2024 жылдың 9 шілдесінде Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Аталмыш отырыста Ақтоғай ауданы Ортадересін ауылдық округінің әкіміне кандидаттардың ұсыну қорытындылары туралы айтылды.
2024 жылдың 27 маусым мен 9 шілде аралығында Ақтоғай ауданы Ортадересін ауылдық округінің әкіміне барлығы 3 кандидат ұсынылды.
Оның ішінде саяси партиялардан - 1, өзін - өзі ұсыну тәртібімен-2. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 3 ер адам. Кандидаттардың орташа жасы – 41 жас. Ең жас үміткер 37 жаста, үміткерлер арасында ең үлкені 60 жаста.
Мамандықтар бойынша: 2 – заңгер, 1 – әлеуметтік жұмыс.
Қазіргі уақытта кандидаттарды тіркеу процесі жүргізілуде. Кандидаттарды тіркеу ағымдағы жылдың 14 шілдесіне дейін жалғасады. Бұл аралықта еліміздегі сайлау туралы заңнамаға сәйкес, тиісті сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттардың талаптарға сәйкестігін анықтау бойынша жұмыстар жүргізетін болады.
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы