АҚТОҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ШАБАНБАЙ БИ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМДІГІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ
2022 жылғы 25 наурызда Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «Ақтоғай ауданының Шабанбай би ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы» шешім қабылданды.
Ақтоғай ауданының Шабанбай би ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сейлханов Носергали Сейдыгалиулы сөз сөйледі.
2022 жылғы 12 наурызы мен 25 наурыз аралығында Ақтоғай ауданының Шабанбай би ауылдық округі әкімдігіне 3 кандидат ұсынылғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан - 1, өзін - өзі ұсыну тәртібімен - 2. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 3-і ер адам.
Кандидаттардың орташа жасы - 42 жас. Ең жас үміткер 34 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас - 48.
Мамандықтар бойынша: 2 – заңгер, 1 – орман шаруашылығы.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде: 2 мемлекеттік қызметкерлер, 1 бюджеттік ұйым қызметкері.
Қазіргі уақытта Шабанбай би әкімдігіне кандидаттарды тіркеу процесі жүргізілуде, тіркеу ағымдағы жылдың 30 наурызына дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмыстары жүргізілуде.
АҚТОҒАЙ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