Абай, Сарытерек ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын 2024 жылғы 9 маусымға тағайындау туралы

Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ

 

Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және 2, 3-тармақтарына сәйкес Ақтоғай аудандық сайлау комиссияның 2024 жылғы 1 мамырдағы № 7 шешімімен Абай, Сарытерек ауылдық округі әкімдерінің әкімнің сайлауы 2024 жылдың 9 маусымына тағайындалғаны туралы хабарлайды:

- Абай, Сарытерек ауылдық округі әкімдерінің;

Абай, Сарытерек ауылдық округі әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді:

- әкімге кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 2 мамырдан басталып, 2024 жылғы 14 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады;

- әкімге кандидаттарды тіркеу 2024 жылғы 14 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы

Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 1 мамырдағы №7 шешімі
Дата публикации
01 мая 2024