Ақтоғай ауданы Абай, Сарытерек ауылдық округінің әкімдеріне кандидаттардың ұсыну қорытындылары туралы

2024 жылдың 14 маусымында Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Аталмыш отырыста Ақтоғай ауданы Абай, Сарытерек ауылдық округінің әкімдеріне кандидаттардың ұсыну қорытындылары туралы айтылды.

2024 жылдың 2 мамыр мен 14 мамыр аралығында Ақтоғай ауданы Абай, Сарытерек ауылдық округінің әкімдеріне барлығы 7 кандидат ұсынылды.

Оның ішінде саяси партиялардан – 2, өзін - өзі ұсыну тәртібімен – 5. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 7 ер адам. Кандидаттардың орташа жасы – 39 жас. Ең жас үміткер 33 жаста, үміткерлер арасында ең үлкені 52 жаста.

Мамандықтар бойынша: 2 – экономист, 3 – заңгер, 1 – оқытушы, 1-басқалар.

Қазіргі уақытта кандидаттарды тіркеу процесі жүргізілуде. Кандидаттарды тіркеу ағымдағы жылдың 19 мамырына дейін жалғасады. Бұл аралықта еліміздегі сайлау туралы заңнамаға сәйкес, тиісті сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттардың талаптарға сәйкестігін анықтау бойынша жұмыстар жүргізетін болады.

Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
15 мая 2024