Ақтоғай ауылы жергілікті қоғамдастық жиналысының
ХАТТАМАСЫ
Ақтоғай ауылы «14» тамыз 2023 жыл
Жиналысқа қатысқандар:
Ақтоғай ауылының әкімі К.Н.Болганбаев, әкім аппаратының бас мамандары, ардагерлер кеңесі және аналар кеңесінің мүшелері, ауыл тұрғындары, жергілікті қоғамдастық жиынының құрамы қатысты.
Жергілікті қоғамдастық жиынының құрамы:
Члены:
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
«Ақтоғай ауылының 2024-2026 жылдарға арналған бюджет бағдарламасының жобасын қарау туралы».
Күн тәртібі бойынша сөз сөйлегендер.
Ақтоғай ауылының әкімі - К.Болганбаев : Құрметті ауыл тұрғындарымен жергілікті қоғамдастық мүшелері! Рұқсат етсеңіздер, Сіздерге бүгінгі күн тәртібіндегі мәселе бойынша түсініктеме бере кетейін. «Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығымен бекітіліп, 5 институционалдық реформаларды жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98 қадамын іске асыру аясында «Ауылдық округ, ауыл, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін –өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілген болады» -деп атап көрсетілген. Жоғары да айтылған заңдылықтарға сүйене отырып 2024-2026 жылдарға арналған жергілікті бюджеттік бағдарламасының жобасын қарайық. Соған байланысты өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.
Жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы – Е.Керімбай:Құрметті қоғамдастық жиынының мүшелері мен жиынға қатысушылар! Ақтоғай ауылы бойынша 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасының жобасын талқылау үшін бас қосып отырмыз. Үстіміздегі жылдан бастап Ақтоғай ауылы бойынша тіркелген жеке тұлғалардың мүлік, жер, автокөлік салықтары өзіміздің ауылдық бюджетіне түседі, ауылымызды көркейтуге, пайдалы істерге жұмсайық.
Алдағы үш жылға ұсынылып отырған Ақтоғай ауылы бойынша 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасының жобасы мақұлдансын деген ұсынысым бар. Өз пікір, ұсыныстарыңызды айта отырыңыздар.
Жергілікті қоғамдастық жиынының мүшесі – Акжолтаев Марат: Ақтоғай ауылы бойынша 2024-2026 жылдарға арналған бюджет бағдарламасының жобасы мақұлдансын. Мен ауыл әкімінің ұсынысымен келісемін.
Жергілікті қоғамдастық жиналысы шешім етті:
Берілген дауыстар: «қолдаушылар» 7 адам; «қарсы» 0, қалыс қалушылар - 0.
Қабылданды : бір ауыздан
Жиналыс төрағасы: Е.Керімбай
Хатшы: С.Толеугулова