Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Кежек, Тасарал ауылдық округтерінің және Шашубай кентінің әкімдерін сайлау қорытындысы туралы хабарламасы

2026 жылғы 24 мамырда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Кежек, Тасарал ауылдық округтерінің және Шашубай кентінің әкімдерінің сайлауы өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес және Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Кежек, Тасарал ауылдық округтерінің және Шашубай кентінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Ақтоғай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы келесі сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Кежек ауылыдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 134 сайлаушы енгізілді. Дауыс беруге – 120 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 0 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ахметов Ерлан Курмашовичқа – 12 сайлаушы дауыс берді;

Кульшикенов Нариман Нурланулына – 93 сайлаушы дауыс берді;

Күмісбек Нұрбол Кәукербекұлына – 15 сайлаушы дауыс берді.

«Бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 0.

Сайлау қорытындысы бойынша Ақтоғай ауданының Кежек ауылдық округінің әкімі болып 1982 ж. туған, басшы, Қарағанды облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалы, Ақтоғай ауданының тіркеу және жер кадастры бөлімі, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі, халыққа қызмет көрсету орталығы, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылының тұрғыны Кульшикенов Нариман Нурланулы сайланды.

 

Тасарал ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 197 сайлаушы енгізілді. Дауыс беруге – 173 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 0 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жакыпбеков Канат Есентайулына – 19 сайлаушы дауыс берді;

Кенжебекова Актолкын Кебековнаға – 13 сайлаушы дауыс берді;

Мәкенбаев Мейірбек Әзімханұлына – 141 сайлаушы дауыс берді.

«Бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 0.

Сайлау қорытындысы бойынша Ақтоғай ауданының Тасарал ауылдық округінің әкімі болып 1970 ж. туған, Кежек ауылдық округі әкімі қызметін атқарған, «Кежек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Кежек ауылдық округі, Ақша ауылының тұрғыны Мәкенбаев Мейірбек Әзімханұлы сайланды.

 

Шашубай кенті бойынша сайлаушылар тізіміне 1635 сайлаушы енгізілді. Дауыс беруге – 621 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 45 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Елеген Шыңғыс Мұратұлына – 11 сайлаушы дауыс берді;

Мангишев Нариман Джанатовичқа – 568 сайлаушы дауыс берді;

Татибеков Тимур Сейлханулына – 18 сайлаушы дауыс берді.

«Бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 8.

Сайлау қорытындысы бойынша Ақтоғай ауданының Шашубай кентінің әкімі болып 1989 ж. туған, Шашубай кентінің әкімі, «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы  Шашубай кенті әкімінің аппараты» ММ, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Шашубай кентінің тұрғыны Мангишев Нариман Джанатович сайланды.

 

Ақтоғай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
25 мая 2026