Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәдениет

     2023 жылы мәдениет саласы бойынша атқарылған жұмыстар мен алдыда тұрған міндеттер туралы

 Ақтоғай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша – 41 мәдени объекті бар. Атап өтсек, 1 мәдениет үйі, 18 клуб үйі; 18 кітапхана; 2 «Зерде» бейнемобилі; 1 мұражай; 1 саябақ.  

Аудан бойынша балалар мен жастардың және ересек тұрғындардың уақытын тиімді әрі пайдалы өткізу, жастар арасында қоғамдық-рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында аудандық мәдениет үйі мен ауылдық клуб үйлерінде би, домбыра, көркемсөз, қолөнер және тағы басқа үйірмелерден дәрістер беріледі. Бүгінгі таңда Ақтоғай мәдени бос уақыт өткізу орталығы және осы кәсіпорынға қарасты ауылдық клуб үйлерінің жандарында 14-18 жас аралығы бойынша-48,жастар арасында-11, орта жас ерекшелігі бойынша-11, ересектер арасында-1 және аралас жас ерекшеліктері бойынша-8 үйірме, барлығы 79 үйірме жұмыс жасайды. Жалпы қатысушылар саны 1835 адам.

2023 жылы жыл басынан мәдениет саласы бойынша атқарылатын                  іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес барлық атаулы күндерде мерекелік шаралар ұйымдастырылды.

Жыл басынан 680  мәдени шара өткізіліп, оған 72,2  көрермен қамтылды.

Қаңтар айында «Сарыжайлау»  халықтық  ұлт  аспаптар ансамблінің  «Ауыл  кеші  көңілді»  атты  шығармашылық  концерті  өтті.

«Алғыс  айту»  күні  мерекесіне  орай  мәдениет  үйінде «Туған елге  мың  алғыс»  атты  мерекелік концерті өткізіліп, мерекеге орай әлеуметтік желіге түрлі мамандық иелері құттықтау жолдады.

Наурыз айында  халықаралық  әйелдер  күні  мерекесіне  орай  аудандық  мәдениет  үйінде «Ана  өмір  шуағы»  атты мерекелік шара ұйымдастырылды.  Сонымен қатар, наурыз айында Дәуренбек  Әркеновтің  ұйымдастырумен  жыл  сайын дәстүрлі  түрде  өтетін  «Ән  керуен»  атты  жергілікті  сазгерлердің  туындыларына  арналған  ән  кеші  өтті.

Ұлыстың  ұлы  күні наурыз  мерекесіне  орай  Ақтоғай  мәдени  бос уақыт өткізу орталығының ұйымдастыруымен «Армысын әз наурыз» атты  театрландырылған  қойылыммен  ауыл  халқына  концерттік  бағдарлама  ұсынды. 

Қазақстан  Халқының  бірлігі  күніне  арналған  «Бірлігіміз  жарасқан»  атты  орталық «Алаш»  алаңында  «Арман»  эстрадалық  ансамблінің мерекелік  концерті  өтті.

Аудандық  мәдениет  үйінде «Отан  қорғаушылар»  күніне  арналған                  «Ер-есімі –ел  есінде» атты  «Арман» эстрадалық ансамблі мен «Балбырауын»  би  ұжымдарының  мерекелік  концерті  өткізілді.

2023 жылдың мамыр айында Астана  қаласында Қазақстан Республикасының  Еңбек  озаттарын марапаттау  рәсімі  өтті. Аталған шараға ауданымыздан  Ақтоғай  мәдени  бос уақыт өткізу  орталығының   екі қызметкері шақырылып, «Қазақстан  Республикасының  Еңбек  озаты»  атты  төс  белгісімен  және  арнайы I - дәрежелі  дипломмен марапатталып  қайтты.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай орталық саябақта балаларға арналған мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылып, мерекелік концерт, көрмелер мен түрлі сайыстар, спорттық ойындар т.б балаларға арналған шаралар өткізілді.

Жаз айларында «Мемлекеттік рәміздер» күні, «Аналар күні» мен «Әкелер күні» және «Ұлттық домбыра» күні аталып өтті.

Мәдениет үйінде «Абай» күніне арналған «Дана Абай - дара Абай» атты әдеби музыкалық танымдық кеші өткізіліп, кеште «Арман» эстрадалық ансамблі, «Балбырауын» би ұжымыдары өнер көрсетті.

Желтоқсан айында Ақтоғай ауданына Халықаралық, Республикалық ақындар айтысының лауреаты, "Алтын домбыра" иегері, жерлесіміз                    Ақанов Мақсат Асылмұратұлы келіп, мәдениет үйінде ақынның халықпен кездесу кеші өтті. Аталмыш шарада "Тоқырауын толқындары" халықтық                     ән-би ансамблінің әншілері ән шашуларын жолдап, кеш соңында                         Мақсат Асылмұратұлы ауданымыздың "Құрметті азаматы" төс белгісімен марапатталды.

Мәдениет үйінде "Сарытерек сазы" Жакуповтар отбасылық эстрадалық вокалды инструменталды ансамблінің шығармашылық кеші өтті. Кеш барысында 80-90 жылдарындағы, заманауи әндер шырқалып, концерт соңында ансамбльдің өнеріне арнайы аудан әкімінің алғыс хаты табысталды.

Өңірімізде өткен байқауларға тоқтала кетсек;

Ақпан айында аудандық  мәдениет  үйінде «Жаңа  Қазақстан: Жаңғыру  мен   жаңару»  аясында  «Жас  қанат -2023»  аудандық   байқауы  өтті. Байқауға  кент, ауылдық  оқругтерден  18-30  жас  аралығындағы  орындаушылар  қатысып,  жүлделі  орындарға  ие  болды.

 Наурыз айында «Өнерім -өмірім»  атты  әжелер  байқауы  өтті. Байқауға  әр  ауылдық  округтерден үміткерлер қатысып, өз өнерлерін көрсетті. 

Мамыр айында  «Жаңа  есімдер -2023» аудандық  балалар  байқауы  өтті. Аталмыш  байқауға  кент, ауылдық  округтерден 8-12 жас  және 13-16 жас  аралығындағы  балалар  қатысты.

Аудандық мәдениет үйінде шілде айында күміс көмей, жезтаңдай әнші Асылмұрат Аханов атындағы "Ақ қайың" атты аймақтық дәстүрлі әншілер байқауы өтті. Байқауға Балқаш қаласы, Қарқаралы, Шет, Ақтоғай аудандарынан дәстүрлі әншілер келіп қатысып, байқау қортындысы бойынша Тұрған Түсіпбаев, Дәртай Садуақасов, Қуат Қожамбаев, Бегендік Аханов, Төлеу Аяғанова сияқты арнайы өнер адамдары атындағы жүлделермен марапатталды.

Тамыз айында ІІ аудандық "Балауса-балдырған" атты балалар ән байқауы өтті. Байқауға әр кент, ауылдық округтен 5-8 жас аралығындағы жас өнерпаздар қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

Жерлестеріміз бен өнерпаздарымыз аймақтық, облыстық байқаулар мен фестивальдерге қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, ел ықыласына бөленуде.

Ақпан айында  Жаңаарқа  ауданында  өткен  Ақмарал  Әлтаева  атындағы  IV  аймақтық  «Арқа  аруы-2023»   байқауына  Ақтоғай  ауданы атынан   жерлесіміз қатысып,   I  орынды иеленіп  қайтты.

Наурыз айында алғыс  айту  күніне  арналған  балалар  арасында ұйымдастырылған облыстық  «Туған  еліме  мың  алғыс»  атты  патриоттық  әндер  байқауына ауданымыздың атынан Тораңғалық,  Үшарал,  Кежек  ауылынан  өнерпаздар қатысып,  дипломант  атанды.

Сәуір айында Қарағанды  қаласында  сатирик  Мартбек  Тоқмырза  атындағы  «Жымиясың,  сен,  неге?»  атты  облыстық  әзілкештер фестиваль-байқауына  Ақтоғай ауданы  атынан  Шабанбай  би  ауылының  «Шалқар» халық  тетрының  режиссеры  «Әзілге  толы  әңгіме»  номинациясы   бойынша  өз  өнерін көрсетіп, жүлделі III орынды  иеленіп қайтты.

Қарағанды қаласында халықаралық балаларды қорғау күніне орай ІХ облыстық «Жаңа есімдер» байқауы өтті. Байқауға Ақтоғай ауданынан вокал, көркемсөз, хореография жанрлары бойынша өнерпаз балалар қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленсе, би топтары арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Ұлытау облысында өткен Республикалық ХХХІ дәстүрлі «Ұлытау үні»   фестивалі аясында өткен, Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығына арналған дәстүрлі ән орындаушылар байқауына Ақтоғай ауданынан  дәстүрлі әнші Өмірғалы Мадияр қатысып дипломант атанды.                                                  

Қыркүйек айында Қарағанды қаласында "Өнерім-өмірім" атты облыстық ата-әжелер өнер байқауы мен "Қазыналы қария" атты қалалық байқауына жерлесіміз қатысып, бас жүлдемен марапатталды.

Тараз қаласында Кенен Әзірбаев атындағы "Шырқа, даусым"                            XI Республикалық дәстүрлі әншілер байқауына ауданымыздың атынан жерлесіміз қатысып, жүлделі II орынды иеленіп қайтты.

"АРТ ЭМПАЙР" Балалар филармониясының ұйымдастыруымен Алматы қаласында республикалық балалар шығармашылығына арналған "Бала фест" жобасы өтті. Аталмыш жобаға Ақтоғай ауданының атынан, Шашубай кенті клуб үйінің "Самал жел" хореографиялық ансамблі қатысып, жүлделі                  І орынды иеленді.

Қазақтың ерекше халық шығармашылығы мен қолөнерін сақтау жаңғырту және дәріптеу мақсатында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен "Ортеке" шеберлері мен орындаушыларының "Руханият" облыстық этнофестивалі өтті. Аталған этнофестивальге ауданымыздан өнерпаздар қатысып, жүлделі орындармен оралды.

Мәдениет  саласында «халықтық» атағы бар 5 ұжым - «Тоқырауын толқыны» халықтық ән- би ансамблі, «Ақтоғай» халықтық театры, «Шалқар» халықтық театры, «Сарыжайлау» ұлттық аспаптар оркестрі және «Балбырауын» халықтық би ансамблі халыққа қызмет етеді.

Халықтық ұжымдардың жұмыстарына тоқтала кетсек,

1975 жылдан бері «Тоқырауын толқындары» халықтық ән-би ансамблі тұрақты жұмыс жасап келеді. Қазіргі таңда ансамбль репертуары халықтық әндермен қоса жергілікті сазгерлердің әндерімен және лирикалық, патриоттық әндермен бірге жаңа әндермен толығуда. Жыл сайын өнерпаздар қосылып, шығармашылықтарын арттыруда.

 «Ақтоғай» халық театры қазіргі заман талабына сай еңбек жасап жатқан өнер ұжымы. Жыл сайын жаңа қойылымдар қойып, репертуарын жаңартуда. Қазіргі уақытта 42 қатысушысы бар және үнемі өз құрамына жас таланттарды тартып отырады. 2023 жылы «Жаңа  жылдың - жаңа  жыры»  атты  балалар ертенгілігінде композициялық қойлым ұсынып, балалар мен бүлдіршіндердің көңілін таба білді. Сондай-ақ, сәуір айында «Табалдырығыңа табын» қойылымын және «Балалар күні» мерекесі қарсаңында балаларға базарлық жасап, қызықты қойлымдар ұсынды. Жалпы театр ұжымы өткізілетін  мәдени шараларға арнайы көріністермен тұрақты қатысып отырады.

«Шалқар» халық театры өткен жылда өз жұмысын жоспарға сай жалғастырып, көрермендер назарын аулай білді. 2023 жылы драматург Жолтай Әлмашұлының 2 бөлімді  «Үшінші ұл»  атты трагедиясын көрермендер назарына ұсынды. Сонымен қатар, «Сазды ауылдың берекелі бірлігі» атты қойылымын қойды. Алдағы уақытта театр ұжымы жұмыстарын жоспарға сай жалғастырып, жаңа қойылымдар ұсынатын болады

«Сарыжайлау» ұлт аспаптар ансамблі 2023 жылы да аудан басында өткізілген барлық мәдени-көпшілік шараларға белсене атсалысып, көрермендер назарына өз өнерлерін көрсетті. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әр түрлі тақырыптарда іс-шаралар ұсынып, көрермендер назарын аулай білді.  

