Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Сарышаған кенті, Шабанбай би, Қараменде би, Қарабұлақ, Нүркен ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабы 3 тармағына, 113-1 бабына сәйкес, Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 14 мамырдағы №2 қаулысымен Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Сарышаған кенті, Шабанбай би, Қараменде би, Қарабұлақ, Нүркен ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы 2025 жылдың 22 маусымына тағайындалғанын хабарлайды.
Сарышаған кенті, Шабанбай би, Қараменде би, Қарабұлақ, Нүркен ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 15 мамырынан басталып, 2025 жылдың 27 мамырында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Сарышаған кенті, Шабанбай би, Қараменде би, Қарабұлақ, Нүркен ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2025 жылдың 1 маусымында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт 2025 жылдың 1 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылдың 21 маусымда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Ә.Бөкейхан көшесі 10Г, байланыс телефоны 8/71031/21167.
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы