Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы саласында 2023 жылы атқарылған жұмыстар

және 2024 жылға қойылған міндеттер туралы  ақпар.

 

2023 жылдың қортындысында ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі  37 754,7 млн теңге, нақты көлем индексі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 106,4 % пайыз. Мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 25 127,3 млн.теңге өткен жылмен салыстырғанда 103,6 %, өсімдік шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 12 623,7 млн.теңге өткен жылмен салыстырғанда 110,6 %

Сонымен қатар, тірі салмақта өндірілген  ет 12 463,3 тонна, (104,3%), барлық өндірілген сүт  40 727,6 тонна, (105,2% ) және барлық алынған жұмыртқа 2 578,2 мың дана, (102,5%)  

 

Мал шаруашылығы бойынша

 

 Аудан бойынша 01.01.2024 жылға «мал мен құс» басына жүргізілген санақ бойынша шығарылған  статистикалық есеп бойынша  ірі қара – 69 989 бас (өткен жылмен салыстырғанда 104,2%) ,  қой – 86 557  бас, (100,9 %), ешкі – 34 534 бас, (111,2 %), жылқы –  44 496 бас, (111,1 %)  және құс – 24 982 бас (106,6 %).

 

Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау

 

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары негізінде, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне төленетін субсидия алу жұмысы жүргізілді. 

2023 жылдың 10 айында  мал шаруашылығы бойынша барлығы 788 шаруа қожалығы 641 271,0 млн.теңге. субсидия төленді.

         Оның ішінде:

- ірі қара малын тұқымдық түрлендіруге қатысқан 179 шаруашылыққа  137,9 млн.тг.;  (1 басқа 10 000 теңге)  

- отандық асыл тұқымды ірі қара малдарын сатып алғаны үшін 82 шаруашылыққа 69,9 млн.теңге; (1 басқа 150 000 теңге)

- асыл тұқымды ірі қара малына селекциялық жұмыс жүргізгені үшін 27 шаруашылыққа 33,6 млн теңге. (1 басқа 15 000 теңге)

- шетелдік асыл тұқымды сүтті бағыттағы ірі қара малдарын сатып алғаны үшін 1 шаруашылыққа 7,4 млн.теңге; (1 басқа 225 000 теңге) 

- қой  малына тұқымдық түрлендіруге қатысқан 22 шаруашылыққа  25,1 млн.тг. (1 басқа 2500 теңге);

- асыл тұқымды қой малына селекциялық жұмыс жүргізгені үшін 3 шаруашылыққа  16,6 млн.тг.; (1 басқа  4000 теңге)

- асыл тұқымды қой малын сатып алғаны үшін 13 шаруашылыққа 10,5 млн.теңге; (1 басқа 15000 теңге)

- ірі қара малына, мал азығының құнын арзандатуға 259 шаруашылыққа 199,5  млн.тг.; (50 -100 басқа дейін 12 000 теңге, 100 -200 басқа дейін 15 000 теңге)

- қозы етін өткізгені үшін 1 шаруашылыққа 0,6 млн.тнг; (Өткізілген 1 басқа 3000 теңге)

- бордақылау алаңына бұқашықтарды тапсырғаны үшін 1 шаруашылыққа 1,7 млн.теңге көлемінде субсидия төленді. (Тірідей салмағы килограмм 200 теңге.)

- ұсақ мүйізді малына, мал азығының құнын арзандатуға 200 шаруашылыққа 138,5  млн.тг.; (20 бастан – 500 басқа дейін 1 басқа 4 000 теңге) 

 

Өсімдік шаруашылығы.

 

Аудан бойынша 1450 гектар егістік алқабы орылды.  алынған өнім 970,0 тонна. Яғни орылған әр  гектарға түсім 6,6 цн/га айналды. Ауыл шарушылығы тауарларын өндірушілер есебінен егілген 26 гектары картоп алқабы жиналды, алынған өнім 698,4 тонна. 12 гектар көкөніс жиналды, алынған өнім 342,2 тонна.    

Ағымдағы жылдың жаз айларының құрғақшылығына байланысты 480 гектар дәнді-дақылдар алқабы: оның ішінде 100 гектар бидай, 320 гектар арпа, 60 гектар сұлы егістіктері шығысқа шығарылды.

2023 - 2024 жылғы мал қыстату науқанына қажетті барлығы 311,4 мың тонна ірі мал азығын дайындау жоспары бекітілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда (17,4 мың тн) 6 пайызға жоғары. Барлық кент, ауыл, ауылдық округтерге мал азығын дайындау туралы тапсырманы орындау жоспары таратылып берілді. Бүгінгі күнге 311,4 мың тонна шөп дайындалды орындалысы 100 %, оның 311,4 мың тоннасы тасылды.    

 

Каз Агро институттары арқылы ауыл шаруашылық саласын    микрокредиттеу мемлекеттік бағдарламаларының орындалысы.

 

Бүгінгі күнге   «Аграрлық Несие Корпорациясы»  АҚ арқылы ауыл шаруашылығы саласын микрокредиттеу мемлекеттік бағдарламалары арқылы барлығы 56 жоба мақұлданып, 1002,7 млн.тг. несие қаражаты алынды. Атап айтқанда: - «Агробизнес» бағдарламасы арқылы 43 жоба 919,6 млн. теңге. «Іскер» бағдарламасы арқылы 13 жоба жалпы соммасы 83,1 млн. теңгеге қаржы игерілді.

Анықтама: Бұған 1133 бас жылқы , 499 бас ірі қара, 1019 бас ұсақ мал және 11 ауыл шаруашылығы техникасы(тракторлар),  30 аспалы қондырғылар сатып алынды және көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 25,0 теңге несие қаржысы алынды.

 

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Қарағанды өкілдігі бойынша 9 жоба мақұлданып 20 бірлік техника алуға119,3 млн.теңге несие қаржысы берілді.

Анықтама: Бұған 7 ауыл шаруашылығы техникасы(тракторлар),  13 аспалы қондырғылар сатып алынды

 

 

Жалпы Каз Агро институттары арқылы 65 жоба арқылы 1млрд 122 млн 000 мың теңге игерілді.

      «Ақтоғай» НС арқылы  барлығы 205,1 млн.тнг. несие қаражаты берілді. Оның ішінде «Іскер» бағдарламасы бойынша  жоба 7, жалпы соммасы 50,9 млн.тнг. «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 12 жоба, жалпы соммасы 154,2 млн.тнг.

Анықтама: Бұған 244 бас жылқы, 100 бас ірі қара,332 бас ұсақ мал және 3 трактор,  3 аспалы қондырғылар сатып алынды.

 

 

 

 

Ауыл шаруашылығы техникалары саласы

 

2023 жылға  ауданға берілген тапсырма бойынша 96 дана ауыл шаруашылық техникасын сатып алу жоспарланған.    Бүгінгі күнге 96 дана ауыл шаруашылық техникасы алынды.     Орындалысы 100%. Бұның ішінде 23 трактор, 2 погрузчик, 64 басқадай ауыл шаруашылық техникалары сатып алынды.

 

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі  

      

         2023 жылға ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 610,9 млн. теңге инвестиция салынды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда (2022 ж -592,0 млн.тг.) 18,0 млн.тг. ұлғайып, 103,2 пайызға артқан. Инвестиция көзі  шаруашылықтар алған 75 дана ауыл шаруашылығы техникасы 380,9 млн.тнг. және 59 шаруа қожалығы барлығы 198,4 млн.теңгеге алынған 673 бас асыл тұқымды мал, өз қаражатеры есебінен 31,6 млн.теңгені құралып отыр.

         Сонымен қатар 2 жоба іске қосылды.

         Сарытерек ауылдық округі «SAQ NS» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 

  1. Жобаның жалпы құны 82,0 млн.теңге. Ашылатын жұмыс орындары саны 10 адам. «SAQ NS» шаруашылығы базасында тартылған инвестиция «Агро кредит корпорациясы» АҚ - нан 57 млн. теңге несие қаражаты және жеке кәсіпкердің өзінің жеке қаражатынан 25 млн.теңге. Сарытерек ауылына заманауи неміс технологиясы бойынша бие сүтін (қымыз) өңдеп өндіру цехы салынды. Алғашқы жұмыс процесін де сынақтан өткізіп көрді. Күнделікті 200 бас бие сауып, 1000 литр қымызды құтыларға құйып шығару. 2023 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс жасап тұр. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша облыстық «Сарыарқа» ӘКК – і арқылы 22,0 млн.тг. несие қаражатын алып, ауыл шаруашылығы техникаларын (трактор, тіркеме, аспалы қондырғылар, шөп теңдегңдегіш (рулон) т.б.) сатып алды.

 

  1. Қарабұлақ ауылдық округі. "Сәрсенбек" шаруа қожалығы.

         Жоба мақсаты: «Асыл тұқымды «қазақы ақ бас» ірі қара малын өсіріп, өндіруші шаруашылық құру», жоба құны 103,9 млн.теңге, қуаттылығы 500 бас асыл тұқымды аналық ірі қара малын өсіру. Кәсіпкердің өзінің жеке қаражатынан 15 млн.теңге инвесиция тартылды.

         Бүгінгі күнге жалпы асыл тұқымды мал басы саны 380 бас құрайды, оның ішінде аналық сиыр 238 бас, құнажындар 136 бас. Аталық мал 21 бас. Қазіргі уақытта шаруашылықтың жалпы жер көлемі 10 878 га құрайды, оның ішінде 10 719 га жайылым.

Анықтама: Шаруашылық 2023 жылы 103,9 млн.тг несие қаражатына 216 бас „қазақы ақ бас“ тұқымды ірі қара құнажындарын әкелді. Сиырларды Павлодар облысының „Құтмекен“, “Базарбек“, „Олжар“, „Нұрасыл“шаруа қожалықтары мен Қарағанды облысына қарасты „Бек“шаруа қожалығынан алды. 2 дана доңғалақты трактор және аспалы қондырғылар алынды. Жоба бойынша, 2 мал базасы жөндеуден өткізілді,2 жаңа баз құрылысы салынды. 2 құдық қазылды.Тұрғын үй салынды. Автономды электор тоғымен мен жабдықтау үшін 16 күн панелі (20 кВт), жабдықтармен жабдықталған.

 

Ауыл халқының табысын арттыру бойынша

 

         «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша биылғы жылға  65 жобаға 598,3 млн.тг. несие беріліп отыр. Оның ішінде, 47 жоба – жеке кәсіпкерлерге 271,06 млн.тг. және 18 СПК-ға 327,23 млн.тг. берілді.

       Бүгінгі күнге жалпы аудан бойынша алынған несиелерге 341 бас ірі қара малы,  4 МТЗ тракторлары, 1 рулонды шөп тығыздағыш, 1 авторефрижератор т.б. 12 аспалы қосалқы құрылғылар алынды.  

         Сонымен бірге 2024 жылға кент, ауыл, ауылдық округтер бойынша скрининг жасалып 149 жобаға 1 828,9 млн.тг. жеңілдетілген несиеге жылға сұраныс берілді.

 

Ұлттық жобалар шеңберінде АӨК саласында жұмыс орындарын құру

 

         Аудан бойынша   Ұлттық жобалар шенберінде 2023 жылға АӨК саласына ауыл шаруашылығы құрылымдары бойынша жұмыс орындарын құру жоспары бойынша ауданға берілген тапсырма 185 жұмыс орны болған, оның ішінде 139 уақытша, 46 тұрақты жұмыс орны.  Бүгінгі күнге 68 тұрақты, 110 уақытша барлығы 178 жұмыс орны құрылды. Орындалысы 96,2 %.

Аудан бойынша агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2024 – ші жылға арналған жоспары.

         2024 жылы болжам  бойынша жалпы өнім көлемін 38 509,0 млн.теңгеге өндіру жоспарланды. Оның ішінде : мал шаруашылығы өнімі  26 009,0 млн. теңге, өсімдік шаруашылығы 12 600,0 млн. теңге. Нақты көлем индексі 102 % орындау міндеті қойылған.

         2024 жылға  «мал мен құс» басының жоспары бекітілді. Мұнда  ірі қара –  71 900 бас, қой - ешкі 127 900  бас, жылқы – 42 800 бас және құс – 25 200 бас.  Жыл ішінде мал басының түрлері бойынша 1,5 - 3 % пайызға өсіру міндеттелді.

         Тірі салмақта өндірілетін ет 13,5 мың тонна, сүт 40,6 мың тонна, жұмыртқа 2,650 млн.данаға өндіру болжанып отыр. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жыл ішінде 3 – 5 % пайызға өсіру міндеттеліп отыр.

         2024 жылға  мал шаруашылығы саласының облыс бойынша бекітілген түрлері бойынша барлығы  720,3 млн. теңге субсидия қаржысына өтінім берілді.

         Аудан бойынша 2024 жылдың көктемгі егісіне 2430 гектар астық тұқымдас  дақылдар егу жоспарланып отыр.

         Оның ішінде 900 га бидай, 800 га арпа, 700 га көп жылдық шөп. Сонымен қатар ашық топырақта 26 гектар картоп, 12 гектар көкөніс егу болжанды. Мал азығын дайындау жоспары 298,7 мың тонна.

         2024 жылға аудан бойынша ауыл шаруашылық техникасын алу 100 данаға жоспарланып отыр.

         «Ауыл Аманаты» ауыл халқының табысын арттыру жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жалғастырылады. Бүгінгі күнге жүргізілген скринингтік зерттеуге сәйкес, 2024 жылға 149 адам аталған бағдарлама арқылы 1 млрд. 828 млн.теңге 900 мың теңге несие алуға ниет  білдіруде.

 

Аудан бойынша 2024 -2028 жылдары іске асырылатын обылыстық жол картасына енгізілген инвестициялық жобалар туралы ақпар.

 

         Кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің 2024 -2028 жылдарға ұсынылған іске асырылатын жобалары зерделеніп, қаралып аудан бойынша облыстық индустрияландыру және кәсіпкерлікті қолдау картасына 2024 - 2028 жылдар аралығында іске асырылатын 13 жоба енгізуге  ұсыныс беруді көздеп отырмыз. Жобалардың жалпы құны 4 миллиард 160 млн.теңге. Ашылатын жұмыс орын саны 117.          Атап айтқанда:

  • мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 3 жоба 145,0 млн. теңге сомасына, құрылатын жұмыс орын саны 9.
  • мал шаруашылығында 8 жоба 3,990 млрд. теңге сомасына, құрылатын жұмыс орын саны 104.
  • Өсімдік шарушылығында 2 жоба 0,025 млрд. теңге сомасына, құрылатын жұмыс орын саны 4.

 

2024 жылы іске асырылатын инвестициялық жобалар

 

Қайта өңдеу саласы

         Сарытерек ауылдық округі «SAQ NS» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 

  1. «SAQ NS» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі базасында өзінің жеке қаражатынан 35 млн.теңге. Сарытерек ауылында тәулігіне 5 тонна мал шаруашылығы өнімі барлық түлік еттерін өңдеуге аралған мал сою цехын ашу. Құрылатын жұмыс орыны 2.

         Бүгінгі күні мал сою цехының ғимараты ағымдағы жөндеуден өткізілген, қажетті құрал жабдықтар алынған. Ет өнімдерін тасымалдауға арналған авторефрижератор көлігі алынған. Тиісті көлемде өнім қабылдаушы ірі сауда орталықтарымен шарт жасалған. Нақты іске қосу мерзімі 2024 жылдың наурыз айына болжанып отыр.

Мал шаруашылығы саласы

 

  1. Сарытерек ауылдық округі «Агсам» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі

          Жоба мақсаты: «Асыл тұқымды «қазақы ақ бас» ірі қара малын өсіріп, өндіруші шаруашылық құру», жоба құны 20,0 млн.теңге, қуаттылығы 50 бас асыл тұқымды аналық ірі қара малын өсіру; іске асыру мерзімі 2024 жыл. Ашылатын жұмыс орыны 2. Бүгінгі күнге Кооператив 2023 жылы “Ауыл аманаты” жобасы бойынша 19,5 млн.теңгеге несие қаражатын алды. Қарақаралы ауданы Мәди ауылдық округі “Мәди” шаруа қожалығынан 50 бас құнажындар, 4 бас аталық мал сатып әкелді. Тиісті жоспарлы жұмыстарын жүргізуде.

 

  1. Қарабұлақ ауылдық округі «Көк жайлау» шаруа қожалығы

         Жоба мақсаты: «Асыл тұқымды «герофорд» ірі қара малын өсіріп, өндіруші шаруашылық құру», жоба құны 80,0 млн.теңге, қуаттылығы 100 бас асыл тұқымды аналық ірі қара малын өсіру; іске асыру мерзімі 2024 жыл. Ашылатын жұмыс орыны 3.

         Бүгінгі күнге жалпы асыл тұқымды мал басы саны 75 бас құрайды, оның ішінде аналық сиыр 45 бас, құнажындар 27 бас. Аталық мал 3 бас. Қазіргі уақытта шаруашылықтың жалпы жер көлемі 718 га құрайды, оның ішінде  702 га жайылым."Көк жайлау" шаруа қожалығының  жетекшісі Спатаев Сырым Амандыкович. 

  1. Қарабұлақ ауылдық округі «Ақтоған» шаруа қожалығы

         Жоба мақсаты: «Асыл тұқымды «герофорд» ірі қара малын өсіріп, өндіруші шаруашылық құру», жоба құны 40,0 млн.теңге, қуаттылығы 50 бас асыл тұқымды аналық ірі қара малын өсіру; іске асыру мерзімі 2024 жыл. Ашылатын жұмыс орыны 2.

         Бүгінгі күнге жалпы асыл тұқымды мал басы саны 66 бас құрайды, оның ішінде аналық сиыр 44 бас, Аталық мал 2 бас. Қазіргі уақытта шаруашылықтың жалпы жер көлемі 3908 га құрайды, оның ішінде  3805 га жайылым."Ақтоған" шаруа қожалығының  жетекшісі Курманбаева Кулбагира.

  1. Қараменде би ауылдық округі «Ертілек » шаруа қожалығы

 Жоба мақсаты: « 80 бас асыл тұқымды ангус ірі қара малын өсіріп, өндіруші шаруашылық құру», жоба құны 60,0 млн.теңге, қуаттылығы 80 бас асыл тұқымды аналық ірі қара малын өсіру; іске асыру мерзімі 2024 жыл. Ашылатын жұмыс орыны 2.

         2023 жылдың соңында Павлодар обл, Успен ауд, с/о Ковалевка, с.Лозовое, "Арай" ш/қ 43 бас және Айыртас ауылдық округіне қарасты «Қахарман» ш/қ – нан 37 бас барлығы 80 бас ангус тұқымды құнажындар сатып алынды. Жаңадан мал қора салынды, ток көзі тартылды, ұңғыма құдық қазылды. Әмбебап 2 куб трактор алынды. (погрузчик  7,0 млн.тг). Шаруашылықтың жалпы жер көлемі 1985 га құрайды, оның ішінде  1365 га жайылым, 154 гектар шабындық. Тиісті жоспарлы жұмыстарын жүргізуде.

  1. Тасарал ауылдық округі «Онбай» шаруа қожалығы

         Жоба мақсаты: «50 бас асыл тұқымды «герофорд» ірі қара малын өсіріп,

өндіруші шаруашылық құру» жоба құны 30,0 млн.теңге, 22,5 млн.тг „Аграрлық Несие Корпорациясы“ АҚ Қарағанды филиалы және 8,0 млн.теңге өз қаражаты. Қуаттылығы 50 бас асыл тұқымды аналық ірі қара малын өсіру; іске асыру мерзімі 2024 жыл. Ашылатын жұмыс орыны 2.

         Ақмола обл, Ақкөл ауд, Қарасай аул. "Сивка-Бурка" ш/қ 50 бас  герефорд асыл тұқымды құнажындар сатып алынды. Қазіргі уақытта шаруашылықтың жалпы жер көлемі 5895 га құрайды, оның ішінде  4200 га жайылым.Тиісті жоспарлы жұмыстарын жүргізуде.

  1. Нүркен ауылдық округі «Медеу» шаруа қожалығы

         Жоба мақсаты: «70 бас асыл тұқымды «герофорд» ірі қара малын өсіріп, өндіруші шаруашылық құру» жоба құны 40,0 млн.теңге, 24,0 млн.тг „Аграрлық Несие Корпорациясы“ АҚ Қарағанды филиалы және 16,0 млн.теңге өз қаражаты.Қуаттылығы 70 бас асыл тұқымды аналық ірі қара малын өсіру; іске асыру мерзімі 2024 жыл. Ашылатын жұмыс орыны 2.

         Павлодар обл, Тереңкөл ауд, Благовещенко аул, "Дидар" ш/қ 64 бас герефорд асыл тұқымды құнажындар сатып алынды. Қазіргі уақытта шаруашылықтың жалпы жер көлемі 1582 га құрайды, оның ішінде  1562 га жайылым, түбірінен жақсартылған егіске жарамды жер 276 гектар. Тиісті жоспарлы жұмыстарын жүргізуде.

Өсімдік шаруашылығы

  1. Нүркен ауылдық округі «Медеу» шаруа қожалығы

         Жоба мақсаты: «120 гектар түбірінен жақсартылған егіске жарамды жерді  айналымға қосу» жоба құны 15,0 млн.теңге, Қуаттылығы 120 гектар.2024 жыл. Ашылатын жұмыс орыны 2. 120 гектар жерге агротехникалық іс шаралар жұмысы басталды. 850,0 мың теңгеге күн панелінен қуат алатын 12 вт электр желілік қоршау алынды. (электро пастух) Судан шөбінің тұқымы қарастырылуда. Шаруашылықтың жалпы жер көлемі 1582 га құрайды, оның ішінде  түбірінен жақсартылған егіске жарамды жер 276 гектар. Тиісті жоспарлы жұмыстарын жүргізуде. Қолдау қажет ететін мәселе: “Қояншоқы” шаруа қожалығы қыстағы басынан 8-9 км жерден тоқ көзін тартуға техникалық қолдау сараптамасын алу, тоқ көзі желісін тартқанға кеткен шығынды мемлекеттік қолдау арқылы қайтарым қарастыру

  1. Қарабұлақ ауылдық округі «Фархат» шаруа қожалығы

         Жоба мақсаты: «100 гектар түбірінен жақсартылған егіске жарамды жерді  айналымға қосу» Шаруашылыққа қарасты кадастрлық нөмірі 09-102-027-367;  500 гектар жайылымдық жерге “Асар Жер” ЖШС зерттеу жүргізіп, табиғи жайылымнан түбегейлі жақсартылған жайылымдарға 65 га және 433 гектар егістік жерлерге трансформациялау жобасына мелиоративтік қорытынды жасап жер санатын өзгертті. Тиісті жоспарлы жұмыстарын жүргізуде.

         Осы жоғары көрсеткіштерге жету үшін  біздің алдымызда келесі міндеттерді орындауымыз керек. Етті мал шаруашылығын дамыту шаралар кешенінің негізгі шарты болып табылатын асыл тұқымды малдың  генетикалық әлеуетін көтере отырып, мал тұқымын асылдандыру.

         Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру қайта өңдеу саласының өсуін қамтамасыз ету, жаңа өндірістерді құру, сондай-ақ қолданыстағы ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жаңғырту және қайта құру арқылы инвестициялық жобаларды іске асыру болып табылады. Әр кент,ауыл, ауылдық округ әкімдері иновациялық даму қарқынды жүріп тұрған уақытта ауыл шаруашылығы құрылымдары мен тығыз жұмыс жүргізіп, жаңашыл көз қараста бағыт – бағдар беріп, іштегі ірі шаруашылықтар мен игерілмей жатқан жерлерге сырттан инвестиция тарту жұмыстары бсты мақсатқа қою керек. Осы бағыттағы жұмысты бірге атқаратын боламыз.

Документы
Жоспар
07 апреля 2026
«Ақтоғай ауданы бойынша 2025 - 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы»
Ақпарат
24 октября 2022
Астана қаласында "Астана Арена" спорт кешені алаңында "Ауыл береке 2022" ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтті.
Хабарлама
05 июля 2022
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтер бағаларының жобасын талқылау бойынша Жария тыңдаулар өткізеді: Өткізу күні, орны және уақыты: 2022 жылғы 25 шілде Нұр-Сұлтан қаласы, Республика даңғылы, 56/1, 2-қабат, мәжіліс залы, басталуы сағат 15-00-де. Қызмет көрсету түрлері: карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою бойынша: бақша дақылдарының зиянкестері (қауын шыбыны) және арамшөптердің карантиндік түрлері. Мемлекеттік монополия субъектісінің атауы – ҚР АШМ АӨК МИК «Фитосанитария» РМК, БСН 990640001330 Байланыс телефондары: 8 7172 725 938; 8 7172 555 933. Электрондық мекенжайы: rgp_karantin@mail.ru. Қатысушыларды тіркеу тыңдау өткізілуіне дейін 24 сағат бұрын аяқталады.
Новости
Полезные материалы
Ауыл шаруашылығы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы