Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және 2, 3-тармақтарына сәйкес Ақтоғай аудандық сайлау комиссияның 2023 жылғы 18 қазандағы № 48 шешіммен әкімнің сайлауы 2023 жылдың 26 қарашаға тағайындалғаны туралы хабарлайды:
- Жидебай ауылдық округі әкімінің;
Жидебай ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді:
- әкімге кандидаттарды ұсыну 19 қазаннан басталып, 2023 жылғы 31 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.;
- әкімге кандидаттарды тіркеу 2023 жылғы 5 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы