Қызыларай ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастықтың жиынын өткізу туралы Х А Т Т А М А

Қызыларай ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастықтың  жиынын өткізу туралы

Х А Т Т А М А  

 

Ақжарық ауылы.                                                                      23.08.2023ж.

 

Төрағалық етті: Қызыларай ауылдық округінің әкімі : С.А.Спанов  

Жиналысқа қатысқандар: Әкім аппаратының бас маманы А.Қайрат, С.Совет, Ш.Толепбекова,  әкім аппаратының статистигі А.Темирбекова , Ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Еркебаев,  жергілікті қоғамдастығының төрағасы Н.Мажманов, хатшысы К.Шанышкулбаев,  мүшелері,ауыл жастары, ауыл тұрғындары.

         

КҮН ТӘРТІБІНДЕ :

  1. Қызыларай ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджет жобасын қарау туралы.

 

Күн тәртібі бойынша сөз сөйлегендер.

 

Қызыларай ауылдық округінің әкімі С.А.Спанов:

2024-2026 жылдарға арналған бюджет жобасын қарауға ұсынамыз.

 

Жергілікті қоғамдастық төрағасы Ж.Акылбеков.

Былтырғы  жылдан бастап Ақтоғай ауданына қарасты барлық  ауылдық кенттер кіргеннін естігенбіз, халықпен тығыз жұмыс жасап, ауданымыздың дамуына үлес қосқанымыз дұрыс деп санаймыз. Салықтардан түскен қаржы есебінен елді мекендерді абаттандыру және қоғамдық түнгі қауіпсіздік ,елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау, ауылдың өмірін жақсартудан басқа да жұмыстарды атқарудағы қажеттіліктерін іске асыру мүмкіндігі туады. Сондықтан да бұл шешімді дұрыс деп есептеймін.

 

Қоғамдастық мүшесі С.Абдыкаримов.

Ауылды көркейтемін деген әкімге мол мүмкіндік пен еркіндік болып тұр. Соған орай, талап пен міндет те күшейеді. Қаржымыз  молайады, қаржымыз мол болу үшін жұмыс жасап  ауылымызды көтеруіміз қажет.

Менің ойымша барлық ауыл тұрғындары келіседі деген ойдамыз.

Жиналысқа қатысқандардың барлығы бір ауыздан  қолдады, қалыс қалған адам жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жергілікті қоғамдастықтың жиналысы шешім етті:

 

  1. Қызыларай ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджет жобасын қарауға «Қызыларай ауылдық округі әкімінің аппарты » мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
  2. Осы шешімнің орындалысын қадағалау Қызыларай ауылдық округінің әкімі С.А.Спанов жүктелсін.

 

 

Қарсы болғандар саны 0

Қалыс қалғандар саны 0

Қабылданды: Бір ауыздан

 

 

 

 

 

 

                      Жиналыс төрағасы:                          Ж.Акылбеков 

                      Жиналыс хатшысы:                         Н.Шакиров  

 

Собрания местного сообщества сельского округа Кызыларай ПРОТОКОЛ
Дата публикации
28 августа 2023