Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Ақтоғай аудандық сайлау комиссияның 2024 жылғы 26 маусымындағы №21 шешімімен Ортадересін ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылдың 4 тамызына тағайындалғанын хабарлайды.
Ортадересін ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді;
- әкімге кандидаттарды ұсыну 2024 жылдың 27 маусымынан басталып, 2024 жылдың 9 шілдесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады;
- әкімге кандидаттарды тіркеу 2024 жылдың 14 шілдесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы