2024 жылғы 9 маусымда өткен Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Абай, Сарытерек ауылдық округтері әкімінің сайлау қорытындылары туралы хабарлама
Абай ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 131 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 128 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 0 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Ақтоғай ауданы Абай ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Игібеков Н.Е үшін сайлаушылардың 7 дауысы берілді,
Майлыбаев Е.Р үшін сайлаушылардың 106 дауысы берілді.
Смағұлов Н.Н үшін сайлаушылардың 13 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 5.
Сайлау қорытындыларымен Ақтоғай ауданы Абай ауылдық округі әкімі болып: Майлыбаев Ердос Рахметоллаұлы сайланды, 1972 жылы туған, «Алаш-Агро» АӨК басшысы, Абай ауылдық округінің тұрғыны.
Сарытерек ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 402 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 363 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 7 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 2.
Ақтоғай ауданы Сарытерек ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Омарбеков Д.Т үшін сайлаушылардың 28 дауысы берілді,
Серкебаев К.Р үшін сайлаушылардың 320 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 15.
Сайлау қорытындыларымен Ақтоғай ауданы Сарытерек ауылдық округі әкімі болып: Серкебаев Қанат Рахметоллаұлы сайланды, 1973 жылы туған, Сарытерек ауылдық округінің әкімі, Қызыларай ауылдық округінің тұрғыны.
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы