Ақтоғай ауданы әкімдігінің «Ақтоғай ауданы әкімінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 02 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күшін жою туралы» қаулысына
ПРЕСС – РЕЛИЗ
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес қаулының жобасы (бұдан әрі - Жоба) әзірленді.
Бұл Жоба азаматтардың заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық кері салдарға әкеп соқпайды.
«Ақтоғай ауданы әкімінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 02 «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күшін жою туралы» шешімінің жобасы 2020 жылдың 15 желтоқсанда ашық нормативтік-құқықтық актілер интернет-порталында орналастырылды, мерзімі 10 жұмыс күні.