Сарышаған кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының ХАТТАМА № 3

  • Сарышаған кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының

ХАТТАМА № 3

Сарышаған кенті                                                               2023 жылғы "15" мамыр

Өткізу орны: "Сарышаған кенті әкімінің аппараты"ММ

Өткізу уақыты сағат:16.00

Кент әкімі: А. С. Тоимбеков ашады және жүргізеді.

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 23.01.2001 жылғы № 148 ҚР Заңын іске асыру мақсатында және Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 мамырдағы XXIV сессиясының № 217 шешімімен Ақтоғай ауданының ауыл, кент және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітілген регламентіне сәйкес Сарышаған кентінің жергілікті қоғамдастық жиыны өткізілді. Жиынға жергілікті қоғамдастық мүшелері шақырылды.

Жергілікті қоғамдастық мүшелері: Бижамбеков Сейфолла Закенович, Оспанов Трлик Исагулович, Мухашев Шинтас Базарбаевич, Смаилов Аблай Жексенгалыевич, Мурзагалиев Куандык Саятулы,  Ақын Алия Тебейқызы, Абиев Дулат Ерланович, Курманбеков Еркин Берикович, Совет Азамат Балтабекулы, Копесбаев Серик Ажитаевич, Джакупова  Алтын Быхтаевна, Медиев Серикбай Сыздыкович, Аргинова Арай Утегеновна, Кужантаев Куат Саятович, Акбергенова Аманкуль Кожантаевна.

Жиында дауыс беру құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны:  15 адам, жиынға қатысқандар: 18 адам.

Дауыс беру қорытындысы бойынша жиынның төрағасы З.С. Бижамбеков, хатшысы Ш.Б. Мухашев сайланды:

 

"Қолдағандар" 15 адам.

"Қарсы" адам жоқ

"Қалыс қалды" Адам жоқ

 

Күн тәртібі бекітілді:

Теміржол көшесіндегі жер учаскесін Сарышаған кентінің скверін салу үшін қайта қарау.

 

Жұмыс регламенті бекітілді:

  1. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша 10-15 минутқа дейін.
  2. Сөз сөйлеушілерге 5-10 минутқа дейін.

С. З. Бижамбеков сөз сөйледі: өздеріңіз білетіндей, Сары Шаған кентінде ауыл тұрғындарының демалуы үшін бірде-бір саябақ жоқ. Бастапқыда жаңа мектеп пен теміржол дүңгіршектері арасында саябақ салу жоспарланған болатын. Онда қоршау орнатылып, жер учаскесін тегістеу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді. Бірақ пойыздардың шуылына байланысты балаларға демалу және ойнау мүмкін емес. Сондықтан ол  жерге тал  отырғызып,  пойыз жолаушыларына орындықтар орнату керек. Ал  саябақ Абай көшесіне, трасса бойына көшірілсін. Біріншіден, бұл үлкен учаске орталықта орналасқан және шөппен қопсытылғаннан кенттің көрінісін бұзып тұр. Егер  саябақты сол жерге орналастырса, онда ауыл орталығы көркейеді және ересектер мен балалардың демалуына жағдай жасалады.

А. С. Тоимбеков сөз сөйледі: Жергілікті қоғамдастық саябақты Теміржол көшесіне салмай, Абай көшесіне ауыстыруға ұсыныс беріп отыр, ал Теміржол көшесіне саябақты орналастыруға ашық конкурс жарияланып, мамыр айының соңында мердігерлік ұйым айқындалады. "Сарышаған кенті әкімінің аппараты" ММ сметаға қоршау құрылғысы, жер учаскесін дайындау ретінде кейбір өзгерістер енгізеді, сметадан воркаут алаңының құрылымын және жасыл желектерді отырғызуды алып тастайды. Сондай-ақ, осы Хаттамаға сәйкес саябақтың орналасқан жерін Теміржол көшесінен Абай көшесіне өзгертеміз.

Шешім қабылданды:

  1. Саябақтың орналасқан мекенжайы Теміржол көшесінен Абай көшесіне өзгертілсін.
  2. Жұмыстың кейбір түрлерін қосу және алып тастау арқылы сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу. Осы шешімнің орындалуын қамтамасыз ету Сарышаған кентінің әкімі А. С. Тойымбековке жүктелсін.

 

"Қолдағандар" 15 адам.

"Қарсы" адам жоқ

"Қалыс қалды" Адам жоқ

 

Жиын өткізу бойынша ескертулер, ұсыныстар болған жоқ.

 

Жиынның төрағасы_______________________________ Бижамбеков С. З.

 

Жиынның хатшысы_____________________________Мухашев Ш.Б.

ПРОТОКОЛ №3 собрания местного сообщества поселка Сарышаган
Дата публикации
28 августа 2023