«Қатты пайдалы қазбалар ресурстарын бағалау мақсатында тау-кен массасын алу және топырақты жылжыту арқылы қатты пайдалы қазбаларды барлау» туралы өтініші бойынша ұсыныстар мен ескертулердің жиынтық кестесі
Жиынтық кесте жасалған күні: 23.02.2022 г.
Жиынтық кесте жасалған орын: Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Бұқар жырау к-сі. 47, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті РММ
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның атауы: Қарағанды облысы бойынша экология департаменті РММ
Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинау туралы хабарланған күн: 12.01.2022 г.
Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын беру мерзімі: 12.01-23.02.2022 г.
Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинақтау:
|
№ |
Мүдделі мемлекеттік орган |
Ескерту немесе ұсыныстар |
Ескерту немесе ұсыныс қалай ескерілгені немесе ескерту немесе ұсыныс ескерілмегені туралы мәліметтер |
|
|
«Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» ММ
|
Белгіленген қызметке қатысты осы мәселе бойынша ұсыныстар мен ескертулер жоқ. |
- |
|
|
«Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ
|
Белгіленген қызметке қатысты осы мәселе бойынша ұсыныстар мен ескертулер жоқ. |
|
|
|
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің" Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" РММ |
Белгіленген қызметке қатысты осы мәселе бойынша ұсыныстар мен ескертулер жоқ. |
|
|
|
«Балқаш-Алакөл су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясы» РММ
|
"Тұран Металс" ЖШС межеленіп отырған қызмет, қатты пайдалы қазбалардың ресурстарын бағалау мақсатында тау-кен массасын алумен және топырақты жылжытумен қатты пайдалы қазбаларды барлау. Геологиялық барлау жұмыстары блоктарының ауданы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында орналасқан, әкімшілік жағынан Балқаш қаласына жатады, бірақ Саяқ кентінен батысқа қарай 15 км жерде орналасқан және Саяқ Рудный ауданының орталық бөлігіне жататын "Батыс Берқара" және "Сарыбай" атаулары бар учаскелерді ғана қамтиды. Ауданы 23,5 ш. км. 10 блок шегінде нөмірлері бар: L-43-47-(10A-5б-20,23,24,25), L-43-47-(10A-5г-3,4,5), L-43-47-(10б-5а-16,21), L-43-47-(10б-5в-1). Жұмыстарды жүргізуге 2021 жылғы 17 ақпандағы №1224-ELм лицензияның болуы негіз болып табылады. Жер учаскесінің ахуалдық сызбасы жоқ, жергілікті жерге су объектісіне (бар болса) масштабта, сондай-ақ жер асты сулары қандай тереңдікте ашылған. Шаруашылық-тұрмыстық және технологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін тасымалданатын суды пайдалану көзделген. Ауыз су қажеттіліктері үшін ауыз су сапасындағы бөтелкедегі суды пайдалану қарастырылған. Технологиялық қажеттіліктер үшін жақын маңдағы елді мекенде шарт бойынша сатып алынатын техникалық су пайдаланылатын болады. Кәсіпорын жұмыстарды жүргізу алдында сумен жабдықтау көздерін жергілікті атқарушы органмен келісуді көздейді. Ең жақын ірі Балқаш көлі жұмыс учаскесінен 35 км қашықтықта орналасқан. ҚР Су кодексінің 125-бабы 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес су қорғау белдеуі шегінде: "жекелеген учаскелерді шалғындандыру, себу және ағаш отырғызу үшін жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және шөп қабатын бұзатын жұмыстар жүргізуге (оның ішінде жер жырту, мал жаю, пайдалы қазбаларды өндіру)"тыйым салынады. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 120-бабының 1-тармағына сәйкес "өндірістік қызметі жерасты суларының жай-күйіне зиянды әсер етуі мүмкін жеке және заңды тұлғалар жерасты суларының мониторингін жүргізуге және су ресурстарының ластануы мен сарқылуын және судың зиянды әсерін болғызбау жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға міндетті". ҚР Су заңнамасына сәйкес су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбалар мен басқа да ресурстарды өндіру, кабельдер, құбыржолдар және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, су объектілерінде немесе су қорғау аймақтарында бұрғылау және өзге де жұмыстар бассейндік инспекциялармен келісу бойынша жүргізілетінін қосымша хабарлаймыз. |
|
|
|
«ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ
|
"Туран Металс" ЖШС 12.01.2022 жылғы KZ59RYS00202524 қызметі туралы өтінішін қарастырып, келесені хабарлайды: "Қазақ орман орналастыру кәсіпорны" РМҚК 14.01.2022 ж. №01-04-01/1253 берген ақпаратқа сәйкес, «Жана Мыс» ЖШС KZ59RYS00202524 көрсетілген Қарағанды облысында орналасқан географиялық координаттық нүктелері ерекше қорғалатын табиғи аумақ пен мемлекеттік орман қоры аумағынан тыс жерде орналасқан. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593 Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабына сәйкес, Жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне, мекендейтiн ортасына, көбею жағдайларына және жануарлардың өрiс аудару жолдарына әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін болатын қызмет жануарлар дүниесінiң, олар мекендейтін ортаның сақталуы мен өсiмiн молайтуды және келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудi қамтамасыз етудiң талаптары, оның iшiнде экологиялық талаптар сақтала отырып жүзеге асырылуға тиiс. Сонымен қатар, Заңның 17-бабына сәйкес, Елдi мекендердi, кәсiпорындарды, құрылыстар мен басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, өндiрiстiк процестердi жүзеге асыру мен көлiк құралдарын пайдалану, қолданыстағы технологиялық процестердi жетiлдiру және олардың жаңаларын енгiзу, пайдаланылмаған, жағалау маңындағы, батпақты, бұта басқан аумақтарды шаруашылық айналымына енгiзу, жердi мелиорациялау, орман ресурстарын және су объектiлерiн пайдалану, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзу, пайдалы қазбаларды өндiру, ауыл шаруашылығы жануарлары жайылатын және оларды айдап өтетiн жерлердi белгiлеу, туристiк маршруттар әзiрлеу мен халықтың жаппай демалатын орындарын ұйымдастыру кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерi мекендейтiн ортаны және олардың көбею жағдайларын, жануарлардың өрiс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтау жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, сондай-ақ жабайы жануарлар мекендейтiн орта ретiнде ерекше құнды болып табылатын учаскелерге ешкiмнiң қол сұқпауы қамтамасыз етiлуге тиiс. Темiр жол, тас жол, құбыр тарту және басқа көлiк магистральдарын, электр беру және байланыс желiлерiн, арналарды, бөгеттердi және өзге де су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану, орналастыру, жобалау және салу кезiнде жануарлар мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтауды қамтамасыз ететiн іс-шаралар әзiрленiп, жүзеге асырылуға тиiс. Шаруашылық және осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер: 1) уәкілетті органмен келісім бойынша техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде осы Заңның 12-бабы 2-тармағының 2) және 5) тармақшалары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға арналған қаражатты көздеуге; 2) балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды уәкілетті органның ведомствосымен жасалған шарт негізінде балық шаруашылығы су айдындарына балық өсіру материалын жіберуді, уылдырық шашатын орындарды қалпына келтіруді, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясын, өсім молайту кешенінің инфрақұрылымын салуды немесе балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өсімін молайту жөніндегі қолданыстағы кешендерді реконструкциялауды, ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды, сондай-ақ өзендердің жайылмасы мен теңіз ортасында (рифтер) жасанды уылдырық шашу орындарын жасауды көздейтін іс-шараларды орындау арқылы, уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалатын мөлшерде өтеудің орнын толтыруға міндетті. Жоғарыда баяндалғандар негізінде, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, оның мекендеу ортасына және биологиялық саналуандылық бойынша белгіленген қызмет бойынша әсерін бағалауды өткізу керек деп санаймыз.
|
|
|
|
«Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Орталық Қазақстан өңіраралық департаменті» РММ
|
Белгіленген қызметке қатысты осы мәселе бойынша ұсыныстар мен ескертулер жоқ. |
|
|
|
Қарағанды облысы бойынша Экология Департаменті |
1. ҚР Экологиялық кодексінің 320-бабы 2-1-тармақтарының талаптарын ескеру қажет, Қалдықтарды жинақтау орындары: 1) қалдықтарды жинау (мамандандырылған ұйымдарға беру) немесе осы қалдықтар қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларға ұшырайтын объектіге оларды өз бетінше әкету күніне дейін алты айдан аспайтын мерзімге қалдықтарды түзілген жерінде уақытша жинап қоюға; 2) пайдаланудан шыққан көлік құралдарын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, қауіпті емес қалдықтар қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларға ұшырайтын объектіге оларды әкету күніне дейін үш айдан аспайтын мерзімге қауіпті емес қалдықтарды жинау процесінде уақытша жинап қоюға (контейнерлерде, қайта тиеу және сұрыптау станцияларында); 3) қалдықтар қалпына келтіруге немесе жоюға жіберілгенге дейін алты айдан аспайтын мерзімге осы қалдықтар қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларға ұшырайтын объектіде оларды уақытша жинап қоюға арналады. Пайдаланудан шыққан көлік құралдары және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы үшін оларды жинау процесінде уақытша жинап қою мерзімі алты айдан аспауға тиіс; 4) тау-кен өндіру және тау-кен қайта өңдеу өндірістерінің қалдықтарын, оның ішінде металлургия және химия-металлургия өндірістерінің қалдықтарын олар қалпына келтіруге немесе жоюға жіберілген күнге дейін он екі айдан аспайтын мерзімге түзілген жерінде уақытша жинап қоюға арналады.
|
|
Басшы Қ. Мұсапарбеков
Исп. Д.Жаутиков