Сұрақ: Бірреттік материалдық көмек қалай алуға болады?
Жауап: Бірреттік материалдық көмекті әлеуметтік маңызы бар ауру түріне байланысты және жан басына шаққандағы орташа табыстың болуына байланысты әлеуметтік көмек беріледі.
"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес жыл сайын жергілікті өкілді органдардың шешімдері негізінде Әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдарға (отбасыларға) табысын есепке алмағанда әлеуметтік көмек және жан басына шаққандағы орташа табыстың болуына байланысты жылына 1 рет, біржолғы әлеуметтік көмек көрсетеді.
Сұрақ: Санаторийлік -курорттық емделуге кімдер барады?
Жауап: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балалар бара алады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 283 бұйрығы бойынша мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емделуді ұсыну қағидаларына сәйкес сіз жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы санаторийлік-курорттық жағдайда емделе алады.