Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ.

         Электрондық пошта мекенжайы: nacionalproekt503873@mail.ru

         Байланыс телефоны:  8/7212/50-38-73.

         Конкурстың нысанасы:  Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру.

           Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: «KEZEKTE.KZ» субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.

Өтінімді дайындау, құжаттарды жинау және ұсыну мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу орындары:

Ақтоғай ауданының кәсіпкерлері үшін: «Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 100200, Ақтоғай ауылы, Бөкейхан көшесі 19, электрондық пошта мекенжайы: aktogai_opp@mail.ru; байланыс телефоны: 8 (71037) 21327;

«Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасы және олардың Қарағанды облысының қалалары мен аудандарындағы филиалдары.

           Өтінімдерді ұсыну мерзімі: 2023 жылғы "4" қыркүйектен бастап 2023 жылғы "11" қыркүйекке дейін.

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің ресми сайтында танысуға болады: https:// https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-kasipkerlik/documents/1?lang=kk.

Конкурс өткізу туралы хабарландыру
Дата публикации
01 сентября 2023