Қарағанды облысы
Ақтоғай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Ақтоғай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабы 8-1 тармағына, 113-1 бабына сәйкес, Ақтоғай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 15 сәуірдегі №1 қаулысымен 2026 жылдың 24 мамырына Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті, Кежек, Тасарал ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы тағайындалғанын хабарлайды.
Шашубай кенті, Кежек, Тасарал ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2026 жылдың 16 сәуірінен басталып, 2026 жылдың 28 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Шашубай кенті, Кежек, Тасарал ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2026 жылдың 3 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт 2026 жылдың 3 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2026 жылдың 23 мамырда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Ә.Бөкейхан көшесі, 10Г.
Байланыс телефоны: 8 (71037) 2-11-67.
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы