Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
ТКШ

АУЫЗ СУ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША

 

Аудан төңірегіндегі 36 елді мекеннің 17-сы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген, бұл 47 %-ды құрайды. Ауыз су және кәріз жүйесіне қызмет көрсетуді 3 серіктестік «Ақтоғай Су», «Ақтоғай Энерго» және «Ақтоғай энерго серіктестігінің Шашубай кентіндегі филиалы» жұмысын жүргізуде, жарғылық капиталдары 100 пайыз мемлекетке тиесілі.

Тұтынушыларды сапалы және үздіксіз ауыз сумен, кәріз жүйесінің қызметімен қамтамасыз ету үшін бөлімде «ауыз судың және кәріз жүйесінің» қызметі атты арнайы  бюджеттік бағдарлама белгіленген.

Аудан көлемінде ауыз су жүйесінің жалпы ұзындығы 139 шақырымды құраса, оның ішінде магистралдық желі 36 шақырым, кварталішілік желі 103 шақырымға тең. Орташа тозу көрсеткіші 53,15 пайызға тең.

Кәріз су желісімен Сарышаған және Шашубай кенті қамтамасыз етілген, желілердің жалпы ұзындығы 23,42 шақырымды құрайды.

Желілерге 100 пайыз мемлекеттік үлеспен «Ақтоғай Энерго» серіктестігі қызмет көрсетеді. Тозу көрсеткіші 47 пайызға тең.

Ағымдағы жылы ауыз су және кәріз жүйесіне қызмет көрсету бағдарламасы арқылы жалпы соммасы 69,7 млн.тенге қаражат қарастырылып, келесі жұмыстар атқарылды:

Ортадересін ауылының сорғы станциясына 1,95 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2 дана Педролло маркалы сорғы құрылғылары, диаметрі 50 мм құрайтын 25 метр ұңғыма құбыры, автоматтары, пускательдері ауыстырылды.

Сарышаған кентіне 11,9 млн.теңгеге 4-ші су тұщыландыру контейнері сатып алынып, 20 дана мембраналар ауыстырылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кенттің су сорғы станциясына 5,75 млн.теңгеге 250 метрлік су құбыры ауыстырылып, 37 кВт сорғы құрылғысы орнатқыштарымен бірге сатып алынып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кәріз сорғы станциясындағы сорғы құрылғысына 3,4 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізіліп, 2дана 30кВт сорғы құрылғысы сатып алынды. Жаз мезгілінде кентте су тапшылығы байқалуына байланысты жазғы суару жүйесінен мұнараға дейінгі 600 метр аралыққа су құбыры тартылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Шашубай кентінің кәріз сорғы станциясына 1,76 млн.теңгеге 2 дана сорғы құрылғысы (15 кВт және 45 кВт) сатып алынып, сорғыларды ағымдағы жөндеу және орнату жұмыстары жүргізілді.

Аталған кенттің су қоймасына 9,2 млн.теңге су қоймасын тазарту, электр жарық шамдарын орнату, су қоймасын қоршаубойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Тасарал ауылының су тазарту контейнері мен су құбыры желілеріне 2,58 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2 дана су құдығы орнатылды.

 

АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ

 

Аудан төңірегінде облыстық маңыздағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 296 шақырым, аудандық маңыздағы автомобиль жолдары – 423.4 шақырымды, кент ішілік автомобиль жолдарының ұзындығы – 188 шақырымды құрайды.

Ағымдағы жылға «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде Шашубай кентінен 1 жоба және Сарышаған кентінен 4 жобаға жалпы соммасы 279.5 миллион тенге қаржы қаралған. Сарышаған кенті бойынша мердігер ұйым «Нурстройгарант» ЖШС-мен  Абай, Балқаш, 3 ықшамаудан, Мектеп  көшелеріне асфальт жабыны салынды. 

Шашубай кенті бойынша келісім  шарт 143,0 млн.теңгеге екі жылға жасалып, мердігер  «Лидер Строй групп» ЖШС – мен жұмыс бастау алған. 

Сонымен қатар аудандық маңыздағы «Ақтоғай –Шылым-Ақжарық» автомобиль жолының 53-63 шақырымын орташа жөндеуден өткізу үшін  сметалық құжаттама әзірленіп, 476,0 млн.теңге өтінім берілген, алайда  188,0 млн.теңге бөлініп мердігер «Райс КЗ» серіктестігімен  жұмыс бастау алған. 

Автомобиль жолдарының үздіксіз қызмет етуі үшін аудандық бюджет есебінен автожолдарды күтіп ұстау мақсатында 60 млн.теңге қаражат қарастырылған. Аталған қаржыға 423,4 шақырымды құрайтын аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын қысқы, жазғы күтіп ұстау, ағымдағы жөндеу жүргізу жұмыстары жүргізілді. «Ақтоғай-Шылым-Ақжарық», «Ақтоғай -Ақтас», «Нарманбет-Айырас», Абай, Қусақ ауылдарына кірме жолдары автогрейдермен қырылған.

Аудандық маңыздағы «Тасарал ауылының 13,4 шақырымдық кірме жолының» орташа жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін  211,0 млн.теңге қаржы қарастырып, жұмыс толық  аяқталған.

 

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ МЕН КӨШЕНІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ БОЙЫНША

 

Ақтоғай ауданының аумағында барлығы 439,7 км электр беру желілері бар, оның ішінде 10 кВ-тық - 278,8 км және 0,4 кВ-тық - 160,9 км желілер, 13 ПС және 81 КТП қоңдырғылары бар.

2018 жылдан бастап сот шешімдері бойынша иесіз желілерді балансқа қабылдау жұмыстары басталды. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауданның коммуналдық меншігінде 10 кВ-тық - 223,8 км желі және 0,4 кВ-тық - 147,8 км желі бар.

Жалпы ұзындығы 68,1 км желі (0,4 кВ - 13,1 км, 10кВ – 55 км), 8 дана ПС және 9 дана КТП бойынша "Жезказганэнергосбыт" ЖШС-мен Сәуле, Жалаңаш, Үшарал, Қараменде би елді-мекендері бойынша нысандар  "Жезказганэнергосбыт" ЖШС  сот шешімімен берілген.

Ағымдағы жылы 5,49 млн.теңгеге Ақтоғай ауылына 5 дана көше жарығы және 250 кВа-лық КТП орнатылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Және де 750 мың теңгеге Ақтоғай ауылына 29 дана көше жарықтандыру шамдарын орнату және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ақтоғай ауылындағы Жақып Ақбай көшесіндегі электржелісінде апатты жағдай орын алып, шұғыл шығындарға арналған аудан әкімдігінің резерві есебінен 1,15 млн.теңге қаражат бөлініп, 1 дана 10/0,4-250 кВа маркалы КТП қондырғысы орнатылды.

Ақши ауылын жарықтандыру мақсатында 8,5 млн.теңге бөлініп, Нұра көшесіне 20 дана көше шамдары мен 250 кВа-тық КТП орнату жұмыстары жүргізілді.

Сарышаған кентінің Абай, Достық, Ынтымақ, Тәуелсіздік көшесіне 22,3 млн.теңге бөлініп,110 дана көше жарығы тіректерін орнату және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Абай ауылында 10,4 млн.теңгеге 160 кВа-лық КТП қоңдырғысы және 18 дана көше жарығы орнатылды.

Шашубай кентіндегі  Жағыпар Ақбергенұлы, Абай Құнанбаев және Сәкен Сейфуллин көшелеріндегі электржелісінде апатты жағдай орын алып, шұғыл шығындарға арналған аудан әкімдігінің резерві есебінен 10 млн.теңге қаражат бөлініп, 6 дана 10/0,4-250 кВа маркалы КТП қондырғыларына ағымдағы жөндеу жүргізіліп, электр желілері ауыстырылды.Жәнеде 7,9 млн.теңгеге Ақбергенов, Ихамбаев көшелерінің және "Алтын" ш/а 75 дана көше жарығы орнатылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ БОЙЫНША

 

Мемлекеттік қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу толығымен электронды түрде жүргізілуде. 2022 жылы жыл басынан бері электронды түрде өтініш берген 55 азамат тұрғын үй кезегіне тіркелді.Тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар тізімдеріне жүргізілген түгендеу жұмыстары нәтижесінде тұрғын үйге мұқтаж деп тануға негіздер жойылған 30 азамат кезектен шығарылды.

Өткен 2022 жылдың соңындағы жағдай бойынша мемлекеттік қордан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімінде барлығы 446 азамат тіркелген. Оның ішінде:

Жетім балалар -24,

Көп балалы отбасылар, алтын, күміс алқа иегерлері -40,

Әлеуметтік осал топқа жататындар -198,

Мемлекеттік, бюджеттік мекеме, әскери қызметкерлер – 162

Апаттық тұрғын үйдегі азаматтар – 22 адам тіркелген.

2022 жылы аталған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жалпы саны 13 пәтер кілті табысталған. Оның ішінде Сарышаған кенті 11 пәтер, Тораңғалық ауылы – 2 пәтер.

Аталған жұмыс бүгінгі күні де жалғасын табуда. Ақтоғай ауылында солтүстік батыс мөлтек ауданында төрт 2 қабаттық тұрғын үй құрылысы 2021 жылдан бастап жүргізілуде. Алайда «Центр КЗ» серіктестігінің жалғыз құрылтайшысының өмірден өтуіне байланысты жұмыс тоқтатылған, нысан консервацияланған. Жобаны қайта жаңарту мақсатында қаражат қарастырылып, іргетасы техникалық сараптамадан өткізілуде. Қорытындысына сай жобаға қайтадан өзгеріс енгізу жоспары тұр.

Сонымен қатар солтүстік батыс мөлтек ауданында инженерлік инфрақұрылым құрылысына жалпы соммасы 600,0 млн.теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары толық аяқталып, келісім шарт жасалған. Жұмыс шілде айында бастау алып, 2023 жылы қолданысқа беріледі.  Бұл жоба жеке тұрғын үй құрылысының аудан орталығында дамуына серпін береді.

2021 жылы Шашубай кентіндегі 100 пәтерлік Ж.Ақбергенұлы №9 көп қабатты үйге жалпы құны 761,0 млн.теңге болатын жобалау сметалық құжаттары жасалып, жөндеу жұмыстарын бастау жөнінде облыс әкімінің есептік жиналысында айтылды. Ағымдағы жылға жөндеу жұмыстарына облыстық бюджет есебінен 150,0 млн.теңге бөлініп, «Жібек жолы» ЖШС-не артылған жөндеу жұмыстары басталды. Облыстық бюджеттің нақтылауында 300,0 млн.теңге көлемінде қосымша қаржы сұралынып отыр. Келесі жылы толықтай пайдалануға берілетін болады.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру» қызметі де электронды түрде көрсетіледі. Жекешелендіру бойынша 2022 жылы 12 өтініш қанағаттандырылып, келісім-шарттар жасалды.

Ауданымызда 56 көп қабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде Сарышаган, Шашубай кенттерінің тұрғын үйлері орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған, орталық ауыз су, кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген. Аталған нысандарға пәтер иелерінің кооперативі қызмет көрсетеді. Алайда бүгінгі күні «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енуіне байланысты 2023 жылдың шілде айына дейін аудан көлеміндегі 35 көп қабатты тұрғын үй «жаңа басқару жүйесіне» енуі керек, яғни аталған баспаналар жай серіктестік немесе мүлік иелерінің бірлестігіне өту талабы қойылған. Бүгінгі күні 35 үйге толық жай серіктестік құрылған және «Ези проджект» жобасына енгізілген. 

Нормативтік құқықтық актілер бойынша айта кететін болсақ:

«Кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және кондоминиум обьектісін басқаруға шығындардың төменгі мөлшерін бекіту туралы» шешім, «Ақтоғай ауданының елді мекендерінебірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу»және «Ақтоғай ауданы бойынша коммуналдық қызметтерді көрсету тәртібін» бекіту бойынша жұмыстар атқарылуды. НҚА тиісті органдармен келісіліп,бекітілді және мемлекеттік тіркеуден өтті.

 

2022-2023 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ

 

        2022-2023 жылдардағы жылыту маусымында 3 орталық жылу қазандығы, яғни Шашубай кенті 1 қазаңдық, Сарышаған кентінде 2 орталық қазаңдық жұмыс жасаса, 48 дана автономды жылу жүйесімен қамтылған әлеуметтік мәдени нысандар  штаттық режимде жұмыс жасауда.

Ағымдағы жылға орталық жылу қазандықтарының дайындығына жалпы соммасы 69,0 млн.теңге қаржы қаралып,Сарышаған кентінің3 ықшам ауданында орналасқан қазандыққа 1 дана ТОМ-2 маркалы қазандық орнатылып және орналасқан қазаңдыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Шашубай кенті бойынша 2022 жылы тұрғындар тарапынан қазаңдықты қоршау, қалпына келтіру бойынша сұрақтар көтерілген, қаңтар айындажасалған келісім шартқа сай мердігер «МЕТАЛЛ СТРОЙ» ЖК-мен 108 метр қоршау, 1 қақпа орнатылды. Мердігер «Орда Премиум» ЖШС-і.

Аудан аумағында барлығы 48 нысан бар, оның ішінде білім -24, денсаулық сақтау 4, мәдени  -9 , спорт -1жылыту маусымында бірқалыпты жұмыс жасауда.Аталған нысандарды көмірмен қамтамасыз ету үшін жалпы көлемі 8002 тонна көмір жеткізілген.

 

Документы
Түсіндірме жазба
17 февраля 2025
«Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ
«Ақтоғай ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтары жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Ақтоғай ауданы мәслихаты шешімінің жобасына түсіндірме жазба
НҚА жобасы
17 февраля 2025
«Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ
«Ақтоғай ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтары жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы»
Бюджет
02 марта 2021
Отчет о реализации бюджетных программ (подпрограмм) за 2020 год
Новости
Полезные материалы
ТКШ
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы