Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабы 3 тармағына, 113-1 бабына сәйкес, Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 26 ақпандағы № 1 қаулысымен Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылдың 6 сәуіріне тағайындалғанын хабарлайды.
Қызыларай округі әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 27 ақпаннан басталып, 2025 жылдың 11 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Қызыларай ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2025 жылдың 16 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт 2025 жылдың 16 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылдың 5 сәуірде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Ә.Бөкейхан көшесі 10Г, байланыс телефоны 8/71031/21167.
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы