – 284 млн теңге бөлінді.  К.Байсейітова атындағы (РО) тірек мектебі,  Ақши НМ, Ә.Ермеков атындағы ЖББМ – жылу қазандықтары ауыстырылып жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қошқар(РО) Тірек мектебінің терезелері, Ортадересін ЖББМ – сыртқы  қоршауларын ауыстыру, Ә.Бөкейхан атындағы (ТМ) асхананың ас бөлмесі қабырғалары, едендерін ауыстыру бойынша  жөндеу жұмыстары  жүргізілді.

        «Дипломмен ауылға» бағдарламасы  аясында 2021-2022 оқу жылында 30 жас маман – 8 млн 837,8 мың тг көтерме жәрдемақы,    16 жас маман 64 млн 424,2 мың тг жеңілдетілген тұрғын үйге несие алды.

 

         Мәдениет және спорт

Жыл басынан мәдениет және спорт салалары бойынша атқарылатын іс-шаралар жоспары бекітіліп, кестеге сәйкес ұйымдастырылуда.

Мәдениет саласының материалдық техникалық базасына баса назар аударылып, тиісті жабдықтармен уақытылы толықтырылуда. 2022 жылы мәдениет үйіне 6 дана моноблок (1080,0 мың теңге), дыбыс жазу студиясы (3696,0 мың теңге) және ауылдық клуб үйлеріне 59 дана ұлттық музыкалық аспаптар (1707,1 мың теңге)  алынды.  Сонымен қатар, Қошқар ауылдық клуб үйінің күрделі жөндеу жұмыстарына 45 млн 288 мың теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 

         Денсаулық сақтау мемлекеттік саясаттың жергілікті атқарушы органдарының қызметіндегі маңызды басымдық болып қала береді.

Халықтың денсаулығына әсер ететін тиімді шара – сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында осы салада біршама игі іс-шаралар атқарылуда.

Білікті маман дәрігерлерлерді тарту бағытындағы жұмыстар әлі де жалғасуда. Өткен жылы тағы 7 маманмен толықса биыл 2 орта медициналық қызметкер жұмысқа қабылданды. Сондай-ақ жергілікті билік тарапынан дәрігерлерге мейлінше әлеуметтік қолдау көрсетіле бермек. (Тұрғын үй, материалдық, тұрмыстық техникалар т.б.).

 

            Ағымдағы жылы атқарылып жатқан жұмыстар:

- Ақтоғай ауылы, солтүстік-батыс шағын ауданында ИКИ (қосалқы станциясымен 35 кВ электр желісін, 16 көппәтерлі және 30 бір бөлмелі жалдамалы тұрғын үйлерге 10 және 0,4 кВ электр желісін) салу

(602 млн 411 мың тг)

 

- Ақтоғай ауылы солтүстік-батыс мөлтек ауданына инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын жайластыру (су құбыры, кәріз құбыры, абаттандыру, жылу желісі қазандығымен, байланыс желісі)

"Констракшн Трэйнинг Ресурсес" ЖШС (386 млн 808 мың)

 

  • Ақтоғай ауылында кәріз желілерінің құрылысы (300 млн тг);

        

  • Тасарал елді мекеніне кіреберіс жолды орташа жөндеу

(211 млн 420 мың тг)

 

  • Шашубай кентіндегі ішкі жолдарды жөндеу жұмыстары

"ДСП "Тастемір" ЖШС (70 млн тг)

 

  • Сумен жабдықтау жүйелерін жөндеу (60 млн 597 мың тг)

 

  • Аудандық маңыздағы кірме жолдарды күтіп ұстау (60 млн тг)

 

  • Кежек ауылына ауыз су тарту құрылысын аяқтау

"КазЕвроСтрой" ЖШС (52 млн 533 мың тг)

 

  • Шашубай кенті, Ж. Ақбергенұлы көшесі, 9-үй мекен-жайы

бойынша орналасқан 100 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйді қалпына келтіру бойынша жұмыс жобасын түзету

"Балқаш жібек жолы" ЖШС (50 млн тг)

 

  • Қошқар ауылдық клуб үйін күрделі жөндеу (45 млн 228 мың тг)

 

  • Сарышаған кентінде жылу беру қазандығын орнату және ағымдағы

жөндеу (39 млн 500 мың тг)

  • Ақтоғай ауылында көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыру

(17 млн 500 мың тг)

 

  • Шашубай кенті әкімдік ғимаратын ағымдағы жөндеу

(16 млн 248 мың тг)

 

- Сарышаған кентінің Теміржол көшесіндегі саябаққа қоршаулар мен жазғы суару құбырларын орнату (11 млн 231 мың тг)

 

- Кежек ауылының Нұра көшесіне 20 дана көше шамдарын және КТП орнату (10 млн 665 мың)

 

- Сарышаған кентінде көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыру "KazBig engineering" ЖШС  (10 млн тг)

 

- Шашубай кентіндегі көпқабатты тұрғын уйлердің аулаларын абаттандыруға (Сейфуллина 2, Кұнанбаев 2, Акбергенова 9)

"Арарат Универсал" ЖШС (10 млн тг)

 

- Шашубай кентіндегі 2-қабатты 11-пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеті мен шатырын жөндеуге (Шашубая 12, Құнанбаев 35).

"Достар" ЖШС (10 млн 641 мың тг)

 

  • Сарышаған кентіндегі №4 апатты жағдайдағы көпқабатты тұрғын

үйді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.

 (250 млн 600 мың тг)

 

- Ақтоғай ауылындағы Айналма жол, Бөкейхан, Ақбай, Ибраев, Жидебай көшелеріндегі көше шамдарын ағымдағы жөндеу

"Универсал Монтаж Строй" ЖШС (6млн 670 мың тг)

- Шашубай кентіне көше шамдарын орнатуға (700 м электр сымдары, 62 дана жарықдиодты шамдар орнату) (5 млн 544 мың тг)

- Ақтоғай ауылына мен Сарышыған кентіне интернет желісіне қосылған дыбыс зорайтқыш алу (10 млн тг)

  • Тораңғалық а/о әкімдік ғимаратын жөндеу

«Проект строй сервис 2020» ЖШС (4 млн 181 мың тг)

- Сарышаған кентінің кәріздік сорғы станциясына дизель генераторын орнатуға (3 млн 500 мың тг)

- Сарышаған, Ақжайдақ , Қарасу елді мекендеріне ауыз су тарту үшін әзірленген ЖСҚ сараптамадан өткізу (3 млн 900 мың)

- Сарышаған кентіне тазарту ғимараты бар су сору станциясының құрылысы бойынша ЖСҚ жасату (3 млн 600 мың тг)

  • Қараменде би а/о әкімдік ғимаратының сыртын жөндеу

«ИП Арғымақ» (3 млн 351 мың тг)

- Торанғалық ауылындағы рұқсат етілмеген қоқыстарды тазалау және шығару жұмыстары (2 млн 588 мың тг)

                  Ағымдағы жылға алға қойған жоспарлар мен міндеттер төмендегідей:

-Аудан иелігіндегі электр желілері мен қондырғыларын «ЖезРЭК» АҚ балансына өткізуді шешу;

-Ақтоғай ауылында кәріз жүйесінің құрылысын бастау;

-Ақтоғай ауылындағы стадионды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;

-Ақтоғай орталық аурухананың инфекциялық бөлімін күрделі жөндеу жұмыстарын бастау

-Ақтоғай ауылындағы солтүстік-батыс мөлтек ауданында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын жүргізу;

-Сарышаған кентінде спорт кешені құрылысының ЖСҚ сараптамадан өткізуді аяқтау;

-Сарышаған кентінің 3 шағын ауданындағы 5 қабатты тұрғын үйді қалпына келтіру (апатты жағдайдағы №4 үй);

-Сарышаған кентінің 6 көп қабатты тұрғын үйдің  аумағын абаттандыру және қасбетін жөндеу;

         -Шашубай кентіндегі көп  қабатты тұрғын үйдің    (Сейфуллин, Құнанбаев, Ақбергенұлы) аула аумағын абаттандыру;

-Шашубай кентіндегі көп қабатты 100 пәтерлі тұрғын үйді қалпына келтіру;

-Шашубай кентінің екі қабатты 11 пәтерлі үйдің қасбеті мен шатырын жөндеу (Абай 35, Шашубай 12);

-Шашубай кентінің 1 көшесінің (Акбергенова 1,5 км) кентішілік жолын орташа жөндеу;

-Кежек ауылында ауыз су құрылысы жұмыстарын аяқтау;

-Тасарал ауылының 13 км көтерме жолдың орташа жөндеу жұмыстарын аяқтау;

-Қусақ ауылының клуб үйін күрделі жөндеу;

-Білім беру ұйымдары нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізу (Қошқар мектебін күрделі жөндеу, Қызыларай, С.Ибраев, Ж.Кеңесбаев, М.Ержанов, Т.Ақышұлы, Ортадересін, К.Байсейітова, Ә.Бөкейхан мектептеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу);

 

Құрметті жерлестер!       

Әрине, әлі шешуді талап ететін мәселелер аз емес. Бүгінде ел Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы экономиканы одан әрі нығайту, Жаңа Қазақстан құру бойынша біздің алдымызға жаңа міндеттер жүктеді. Біз мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын тиісті мерзімінде орындауға барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз.

 Ауданымыздың әрбір тұрғынының табысы мен өмір сапасының жақсаруы – біздің жұмысымыздың басты көрсеткіші.

Осындай ел игілігіне арналған ортақ істе береке – бірлік танытып, жоғарыда айтылған өңірімізге қатысты меселелерді оң шешу,  тиянақты әрі сапалы атқарылуын қамтамасыз ету басты міндет болмақ.        

Дата публикации
28 сентября 2022
Дата обновления
28 сентября 2022
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы