Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Тілдерді дамыту

     Ақтоғай ауданы әкімдігінің Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Ақтоғай ауданының 2023 – 2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарының ақпары

 Ақтоғай ауданында тілдерді дамыту саласы бойынша «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы мен тілдер туралы нормативтік-құқықтық актілер талаптарын іске асыру мақсатында біршама жұмыстар жүргізілді. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының және оның құрылымдық мемлекеттік бөлімдерінің құжат айналымындағы кіріс және шығыс құжаттарының мемлекеттік тілде ресімделуіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп тұрады. 2023 жылы мемлекеттік тілдегі кіріс құжаттары - 97%-ды және шығыс құжаттары -100 %-ды құрады. 2022 жыл бойынша мемлекеттік тілдегі кіріс құжаттары-96  %-ды және шығыс құжаттары -100 %-ды құрады.

Ауданымызда «Үш тұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру мақсатында жыл сайын ағылшын тілін оқыту курсына  1 млн 300 мың теңге қаржы қарастырылып, сәуір-маусым айларында курс бойынша 30 адам тегін оқытылып, сертификаттар табысталды. 2022 жылы ағылшын тілін оқыту курсына  1 млн 200 мың теңге қаржы қарастырылып, сәуір-маусым айларында курс бойынша 40 адам тегін оқытылып, сертификаттар табысталды.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдары талаптарына сай ресімделіп, орналасуы бойынша түсіндіру-насихат жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ, өңірлердегі көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың ахуалын саралау мақсатында тоқсан сайын  «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға – сауаттылық!» атты айлық жарияланып отырады.

Ауданда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтоғай аудандық филиалы құрылып, ҚР Әділет Министрлігі Қарағанды облысының Әділет департаментінде тіркелді.

Қазіргі уақытта аудандық филиалдың төрағасы мен кеңес мүшелері бекітіліп, мемлекеттік тілдің ілгерілеуіне ықпал ету мақсатында жұмыстар атқарып келеді.

 Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі аудан бойынша  ономастика кеңістігін реттеу, елді мекендердің атауын нақтылау, тарихи топонимдерді, аудан көшелерінің атауын бір жүйеге келтіру жұмыстарымен айналысады. Бөлім тарапынан көшелердің атын өзгерту немесе жаңа атау беру барысында жеке тұлғалардың қоғамдық-саяси өмірдегі орны ескеріліп, тарихи жер-су аттарының танымдық сипаттарын қазіргі уақытқа сай үйлестіру назарда ұсталады. 

Ономастика саласы бойынша  ауданда 50 елдімекен, 149 көше бар. Қазіргі кезде жалпы елдімекендер мен көшелер 100 пайызы дәстүрге сай аталады. 2023 жылы Сарышаған кентінің «Мектеп» көшесін «Таңыбай батыр» көшесіне ауыстырылды. Аталған көшелерге тұлғалардың есімін беру кезінде Республикалық ономастикалық комиссия мақұлдаған және ҚР Президенті әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлалар» тізімі басшылыққа алынды. 2022 жылы Тасарал ауылының «Орталық» көшесі «Таңыбай батыр» көшесіне ауыстырылды.

Аудандық «Aqtoǵaı ajary» газетінде «Тіл тағдыры-ұлт тағдыры» айдарымен мемлекеттік тілімізді насихаттау мақсатында медиа-жоспарға сәйкес мақалалар жарияланып тұрады. Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі аудан бойынша  99,7%.

Алдағы уақытта ауданнның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан мәдениет, тіл саласының қызметін арттыру бағытындағы жоспарлы жұмыстар одан әрі жалғасын табатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документы
Хабарландыру
09 ноября 2022
4 қараша күні Қусақ ауылдық клуб үйінің күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін ашылуына орай мерекелік шара болып өтті.
Ақпарат
14 января 2022
«Ақтоғай аудынының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
Ақтоғай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша
Ақпарат
15 октября 2021
«Ақтоғай аудынының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
Ақтоғай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 6 айда атқарылған жұмыстар және олардың алдында тұрған міндеттер туралы
Новости
Полезные материалы
Тілдерді дамыту
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы