Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» ММ хабарламасы

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» ММ хабарламасы

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын  жалпы біліктілік  талаптары:

E-R-4 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

           

-Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда №14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

 

min

max

E-R-4 (А блогы)

226837

260564

 

«Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» ММ (100200,  Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосы, А.Бөкейхан көшесі, 4 үй;  анықтама телефоны: 8(710-37) 2-12-65; факс: 2-12-33; электрондық пошта: Aktogay_kadr@krg.gov.kz ең көп рұқсат етілген файл өлшемі 30 МБайт) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі» ММ-інің бас маманы, Е- R-4 санаты, №01-2-1, 1 бірлік (А блогы).

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес жоспарын дайындайды және мемлекеттік сатып алудың жұмысын жүргізеді. Тауарларды, жұмыс және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды дайындауға және өткізуге қатысады. Бөлінген қаржының белгіленген мақсаттарға пайдаланылуына жауапты. Бөлімнің бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, оның теңгеріміндегі ұйым мүлкінің сақталуын ұйымдастырады. Құрылыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жобаны өткізу бойынша ұсыныстарды және нұсқауларды дайындау. Құрылыс жүргізілетін объектілердің учаскелерін белгілеу жөніндегі жерге орналастыру органдарымен жұмысты ұйымдастыру. Түрлі объектілердегі құрылыстардың жүргізілуін бақылау. Объектілерді және кешендерді орналастыру бойынша аудан әкіміне ұсыныстар дайындау. Аяқталған құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу. Құрылыс жобалардың барлық түрлерін келісуін, әзірлеушілермен, салушылармен қала құрылыстық құжаттаманы, жұмысты орындаушылармен және объектілерді пайдаланушылармен инвестициялық қызметте рұқсат ететін құжаттамаларды ұсыну және мәлімдемелерді қарастыру. Жобаларды әзірлеу, соның ішінде жоспарлау, елді мекендерде, сонымен қатар адамның тіршілік жағдайы үшін қолайлы ортаны құрастыратын ескерткіштер және монументтерді, бөлек ғимараттар және құрылыстарды салу бойынша мемлекеттік жұмыстарды сатып алу конкурсын өткізуін ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау. Бөлімде «Е-қызмет» бағдарламасының жұмысына жауапты. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім «Техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру) немесе “Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес” мамандықтары бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы, статистика). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «құрылыс және коммуналдық шаруашылық» мамандықтары бойынша (үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану, құрылыс бұйымдары мен конструкциялар өндірісі) немесе “қызмет көрсету, экономика және басқару” мамандықтары бойынша (экономика (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), статистика) білімге рұқсат етіледі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Респубикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Занын және осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан–2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

         "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

 2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» MM (100200, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосы, А.Бөкейхан көшесі, 4 үй;  электрондық пошта: (Aktogay_kadr@krg.gov.kz (50МВ)) құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «E-gov» электронды үкімет порталы арқылы  құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге  жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» MM-де өтеді. Аталмыш лауазымға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурс комиссиясы бағалайды. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспауы керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сондай-ақ сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органныңжұмыскерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жарияланған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және маслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

 

           

            "____"_______________ 20__ ж. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б" корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

        орналасуға конкурс өткізу

            қағидаларының

                                                                  2-қосымшасы

                                                    Нысан

                                                                                            __________________________

                                                                                           __________________________

            (мемлекеттік орган)

Өтініш

      Мені __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

      Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын

      транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

                                                                                       (иә/жоқ)

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:      ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    

      Мекен жайы: _____________________________________________________________

      Байланыс телефоны: __________________________________

      e-maіl: ___________________________

      ЖСН: ___________________________

      _________ ___________________________

 

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

                 "___"_______________ 20 __ ж.

            "Б" корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

3-қосымшасы

            Нысан

 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /

фамилия, имя, отчество (при наличии) ФОТО

(түрлі түсті/ цветное,

3х4)

 

 

 

_______________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

 _______________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный

идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

  1. Туған күні және жері /

Дата и место рождения

 

  1. Ұлты (қалауы бойынша) /

Национальность (по желанию)

 

  1. Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /

Семейное положение, наличие детей

 

  1. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /

Год окончания и наименование учебного заведения

 

  1. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

  1. Шетел тілдерін білуі /

Владение иностранными языками

 

  1. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

  1. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

  1. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

  1. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

            Күні / Дата     қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /

должность*, место работы, местонахождение организации

 

қабылданған /

приема босатылған /

увольнения

 

 

 

 

 

 

 

_____________________

Кандидаттың қолы /

Подпись кандидата _______________

күні / дата

      * Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады.

 

 

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» ММ хабарламасы
Дата публикации
05 апреля 2022