Қараменде би ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысының ХАТТАМАСЫ

Қараменде би ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысының

ХАТТАМАСЫ

 

Ақтас ауылы                                                                                  16 тамыз 2023 жыл

 

Жиналысқа қатысқандар

                                                                 

         Қараменде би ауылдық округі әкімі К.А.Азиров аппараттың бас маманы К.Е.Жакыпбеков,  ардагерлер кеңесі және ауыл тұрғындары жергілікті қоғамдастық құрамы қатысты.

Жергілікті қоғамдастық құрамы:

  1. Е.Мунайтбасов – төраға, «Нұршат» шаруа қожалығының жетекшісі
  2. К.Бажкеев – мүше, Ақтас ауылының тұрғыны
  3. С.Болғанбаев – мүше, С.Ибраев мектебінің ұстазы
  4. К.Жармағанбетова – мүше, С.Ибраев мектебінің ұстазы
  5. А.Имуханбетов – мүше, Айдын шаруа қожалығының мүшесі
  6. М.Бейсенбеков – хатшы, аппараттың бас маманы

Күн тәртібі:

Қараменде би ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетінің жобасы туралы

 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз сөйлегендер.

          ТЫҢДАЛДЫ:

                К.Азиров - /Қараменде би ауылдық округінің әкімі/: Құрметті ауыл тұрғындары  біз сіздерге ауылымыздың 2024-2026 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықтың үш жылға арналған  Бюджет кірісі: 2024 жылға-35 млн 000 мың; 2025 жылға -38 млн 674 мың; 2026 жылға – 38 млн 674 мың тенге көлемінде жоспарланып отыр.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қоғамдастық комиссиясының төрағасы Е.Мунайтбасов: Құрметті қоғамдастық мүшелері! Бүгінгі жиналып отырған жиналысымыздың басты мәселесі жергілікті қоғамдастық жиналысында 2024-2026 жылдарға арналған бюджет жобасын талқылаймыз.

  Сол себепті, Қараменде би ауылдық округі бойынша жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақша түсімдері мен шығыстар жоспарының жобасын қарастыру болып табылады.

2024-2026 жылға Қараменде би ауылдық округі  бойынша жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақша түсімдері мен шығыстарына жоспарлаған қаржының жобасын  мақұлдаймыз.

1.К.Жармағанбетов – С.Ибраев мектебінің ұстазы: Мен әрине    ұсынылған, 2024-2026 жылдарға  арналған бюджеттің жобасына толықтай келісемін, жобаға жергілікті қоғамдастық мүшелері бір ауыздан келісім береді деген ойдамын. Өз бюджетіміз өзімізде. Өзімізді өзіміз қамтамасыз ету керекпіз. Жоспарланған қаржы өз орнымен жұмсалып отырса, ауыл жақсарып қалады.Ұсыныс қабылдансын.

  1. А.Имуханбетов – Ақтас ауылының тұрғыны: 2024-2026 жылдарға арналған бюджетінің жобасы мақұлдасын, бір ауыздан келісеміз Ауылымызды көркейту үшін біз халық болып жұмыс жасауымыз қажет. Салық уақытылы төленуі тиіс.  Келісемін.

 

 

 

 

Жергілікті қоғамдастық жиналысы шешім етті:

 

  1. Қараменде би ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттің жобасы мақұлдансын.
  2. Осы шешімнің орындалысын қамтамасыз ету Қараменде би ауылдық округінің әкімі Қ.Азировқа жүктелсін.

 

 

 

Берілген дауыстар: Қолдаушылар – 8 адам. Қарсы болғандар саны – 0 адам. Қалыс қалушылар – 0 адам. Қабылданды: бір ауыздан.

 

 

       Жиналыс төрағасы                                        Е.Мунайтбасов

 

       Жиналыс хатшысы                                        М.Бейсенбеков

 

Собрания местного сообщества Карамендебийского сельского округа Протокол
Дата публикации
28 августа 2023