Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Дін

Ақтоғай ауданында 2023 жылы дін мәселесі бойынша атқарылған жұмыстар туралы

Ақтоғай ауданы бойынша ұлтаралық, діни ахуал қоғамдық - саяси ахуал тұрақты.

Ақтоғай ауданы бойынша халық саны 15982, оның ішінде қазақтар саны 15468 адам бұл жалпы тұрғындардың 98% құраса, орыстар 514 адам 1,5 % құрайды, басқа ұлт өкілдерінің саны 0,5 % құрайды. Діни құрам бойынша мұсылмандар жалпы халықтың 98,2 % құраса, христиандар 1,8 % құрайды.     

Аудан көлемінде Қазақстан діни басқармасына қарасты 13 мешіт жұмыс жасайды. Олар Ақтоғай, Сарышаған, Шашубай, Тасарал, Ортадересін, Қусақ,  Қарабұлақ, Сарытерек, Нүркен, Жидебай, Қызыларай, Шабанбай би, Қуаныш ауылдарында орналасқан. Бұл мешіттердің барлығы әділет басқармасына тіркелген. Сырттан  миссионерлік қызмет жасап жүрген азаматтар анықталған жоқ.

Діни бірлестіктермен жұмыс аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің жоспары негізінде ұйымдастырылуда. Аудан бойынша Абай, Кежек, Айыртас ауылдарында мешіттер жоқ.

Бүгінгі күнде аудан бойынша 6 мешітте имамдар жоқ. Олар Ортадересін, Қусақ, Қызыларай, Тасарал, Жидебай, Қарабұлақ ауылдары.

Аталған мәселе бойынша аудандық ішкі саясат бөлімі және облыстық дін істері басқармасымен жұмыстар жүргізілуде. Және ауылдарға ақпараттық түсіндіру тобы халықпен кездесу барысында ұсыныстар айтылуда.

Ағымдағы жылы аудан бойынша радикалды ой-пікірлердің, діни экстремизмнің алдын алу және болдырмау бойынша жоспарлы жұмыстар ұйымдастырылуда.

Аудандық дін мәселесі бойынша ақпараттық – түсіндіру тобының 2023 жылдың ІI-ші жартыжылдығында жұмыстарының тиімділігін арттыруға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. 2023 жылдың 12 айында АТТ мүшелерінің қатысуымен барлығы 88 іс-шарада 3162 адам қамтылды. Атап айтатын болсақ  33 кездесуге 779 адам, 27 акцияға 410 адам қатысып 410 жадынама таратылды, 28 тікелей эфирге 1973 адам  қатысты.

Өткізілген кездесулер, акциялар аудан тұрғындарымен, жастармен, колледж студенттерімен, мемлекеттік қызметшілермен және мектеп оқушыларымен жүйелі түрде өткізіліп тұрады.    

Кездесу барысында көп айтылатын тақырыптарға жастар арасындағы діни теріс ағымдардың қауіптілігі және интернет ресурстарының сенімсіздігі туралы сөз қозғалады.

 2023 жылдың 4 тоқсанында жергілікті «Aqtoǵaı ajary» газеті бетіне «Дін-бірліктің діңгегі» айдарында аудандық дін мәселесі бойынша ақпарттық – түсіндіру тобы мүшелері медиа-жоспарға сәйкес 12 айдың ішінде жоспарлы түрде 38 мақала жарияланды. Аудан бойынша облыстық дін істері басқармасының тапсырмасымен Ақтоғай, Шашубай, Сарышаған, Жидебай, Шабанбай би ауылдарында барлығы 7 баннер орналастырылған. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін жалғасатын болады.

Ағмдағы жылдың басынан бастап 12 ай ішінде @dinaktogaiovp парақшасында халыққа діни сауатты түсіндіру, экстремизм мен терроризмнің алдын алу және бұны білу маңызды тақырыптарында 99 видеоматериал, 14 мақала және 20 инфографика жарияланған.

Аталған жұмыстардың барлығы облыстық дін істері басқармасына ай сайын сілтемелер негізінде тапсырылып отырады.

         2023 жылға Ақтоғай ауданы бойынша діни экстремизмнің алдын алу және діни сауаттылықты қалыптастыру мақсатында жергілікті бюджеттен 2 млн. теңге қаржы қарастырылып, конкурс жарияланды және конкурстың қортындысына сәйкес «Аманат» қоғамдық бірлестігі 1 млн. 750 мың тг-ге ұтып алып жеңімпаз болып анықталды. Аудандық ішкі саясат бөлімі «Аманат» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып халықпен 18 кездесу және 5 адрестік жұмыстар жүргізілді. Халықтың қамтылу саны 1675 адамды құрайды. Адрестік жұмыс өткізуге келетін теолог Хошкелдиев Жанболат.

 

Документы
Ақпарат
12 октября 2022
"Қазыбек би" мешітінің бас имамы "Аманат" қоғамдық қорының теолог маманы Абдрахман Ысқак Рахмыбекұлы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар негізінде "Халық арасындағы діни сауат" мәселесі бойынша кездесу өткізді.
Анықтама
08 июня 2022
Аналитическая справка внутреннего аналига коррупционного риска за 1 квартал 2022 года
Ақпарат
23 сентября 2021
Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі ММ
Интернет кеңістігіндегі жастарға діни-радикалды идеологияның әсері
Новости
Полезные материалы
Дін
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы