Нүркен ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысының
ХАТТАМАСЫ
Нүркен ауылы « 14 » тамыз 2023ж.
Жиналысқа қатысқандар.
Нүркен ауылдық округі әкімі Ж.Е.Кудайбергенов,әкім аппаратының бас мамандары А.Уйсымбаева, А.Совет ,Т.Татибеков ,ардагерлер кеңесі және аналар кеңесінің мүшелері, ауыл тұрғындары жергілікті қоғамдастық құрамы қатысты.
Жергілікті қоғамдастық құрамы:
КҮН ТӘРТІБІ
Күн тәртібі бойынша сөз сөйлегендер.
Нүркен ауылдық округі әкімі - Ж.Кудайбергенов:
Құрметті ауыл тұрғындар мен жергілікті қоғамдастық мүшелері мен
сіздерге бүгінгі күн тәртібіндегі мәселе бойынша түсініктеме бере кетейін рұқсат етсеңіздер. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес «Ауылдық округ,ауыл,кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін –өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілген болатын. Қазіргі күнде салықтан түскен түсімдерді өз ауылымыздың игілігіне пайдаланып отырмыз. Жоғары да айтылған заңдылықтарға сүйене отыр 2024-2026 жылдарға арналған жергілікті бюджеттік бағдарламасының жобасын қарайық. Соған байланысты өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.
Жергілікті қоғамдастық төрағасы – Шоканов Мұқтарбек Каримұлы
Құрметті қоғамдастық мүшелері мен жиынға қатысушылар! Нүркен ауылдық округі бойынша 2024-2026 жылдарға арналған бюджет бағдарламасының жобасы туралы бас қосып отырмыз. Округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың мүлік, жер, автокөлік салықтары өзіміздің ауылдық бюджетіне түседі, ауылымызды көркейтуге ,пайдалы істерге жұмсайық.
Алдағы үш жылға ұсынылып отырған Нүркен ауылдық округі бойынша 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасы жобасы мақұлдансын деген ұсынысым бар. Өз пікір,ұсыныстарыңызды айта отырыңыздар.
Бейсеков Ерболат –мүше, «Ұлан» шаруа қожалығы жетекшісі – Нүркен ауылдық округі бойынша 2024-2026 жылдарға арналған бюджет бағдарламасы жобасы мақұлдансын. Мен М.Шоқановтың ұсынысыммен келісемін.
Жергілікті қоғамдастық жиналысы шешім етті:
Берілген дауыстар: «қолдаушылар» 10 адам; «қарсы» 0 адам;
Қалыс қалушылар - 0 адам.
Қабылданды : бір ауыздан
Жиналыс төрағасы М.Шоканов
Хатшы Е.Смагулова