Сайлауды тағайындау туралы

АҚТОҒАЙ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 1-тармағының 4) тармағына, 101-бабының 3-1және 6-тармақтарына сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды  бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы негізінде 2024 жылғы 8 желтоқсанға Ақтоғай ауданы мәслихатының №1, №3, №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттарының орнына сайлау тағайындады.

- Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 11 қазанда басталады және 2024  жылғы 8 қарашада сағат 18.00-де аяқталады;

- Кандидаттарды тіркеу 2024 жылғы 11 қазанда басталады және 2024  жылғы 13 қарашада сағат 18.00-де аяқталады.

№1, №3, №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Ақтоғай ауданы мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды тағайындау туралы
Дата публикации
11 октября 2024