Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының сайланған әкімін тіркеу туралы Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2023 жылғы «5» қарашада өткен Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімі сайлауының қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссиялары, аудандық сайлау комиссиясының хаттамаларының негізінде Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы Кенжебеков Руслан Айтыкенұлы 1978 жылы туған, Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылының тұрғыны, сайлауға дейін Ақтоғай ауданының әкімі қызметін атқарған, 2023 жылы 5 қарашада өткен сайлау қорытындысы бойынша Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімі болып тіркеді.
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы