Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясының
2024 жылғы 26 маусымдағы № 21 шешіміне
№1 қосымша
2024 жылдың 4 тамызына тағайындалған
Ақтоғай ауданы Ортадересін ауылдық округі әкімінің сайлауын
әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
|
1. Ақтоғай ауданы Ортадересін ауылдық округі әкімін сайлауды тағайындау. |
|
|
|
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы 26 маусым 2024 жыл (113-1-б. 2,3-т.) |
|
2. Сайлау округтерінің тізімін олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. Сайтта шешім қабылданған күні орналастырылады. |
|
|
|
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2024 жылдың 6 шілдесінен кешіктірмей (22-б.) |
|
3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2024 жылдың 6 шілдесінен кешіктірмей (13-б. 4-т.) |
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей – 2024 жылдың 11 шілдесінен кешіктірмей (17-б. 2-т.) |
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Тиісті әкімдер Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде 2024 жылдың 11 шілдесінен кешіктірмей (23-б. 5-т.) |
|
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну. |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2024 жылдың 27 маусымнан басталып, 2024 жылдың 9 шілдеде сағат 18:00-де аяқталады (113-3-б.5-т.) |
|
7. Әкімдікке кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
|
|
|
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы (4-б,4-т,113-2 б.) |
|
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру. |
|
|
|
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 2-1) т., 31-б.) |
|
9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтарын беру. |
|
|
|
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.) |
|
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу. |
|
|
|
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 7-т.) |
|
11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2024 жылғы 1 қаңтарға қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі. |
|
|
|
Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.) |
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2024 жылдың 1 маусымға) |
|
|
|
Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) |
|
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру. |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 4-т.) |
|
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру. |
|
|
|
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады 2024 жылғы 14 шілде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-5-б, 14 т.) |
|
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. Аудандық сайлау комиссиясы жинақтау және сайтта орналастыру. |
|
|
|
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) |
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру. |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) |
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу. |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2024 жылдың 14 шілдесінде сағат 18:00-ден басталып, 2024 жылдың 3 тамызында сағат 00:00-де аяқталады (27-б. 2-т.) |
|
18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) |
|
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну. |
|
|
|
Тиісті әкімдер Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2024 жылдың 14 шілдесіне дейін (24-б. 5-т.) |
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну. |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2024 жылдың 19 шілдесінен бастап (26-б. 1-т.) |
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету. |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей - 2024 жылдың 25 шілдесіне дейін (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) |
|
22. Сайлау бюллетеньдерін дайындау. Учаскелік сайлау комиссияларына дауыс беру үшін сайлау бюллетеньдерін жеткізу. |
|
|
|
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және кемінде бір күннен кешіктірмей 2024 жылдың 1 тамызынан ерте емес және 2024 жылдың 3 тамызынан кешіктірмей (37-б. 3-т.)
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау. |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2024 жылдың 4 тамыз жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) |
|
24. Дауыс беруді өткізу. |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау. |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.) |
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу. |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық (қалалық) аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну. |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) |
|
28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу. |
|
|
|
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2024 жылдың 7 тамызынан кешіктірмей (113-10-б. 1-т) |
|
29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей 2024 жылғы 10 тамызынан кешіктірмей (44-б.) |
|
30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру. |
|
|
|
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2024 жылғы 10 тамызынан кешіктірмей (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.