Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес Ақтоғай аудандық сайлау комиссияның 2024 жылғы 21 маусымындағы №19 шешімімен Ақтоғай ауданы әкімінің сайлауы 2024 жылдың 11 тамызына тағайындалғанын хабарлайды:
Ақтоғай ауданы әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді;
- әкімге кандидаттарды ұсыну 2024 жылдың 22 маусымынан басталып, 2024 жылдың 11 шілдесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады;
- әкімге кандидаттарды тіркеу 2024 жылдың 16 шілдесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы