2023 жылы құрылыс бөлімінің атқарған жұмыстары.
2023 жылы Ақтоғай ауданы бойынша "күшті өңірлер-елді дамытудың драйвері" ұлттық жобасы шеңберінде 8 жоба және 1 жоба «Ауыл ел бесігі» іске асырылды. Оның ішінде жобалар бойынша:
- Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылының солтүстік - батыс шағын ауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу (сумен жабдықтау, кәріз, абаттандыру, қазандықпен жылу желілері, телефондандыру) – 2023 жылға 22,2 млн. тенге бөлінді кәзіргі кезде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталуы 2023 жылдың қараша айына жоспарланған бірақ жобаға Ақтоғай ауданының мешітін инженерлік- инфрақұрылымға (жылу жүйесіне) және тауарлардың қымбаттауына байланысты жоба төзетуден өтіп 135,0 млн тенгеге қымбаттады сол қаражаттың болмауына байланысты құрылыстың аяқталуы 2024 жылға созылды. Бас мердігер «СпецСтройгрупп ЛТД» ЖШС. Тех надзор ТОО «Глад сервис», авторский надзор ТОО «Әсем құрылысҚызылорда».
- Солтүстік-батыс ш/а (қосалқы станциясы бар 35 кВ электр беру желісі, 16 көппәтерлі және 30 бірпәтерлі жалдамалы тұрғын үйге 10 және 0,4 кВ электр беру желілері) ИКИ жайластыру бойынша жұмыстар. Ақтоғай ауылы, Ақтоғай ауданы, Қарағанды облысы " - шарт бойынша сома 633,2 млн. теңге. 2022 жылы- 115 млн тенге аванс төленді. Жобаға түзету (корректировка) жасалды.Кәзіргі кезде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталуы 2024 жылдың қараша айына жоспарланған.Бас мердігер «Констракшн тренинг ресурсес» ЖШС. Тех надзор ТОО «Глад сервис», авторский надзор ТОО «Строи бизнес консалтинг».
3."100 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйді қалпына келтіру бойынша РП түзету". Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Шашубай кенті, Ж. Ақбергенұлы көшесі, 9 " - шарт бойынша сома 746,0 млн. теңге. 2022 жылға 127,0 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді 2023 жылға 553 652,0 мың тенге бөлініп құрылыс жұмыстары жалғастырылуда кәзіргі кезде уақытша 10 жұмыс орнына 3(үш) жұмыскер қабылданды тағы 7(жеті) жұмыскер таяу арада қабылданады. . Құрылыс жұмыстары аяқталуы 2023 жылдың желтоқсан айына жоспарланған бірақ қосымша жылу жүйесін қосуға байланысты сметалық жоба түзетуден еңгізіліп қосымша 131,0 млн.тенге қаражат керектігі анықталды және қаражат бөлінбеуіне байланысты жобаның аяқтау мерзімі 2024 жылға созылды. Бас мердігер «Балқаш жібек жолы» ЖШС. Тех надзор Т ОО «Аретмида снаб» авторский надзор ТОО «Акшатау»
4 Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Сарышаған кенті 3-ші шағым ауданында орналасқан №4 тұрғын үйді қайта жаңарту (қалпына келтіру). " - шарт бойынша сома 226,5 млн. теңге. 2022 жылда 66,8 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2023 жылға жергілікті бюджеттен 133,3 млн. теңге қарастырылып жөндеу жұмыстары жүргізілуде қосымша ірге тасын(фундамент) нығайту үшін жобаны әзірлеушілермен жұмыс жүргізілуде. Бас мердігер «ГрадСтройсервис» ЖШС жұмыстарын уақытында орындамауына байланысты экономикалық сотта қаралып «Мемлекеттік қызметтерді жосықсыз жеткізуші» болып табылды кәзіргі кезде келісім шарт біржақты бұзылуда.
5.Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылының кәріз желілерін салу-шарт бойынша сома 2711,6 млн. теңге. 2022 жылға 300,0 млн. теңге бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық қорынан 2 210 млн. теңге бөлінді. Құрылысқа қажетті тауарлардың қымбаттауына және жобалау сметалық құжаттарына өзгеріс енгізуіне байланысты 2023 жылдың мамыр айында түзетуге жолданды. Кәзіргі кезде мемлекеттік сараптаманың қортындысы алынып құрылыс жұмыстары жүргізілуде.2023 жылға бөлінген 2 210,0млн.тенге толықтай игерілді. Құрылыс жұмыстары аяқталуы 2024 жылдың қараша айына жоспарланған, Бас мердігер «Мелиоратор» ЖШС.
- Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Карамендеби ауылдық округінің Қуаныш ауылының су құбыры желілерін салу-шарт бойынша сома 478,4 млн. теңге. 2022 жылда 301,9 млн. теңге бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы облыстық бюджеттен 95,7 млн. теңге бөлініп, ауыл арасы су жүйесі толықтай аяқталды кәзіргі кезде су мұнарасы және су сорғы станциясының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталуы 2023 жылдың қазан айына жоспарланған бірақ 78,0 млн. тенге 2023 жылға бюджеттен қаралмағанына байланысты жобаның аяқталуы 2024 жылға шегерілді. . Бас мердігер «Лайф Строй Инвест» ЖШС
- Жидебай ауылдық округінің Үшарал ауылының су құбыры желілерін салу-шарт бойынша сома 325,9 млн. теңге. 2022 жылға 150,0 млн. теңге бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы облыстық бюджеттен 65,2 млн. теңге, Қазақстан Республикасы ұлттық қорынан 124,7 млн.тенге бөлінді, ауыл арасы су жүйесі толықтай аяқталды кәзіргі кезде су мұнарасы және су сорғы станциясының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталуы 2023 жылдың қазан айына жоспарланған алайда Қазақстан Республикасы ұлттық қорынан-1 325,0 мың тенге, облыстық бюджеттен 45 997,0 мың тенге мердігер құрылыс жұмыстарын аяқтамауына байланысты игерілмеді . Бас мердігер «Лайф Строй Инвест» ЖШС.
- Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Сарышаған ауылында 150 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізу мақсатында 2023 жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша Қазақстан республикасының Ұлттық қорынан 100 млн.тенге бөлініп 12.07.2023 жылынан бастап құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда инженерлік-инфрақұрылымдары (ауыз су, кәріз, және телефонизация, тоқ желілерінің құрылыстары аяқталды. Және 2023 жылдың қараша желтоқсан айларында қосымша Қазақстан республикасының Ұлттық қорынан 175,4 млн.тенге бөлініп толықтай игерілді.
- «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Жидебай ауылдық округінің Жалаңаш ауылында су құбыры желілерін салу» шарт бойынша 408,138 млн. теңге. 2023 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық қорынан 343,696 млн. теңге, бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2024 жылы тамыз айында аяқталуы жоспарланған.
10.Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар ретінде есепте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үй мәселелерін шешу мақсатында 2023 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық қорынан 96,0 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 54,0 млн.тенге бөлініп бастапқы нарықтан он пәтер сатылып алынды. 2024 жылы 40 пәтер сатып алу жоспарда.
- «Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылының су құбыры желісінің құрылысы (4 кезек)» жалпы сметалық құны- 1504,161млн. тенге , «Қарағанды облысы Сарышаған к. тазарту құрылысы бар ССС кеңейту» жалпы сметалық құны - 902.102 млн. тенге , «Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Шашубай ауылында қазандық салу» жалпы сметалық құны -795,545 млн. теңге; жұмыс жобалары мемлекеттік сараптамадан өтіп 2024 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй щаруашылық басқармасына бюджеттік өтінімдер тапсырылды.Және Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар ретінде есепте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үй мәселелерін шешу мақсатында 2024 жылы бастапқы нарықтан 40 пәтер сатып алуға Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына 756 800,0 мың тенгеге бюджеттік өтінім тапсырылды.