2026 жылғы 24 мамырда өткен сайлауда сайланған Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Кежек, Тасарал ауылдық округтерінің және Шашубай кентінің әкімдерін тіркеу туралы Ақтоғай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9 тармақшасына, 45-бабына, 113-11 бабының 1 - тармағына сәйкес, 2026 жылдың 24 мамырда өткен Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Кежек, Тасарал ауылдық округтерінің және Шашубай кентінің әкімдерін сайлау қорытындылары туралы учаскелік, аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларының негізінде Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Кежек, Тасарал ауылдық округтерінің және Шашубай кентінің сайланған әкімдерін Ақтоғай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы тіркеді.

Кежек ауылдық округі бойынша:
Кежек ауылдық округінің әкімі болып Күлшікенов Нариман Нұрланұлы тіркелді, 1982 жылы туған, сайлауға дейін Қарағанды облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалы, Ақтоғай ауданының тіркеу және жер кадастры бөлімі, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі, халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы қызметін атқарған, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылының тұрғыны. (тіркелген күні: 26.05.2026 жыл).

Тасарал ауылдық округі бойынша:
Тасарал ауылдық округінің әкімі болып Мәкенбаев Мейірбек Әзімханұлы тіркелді, 1970 жылы туған, сайлауға дейін Кежек ауылдық округі әкімі қызметін атқарған, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Кежек ауылдық округі, Ақша ауылының тұрғыны. (тіркелген күні: 28.05.2026 жыл).

Шашубай кенті бойынша:
Шашубай кентінің әкімі болып Мангишев Нариман Жанатұлы тіркелді, 1989 жылы туған, сайлауға дейін Шашубай кентінің әкімі қызметін атқарған, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Шашубай кентінің тұрғыны. (тіркелген күні: 29.05.2026 жыл).

Ақтоғай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

2026 жылғы 24 мамырда өткен сайлауда сайланған Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Кежек ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы Ақтоғай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
Дата публикации
26 мая 2026