Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 3 тармағына, 113-1-бабына сәйкес Ақтоғай аудандық сайлау комиссияның 2024 жылдың 9 қазанындағы №57 шешімімен Ақтоғай ауылы, Айыртас, Қусақ ауылдық округінің әкімдерін сайлау 2024 жылғы 17 қарашаға тағайындалғанын хабарлайды.
Әкім болуға кандидаттарды ұсыну мерзімі: 2024 жылдың 10 қазанынан басталып, 2024 жылдың 22 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Әкім болуға кандидаттарды тіркеу мерзімі: барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2024 жылдың 27 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Үгіт мерзімі: 2024 жылдың 27 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2024 жылдың 16 қарашасында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Ә.Бөкейхан көшесі, 10Г, байланыс телефондары: 8(71037) 2-11-67.
Ақтоғай аудандық
сайлау комиссиясы