 «Балбырауын» би ұжымы да өз жұмысын тұрақты жалғастырып, талантты да талапты бишілерді дайындап шығаруда. Қазірігі уақытта ансамбль репертуарында 32 би түрі бар. Қазақ халқының билерінен басқа өзбек, ұйғыр, грузин секілді басқа да ұлттардың билері қамтылған. МТБ-сы жақсы жолға қойылған. Бүгінгі күні ансамбль жас ерекшеліктері бойынша                3 топпен жұмыс атқарады.

КМҚК Ақтоғай мәдени бос уақыт өткізу орталығы жанындағы «Зерде» бейнемобилі 2023 жыл бойы 20 мәдени шара өткізіп, 900 көрермен  қамтылды. Жоспарға сай барлық клуб үйі жоқ елдімекендерді аралап, жоспарға сай ауыл тұрғындарына концерттік бағдарламалар ұсынды.

Жыл сайын мәдениет саласының материалдық техникалық базасына баса назар аударылып, тиісті жабдықтармен уақытылы толықтырылып отырылатын. 2023 жылы аталған бағытта керекті қаражаттарға сұраныс берілген болатын, алайда, сұранысымыз қанағаттандырылмай, биылғы жылдың жоспарына енгізілді. Алдағы уақытта  материалдық техникалық базаны толықтыруға сұраныстар беріліп, тиісті жұмыстар тұрақты бақылауда болады.   

2023 жылы Ортадересін ауылдық  клуб  үйіне 4 млн 900 мың теңгеге ағымдағы  жөндеу  жұмыстары жүргізіліп, жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

Мәдениет бөлімі бойынша «Ұлттық рухани жаңғыру» Ұлттық жобасы аясында 2 жоба (Нарманбет клуб үйінің күрделі жөндеу жұмыстары және «Оқитын ұлт» жобасы) жүзеге асырылуда. Аталған жобалар «Еаsy Project» жобалық басқару жүйесіне енгізіліп, жобалардың орындалысы туралы ақпарат тұрақты түрде салынуда.

Қазіргі уақытта «Оқитын ұлт» жобасы бойынша жұмыстар толық аяқталды, ал,  Нарманбет клуб үйінің күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жұмыстар өз жалғасын табуда. Бұл бағдарламалық платформа жұмыстарды тиімді жүргізіп, бастамалар мен жобаларды басқаруға жаңаша мүмкіндік беруде. Алдағы уақытта жөндеу жұмыстары секілді жобалар мен өзгеде жұмыстар «Easy Project» платформасында орындалып, өз жалғасын табатын болады.  

Ақтоғай ауданы бойынша кітапханалар саны - 18. Оның ішінде                          1 аудандық кітапхана, 1 балалар кітапханасы, 5 үлгілі кітапхана, 11 ауылдық кітапханалар халыққа қызмет көрсетеді.

Орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша кітап қоры 237 129 дана, оның ішінде қазақ тіліндегі кітаптар саны 156 361 дана. Электронды  каталог  жазбалары- 612, оның  ішінде библиографиялық  жазба- 272 және кітаптар-340 жазба.

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі барлық әлеуметтік желілерге тіркелген және атқарылған жұмыстарды үнемі жариялап отыратын өздерінің жеке сайты, Facebook, Instagram парақшалары мен Youtube каналы жұмыс жасайды. Сайт бойынша 9 378 қаралым, Facebook- 7 751 қаралым.

Орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша «Қазақтелеком»                      АҚ ADSL Мегалайн қызметі арқылы барлық кітапханалар интернет желісіне қосылған.

Барлық ауыл кітапханаларының 12 ауыл әкімшілік ғимаратының ішінде және 4 клуб үйлері ғимаратының ішінде орналасқан.

2023 жылы кітапхана жүйесі бойынша дәстүрлі – 647 іс-шара,                 онлайн- 116 іс-шара өткізілді.  

Аудандық кітапханада Халықаралық, республикалық ақындар айтыстарының жүлдегері, қазақтын  сары тентегі атанған, ақын, айтыстың майталманы, суырып салма ақын  Қуаныш Мәжкенұлы Мақсұтовтың                          60 жасқа толған мерей тойына арналған «Құт» кітабының тұсау кесері  өтті.

