
Ауданда туристік сала қарқынды дамып келеді.
2023 жылдың 9 айында орналастыру объектілерінің саны 6 бірлікті құрады. Орналастыру орындарындағы нөмірлік қор 88 бірлікті құрады. 6,0 мың келушілерге қызмет көрсетілді, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 43,8 % - ға төмендеген. Келушілердің жалпы санының 100% - ы республиканың басқа өңірлерінің тұрғындары. Орналастыру объектілері ұсынатын қызметтер көлемі 86,7 млн. теңге сомасында қалыптасты.
Туризмді дамытуға арналған әлеуеті бар облыс туризмінің негізгі орталықтары - Қарағанды қаласы, Ұлытау, Ақтоғай, Қарқаралы аудандары.
Этно-аграрлық туризмді дамытуға табиғаттың өзі сыйға тартқан тарихи-табиғи құндылықтар шоғырланып орналасқан «Қызыларай-Бегазы» өңірі. Бұл өңірде этно-аграрлық туризмді ашудың алғашқы алғышарттары дайын. Таудың таза ауасы, кәусар бұлақ суы, адам аяғы баспаған табиғат көріктері этно туризмнің талаптарын толық қанағаттандырады.
Шабанбай би ауылдық округінде бүгінгі күнде 7 қонақ жайлық үй жұмыс жасауда. Оның ішінде «Сұлутас» қонақ жайлық үйі мемлекеттік кірістер басқармасына тіркеліп, қызмет көрсетуде. Қонақ жайлық үйлерін 2021 жылы қайта жаңғыртудан өткізді. Келген туристтерге тек ұлттық тағамдар ұсынып, арнаулы дайындалған аттармен табиғатқа серуендер ұйымдастырып, дала жолдары арқылы тарихи орындарға, мүсін тастарға саяхат жасайды. Бұл бағытта осы елді-мекенде халықпен осы кәсіппен айналысудағы тиімділігі жөніндегі түсіндіру жұмыстары әлі де жүргізілуде.
Өңірдің негізгі туристік ресурстары Бектауата тау тізбегі, Қызыларай қорықшасы, Ақсоран шыңы болып табылады.