Жидебай ауылдық округі жергілікті қоғамдастықтың 2024-2026 жылдарға арналған бюджет бағдарлама жобасын қарау жиынның
ХАТТАМАСЫ
Сәуле ауылы № 11 «15» тамыз 2023 жыл
Өткізу орны: "Жидебай ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ
Өткізу уақыты: сағат: 10.00
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 23.01.2001 жылғы № 148 ҚР Заңын іске асыру мақсатында және Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы кезектен тыс сессиясының № 214 шешімімен Ақтоғай ауданының ауыл, кент және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітілген регламентіне сәйкес Жидебай ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиыны өткізілді.
Жиынға жергілікті қоғамдастық мүшелері шақырылды.
Жергілікті қоғамдастық құрамы:
КҮН ТӘРТІБІ:
2024 -2026 жылдарға арналған бюджет жобасы.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз сөйлегендер.
Тындалды: Жидебай ауылдық округі әкімі міндетін атқарушы А.Токтыбаев : Жидебай ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджет бағдарлама жобасын қарау.
"Қолдағандар" 7 адам.
"Қарсы" қарсы болған адам жоқ
"Қалыс қалды" қалыс қалған жоқ
Сөйлеушілер: Рысбек Әлиакбар: Біздің ауылдың бюджетін үш жылға жоспарлаймыз. Түскен қаражат толығымен игеріліп, қажеттіліктерге бағытталуы керек.
Дакенов Қайыр: Жоғарыда айтылған сөздермен келісемін. Ауылымызда атқаратын жұмыстар көп. Соларға жұмсалатын қаржылар жеткілікті болса болды.
Абдрахманов Тилек: Сәуле ауылына балалар ойын алаңын орнату қажет. Ауыл ішіндегі жолдар жөнделсе жақсы болар еді. Қалған елді мекендерде жасалып жатқан жұмыстарды қолдаймыз.
Жергілікті қоғамдастық мүшелері сөз сөйледі: ұсыныстармен толық келіседі. Жидебай ауылдық округі бюджетін дұрыс пайдалану қажет. Жоғарыда айтылған ұсыныстарға келісім береді.
Шешім етті:
"Қолдағандар" 7 адам.
"Қарсы" қарсы болған адам жоқ
"Қалыс қалды" қалыс қалған жоқ
Жиын өткізу бойынша ескертулер, ұсыныстар болған жоқ.
Жиынның төрағасы_______________________________ Ә. Рысбек
Жиынның хатшысы_____________________________ Г.Уйсынбаева