Жерлесіміз «Арқа  еңбеккері» газетінің редакторы болған, Ақтоғай ауданының абыз ақсақалы Қасым Орынбетов жайлы жазған қызы, Қазақстанының құрметті журналисті Мақпал Орынбетованың «Әкем айтады» атты кітабының тұсау кесері өтті.

Кітапханалар  жанынан балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі үйірмелер жұмыс жасап келеді. 2023 жылы «Бояулар сыры», «Сырғалым»,  «Сиқырлы аппликация» атты 3 үйірме ашылды.

2023 жылы Шашубай кент кітапханасында мобильді стандарт бойынша жабдықталған балаларға арналған «Коворкинг» орталығы  ашылды.

Кітапхана жүйесі барлық атаулы күндер мен мерекелік шараларға орай әр түрлі тақырыптарда дөңгелек үстелдер мен кітап көрмелерін  және әдеби, музыкалық кеш секілді көпшілік іс-шараларды тұрақты ұйымдастырып отырады.

2023 жылы кітапханалардың материалдық техникалық базасын нығайтуға 7 млн теңге қаржы қаралды.  3 млн 500 мың теңге қаржы жаңа кітаптар сатып алуға жұмсалса, 3 млн 500 мың теңге мерзімді басылымдарға жазылу жұмыстарына жұмсалды

Алдағы уақытта мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша жас мамандарды тарту, халықтық ұжымдардың гастрольдік сапарының аясын кеңейту, үлгілі кітапханалар қатарын көбейту, коворкинг орталығын ауыл кітапханаларынан ашу мүкіндіктерін қарастыру  және мәдениет саласының қызметін арттыру бағытындағы жұмыстарды одан әрі жандандыру  міндеттері  тұр.

 

 

Документы
Ақпарат
21 февраля 2023
«Ақтоғай аудынының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
Халықаралық музей күні!
Ақпарат
21 февраля 2023
«Ақтоғай аудынының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
"Жас қанат-2023"
Ақпарат
04 ноября 2022
Мәдениет үйінде 8-14 жас аралығында аудандық “Балдәурен” балалар байқауы өтті.
Новости
Полезные материалы
Мәдениет
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Мен 20.06.1940 жылы Қоңырат ауданы Пушкин атындағы ұжымшарда туылғанмын. Әкем Рақымов Қызылбай 1941 жылдың желтоқсан айында Ұлы Отан соғысына туған ағасы Рақымов Ақбай екеуі соғысқа аттанып, содан екеуі де оралмады. Аудан орталығындағы «Тарихи тағылымы» саябағына Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандармен хабарсыз кеткен боздақтардың есімдері жазылған мемориалдық тақтада әкемнің туған ағасы Рақымов Ақбайдың есімі қате жазылған, содан 07. қазан 2019 жылы өзіңіздің атыңызға өтініш жазған болатынмын. Сіздің орынбасарыңыз А.Аманжоловтан 06.11.2019 жылы жазған қатынас қағазын алған болатынмын (06.11.2019 жылы қатынасының көшірмесін өтінішке қоса тіркедім). Содан бері жарты жылға уақыт болды еш өзгеріс жоқ. Сізден сұрарым әкемнің ағасы Рақымов Ақбайдың мемориалдық тақтадағы есіміне байланысты қатесі түзетіліп жазылуына көмек жасауыңызды сұраймын.

«Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің тарапынан Ақтоғай ауылындағы «Тарих тағылымы» саябақ аумағында орналасқан «Ұлы отан соғысында қайтыс болғандар мен хабарсыз кеткен боздақтарға» арналған мемориалды тақтада есімі белгілі себептермен қате жазылған тұлғаның аты-жөнін түзетіп қайта жазу бойынша жұмыстар ақаулы мәлімдеме актісін жасау арқылы жүргізіледі. Аталған мәлімдемеден кейін ауыл әкімдігінің биылғы жылдың үнемді қаржы есебінен сметалық құжаттамалар дайындалып, жоғарыдағы кемшіліктің орны толықтырылып гранит тасқа есімдерді қайта жаңартылып жазылады.

 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы