
Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2022-2023 жылдары атқарған жұмысы туралы ақпар.
Бөлімнің қызметі Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару», «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңдарымен және келесі негізгі бағдарламалар арқылы жүзеге асады:
Бөлімінің негізгі міндеті дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатының маңызды бағыттарының бірі- бұқаралық спортты дамыту. Халық арасында бұқаралық спортты насихаттау салауатты ұлтты қалыптастыру.
Ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінде 2 штат мемлекеттік қызметкер және 3 техникалық қызметкер жұмыс жасайды. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап денешынықтыру және спорт басқармасынан ауылдық жерлердің спортын дамыту мақсатында 2 спорт нұсқаушы штаты, 2022 жылы 8 спорт нұсқаушы штаты, 2023 жылы 5 спорт нұсқаушы штаты ашылып, ауылдық жерлерде спорт нұсқаушылар жұмыстарын жүргізуде.
Ауданда жасөспірімдер спортын дамыту мақсатында Ақтоғай ауданының
балалармен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды, онда спорттың 8 түрімен (волейбол, футбол, үстел теннисі, қазақ күресі, дзюдо күресі, бокс, тоғызқұмалақ, асық ату) 736 оқушы айналысуда, 12 штатты жаттықтырушы, 9 қосалқы жаттықтырушы жұмыс жасайды. Спорт мектебінің үйірмелері Ақтоғай ауылынан басқа Сарышаған, Шашубай кенттерінде және Қызыларай, Жидебай округтерінде ашылған.
Аудан бойынша спорттық нысандарға келетін болсақ кейінгі жылдары бірқатар спорттық нысандар көбейіп келеді 2023 жылдың есебіне сәйкес 56 спорттық нысандар бар. Атап айтатын болсақ, 19 спорт залдар,3 бейімделген спорт залдар, 24 спорттық алаңдар, 5 хоккей корты, 1 спорт кешені, 1 стадион, 3 стрейт варкаут.
Аудан бойынша бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын арттыру үшін, құрылыс нормаларына орай спорттық ғимараттар қажеттілігі бар, осыған сәйкес ауданымызда қазіргі таңда бірқатар жұмыстар атқарылуда, биылғы жылы Сарышаған кентінде дене шынықтыру және сауықтыру кешені құрылысын салу жұмыстары басталды, 2024 жылы құрылыс аяқталып пайдалануға берілетін болады, сонымен қатар Шашубай кентінде 2024 жылы үлкен әмбебап спорт зал құрылысының басталуы жоспарланып отыр.
Биылғы жылы Сарышаған кентінде көпсалалы спорттық алаң (тартан төсенішімен волейбол баскетбол ойын алаңы) құны 9,100мың, Сарытерек ауылына хоккей кортын орнату жұмыстары аяқталып қараша айынан бастап пайдалануға берілді құны 17,0 млн.
2022 жылы басталған стадионды қайта қалпына келтіру жұмыстары мердігердің жұмысты толық аяқтамауына байланысты облыстық құрылыс басқармасы арқылы келісім шарт бұзылды, 2024 жылы қайта жалғасын табатын болады.
Ауданда спорттық ғимараттарды халық санына шаққандағы көрсеткіші 2019 жылы 30,1%, 2023 жылы 41,8%,құрады, жоғарыдағы құрылыстар аяқталған жағдайда спорттық нысандармен қамту 74,0%, пайызды құрайтын болады.
Ауданның дене шынықтыру және спорт бөліміне 2023 жылға негізгі 3 бағдарламасына 85,107,0 мың қаржы қаралды, 001- бағдарлама бойынша 47426,0 мың, 006- бағдарлама бойынша 20,229,0 мың , 007 бағдарлама бойынша 14,249,0 мың.
Ауданда салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорттық ісшаралар жоспарына сәйкес жыл басынан бері аудандық деңгейде әр түрлі спорт түрлері бойынша 68 аудандық жарыстар өткізіліп, оған 6879 адам қатысқан. Күрделі жарыстарды атап айтатын болсақ ауылдық, аудандық кезеңде, «Қарлы қыс-2023» спартакиадасы, Қазақ күресінен «Ақтоғай барысы» турнирлері, мемлекеттік қызметкерлер спартакиадасы, Ұлттық спорт түрлерінен аудандық чемпионат спорттың 7 түрінен /көкпар, аударыспақ теңге ілу, жамбы ату, тай, құнан жарысы, аламан бәйге жарысынан/ өтуде, сонымен қатар жасөспірімдер арасында спорттың 9 түрінен /үстел теннисі, волейбол ұлдар мен қыздар, дзюдо күресі, шағын футбол, асық ату, бес асық ойыны, қол күресі/ фестиваль, 11 спорт түрлерінен Сарыарқа-2023 спартакиадасы, Мереке күндерге арналған Қол күресі, Гир көтеру, жеңіл атлетикалық марафон, Волейболдан ерлер арасында Әлихан Бөкейхан атындағы облыстық турнир, Волейболдан Ақтоғай ажары газетінің жүлдесі, жекелей спорт түрлері Армрестилинг, Гир, Теннис, Шахмат , Шашки, Қазақ күресі, дзю-до күресі спорт түрлерінен аудандық чемпионаттар тұрақты өткізіліп келеді.
Сонымен қатар бюджеттен тыс бірқатар спорт түрлерінен демеушілер тарту арқылы жұмыстар ұйымдастырылып келеді, Волейболдан оқушы қыздар және ұлдар арасында ардақты ұстаз, жаттықтырушы М.Сейсеповты еске алуға арналған аудандық турнир, Ауған соғысына қатысушы «Қызыл Жұлдыз» Орденінің иегері Серікбай Оразалинді еске алуға арналған Волейболдан ерлер арасындағы облыстық турнир, Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында жаттықтырушы М.Қасымов, Ғ.Төкеевті еске алу турнирлері, Дзю-до күресінен жастар арасында облыстық ашық турнир «Қазақ меет жауапкершілігі шектелі серіктестің» демеушілігімен, Волейболдан 40 - 50 жастан асқан ерлер арасында Қабыкен Каукербековты, Мейрам Есеевтерді еске алуға арналған турнирлер өткізіліп келеді.
Ауданда бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізуге қажетті спорттық жабдықтар, облыстық республикалық жарыстарға қатысатын аудан құрамасы спортшыларына жыл сайын қажеттілікке байланысты талапқа сай бірыңғай спорттық киімдермен, спорттық жабдықтар спорт бөлімі арқылы алынып келеді. 2021 жылы аудан көкпаршыларына 10,500 мыңға толық жабдықтары алынды, Сарышаған кентінің хоккей, футбол, қазақ күресі командаларына 5869,0 мыңға спорттық жабдықтар алынды, сонымен қатар 2023 жылы аудандық облыстық жарыстар өткізуге, команда дайындауға қажетті спорт жабдықтар алуға 7726,0 мың қаржы, аудан құрамасына бірыңғай спорттық киім тіктіруге 5060,0 мың қаржы қаралды. Сонымен қатар биылғы жылы спортшылар күні кеңінен аталып өтті, үздік нәтижелерге қол жеткізген командалар, спортшылар, жаттықтырушылар, жалпы спорт саласына үлес қосып жүрген мамандар аудан әкімінің ақшалай сыйақыларымен марапатталды.
2022 жылдың қортындысы бойынша аудан спортшылары республикалық жарыстарда 2-алтын , 5-қола, 4-күміс медаль, облыстық жарыстардан 38 - алтын, 31-күміс, 40-қола медальға қол жеткізді.
2022 жылы күрделі жетістіктерімізді айтатын болсақ, облыстық «Қарлы қыс-2022» спартакиадасынан шаңғы эстафетасынан ІІ-орын, президенттік көпсайыспен конькимен жүгіру жарысынан ІІІ-орынды, жалпы қомандалық ІІІ-ші орынды иелендік, Тоғызқұмалақтан жастар, жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер арасында өткен облыс чемпионаттарында аудан командасы бірінші орынды жеңіп алды.
Сонымен қатар, облыс деңгейінде өткен мемлекеттік қызметкерлер спартакиадасында аудан командасы волейболдан жүлделі 3 орындарды иеленді.
Қазақ күресінен сәуір айында Шымкент қаласында өткен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатында ауданымыздың спортшысы Мәуленқұл Темірлан 65 келі салмақ дәрежесінде чемпионаттың жеңімпазы атанды. Қазақ күресінен 2002-2004 жылғы туылған жастар арасындағы ел чемпионатында Сейілхан Әлібек түйе палуандар бәсекесінде үшінші орынға қол жеткізді.
Облыстық ауыл жасөспірімдер ойындарынан аудан құрамасының спортшысы Есенгелді Ерқанат қол күрестен облыста өз салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, шілде айында Талдықорған қаласында өткен республикалық жарыста ІІІ-орын иеленді.
Шілде айында Шет ауданында өткен «Сарыарқа-2022» спартакиадасында аудан құрамасы Волейболдан ІІ орын, Асық атудан І-орын, орын, Қол күресінен ІІІ-орын, жазғы Президенттік сынамадан ІІІ-ші орынды иеленді.
Ұлттық спорт түрі көкпардан ауданымыздың жасөспірім, жастар және ересектер құрама командалары 2022 жылдың облыстық спорт басқармасының күнтүзбелік жоспарына сәйкес облыс чемпионатына қатысып жоғарғы нәтижелерге қол жеткізді. Ақши ауылдық округінің көкпар командасы Шет ауданы әкімінің кубогінде қорғап жүлделі үшінші орынға ие болды.
Сонымен қатар Румыния мемлекетінде «Әлем кубогі» Асық спортынан халықаралық жарыста 8 мемлекет қатысып, Қазақстан Республикасының атынан қатысқан Қаржаубай Ерболат 1-орынды жеңіп алды.
2023 жылдың қортындысы бойынша аудан спортшылары республикалық жарыстарда 4-алтын , 8-қола, 7-күміс медаль, облыстық жарыстардан 62 - алтын, 35-күміс, 65-қола медальға қол жеткізді, күрделі жетістіктерімізді айтатын болсақ ақпан айында өткен облыстық «Қарлы-қыс2023» спартакиадасында аудан құрамасы президенттік көпсайыстан 3 орын, Асық ату спортынан жастар арасындағы облыс чемпионатынан ұлдар құрамасы 1орын, қыздар құрамасы 3 орын иеленді.
Қаңтар айында ұлттық спорт түрлері федерациясының ұйымдастыруымен өткен 2022 жылдың қорытынды шарасында ауданның көкпаршылар құрамасы жылдың үздік командасы атанды, Асық спортынан Қаржаубай Ерболатқа үздік спортшы номинациясы табысталды.
14-15 қаңтарда Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында облыс чемпионатында аудан спортшылары 2 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль иеленді.
5-7 ақпан аралығында Самбо күресінен жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтіп аудан спортшылары 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль иеленіп, 3 спортшы Алматы қаласында өткен жасөспірімдердің ел чемпионатына қатысып 88 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Есенгелді Ерғанат 3 орынды иеленді.
Наурыз айында қазақ күресінен өткен жасөспірімдер арасындағы Республикалық турнирде 70 келі салмақ дәрежесінде Орынбаср Нұртас 3 орын иеленіп спорт шеберлігіне кандидат атағын қорғады, сонымен қатар Кикбокс спорт түрінен Қомар Абай Республика Кубогіне қатысып 3 орын, ауыл жасөспірімдер ойындарының облыстық кезеңінде Есенгелді Ерқанат және Боқанова Әмина дзюдо күресінен өз салмақ дәрежелерінде 1 орынға ие болды, Маңғыстау облысы Ақтау қаласында ХІІ жазғы универсиада ойындарында ауданымыздың спортшысы Сейілхан Әлібек облысымыздың намысын қорғап Қазақ күресінен +100 келі салмақ дәрежесінде жүлделі 3- орынға ие болды, 27-29 маусым аралығында Өскемен қаласында жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталып Есенгелді Ерқанат +73 келі салмақ дәрежесінде 3 –орынға ие болды. Ақтоғай ауданында 30- маусым 1- шілде аралығында Ұлттық спорт түрлерінің облыстық фестивальі өз мәресіне жетіп аудан спортшылары бір қатар спорт түрлерінен жеңімпаз жүлдегер атанып жалпы командалық есепте 3-орынға ие болды, қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының күнтүзбелік жоспарына сәйкес Қарағанды қаласында «Сарыарқа 2023» жазғы ауыл спартакиадасы өтіп аудан құрамасы ерлер волейболынан 1-орын, тоғызқұмалақ ойынынан 3-орын, шашки ойынынан 3-орын, асық ату ойынынан 1-орын, президенттік көп сайыстан жекелей сында жеңімпаз жүлдегерлер атанды, жалпы командалық есепте 4 орын иеленді. Қыркүйек айында Қарқаралы ауданында өткен Қазақ күресінен Жасбарыс атты облыстық турнирге 6 спортшы 3 орын, 2 спортшы 2 орын иеленді.
Аудан әкімі шағын футболдан облыстық лиганың 2 орын иегері Ақтоғай командасын қабылдап, команда демеушісі мен ойыншыларын марапаттады.
14-16 қараша Астана қаласында өткен АЗИЯ асығы атты халықаралық турнирде Қаржаубай Ерболат 3 орынға ие болды. Желтоқасан айында Қазақ күресінен Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында өткен Республикалық турнирде Тәңірберген Нұрболат жеңімпаз атанды.
15-18 желтоқсан аралығында Тоғызқұмалақтан өткен Қарағанды облысының чемпионатында ауданның қыздар құрамасы жеңімпаз атанды.
Биылғы жылы аудан спортшылары «Қазақ күресінен» 8-спортшы спорт шеберіне үміткер (СШҮ) атағын орындаса, тоғызқұмалақтан 1-спортшы «Спорт шеберлігіне үміткер» дәрежесі атағын қорғады және мемлекеттік қызмет көрсету түрлері бойынша футбол бөлімінің оқушы-спортшыға ІІІ-жасөспірімдік-разрядты спортшы атағы 45 - спортшыға, Қазақ күресінен – 20 спортшыға бокс бөлімінің 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы атағы берілді.
Басқарудың тиімділігі келесі индикаторларды көрсететін мақсатты индикаторлармен анықталады.
Ақтоғай ауданы бойынша халық саны 15989 адам, 12 айдың қорытындысы бойынша спорттың бұқаралық түрлерімен жүйелі шұғылданушылар саны 5890 адам, бұл көрсеткіш аудан тұрғындарының 38,5 пайызын құрайды, 2024 жылы 39,0 %, көбейеді деп жоспарланған.
Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту және халықтың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануын арттыру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес, барлық жастағы адамдар үшін өткізілетін дене шынықтыру, сауықтыру және спорттық шаралардың санын көбейту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.
Ауданың дене шынықтыру және спорт бөлімі жыл көлемінде өтетін спорттық іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарына тұрақты жариялап отырады, фейсбук, инстаграм парақшалары ашылған, оған 2021-жылы 61 материал салынса 2022 жылы 64 материал, 2023 жылы 81 мақала жарияланды. «Aktogay Azhary », газетіне 25 мақала жарияланды, облыстық телевиденияда 3 сюжет көрсетілді.
Алдағы жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 251 қаулысымен бекітілген дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамсын іске асыруымыз қажет онда нақты көрсетілгендей аудандарда 2024 жылдың қыркүйек айына дейін ауылдық жерлерде және мектептерде, аулаларда шахмат қлубтарын ашу, шахматпен шұғылданатын спортшылар саның көбейту және мүгедектігі бар адамдарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға жағдай жасау, спорт түрлері бойынша секциялар ашу, мемлекеттік тапсырыс арқылы жарыстар өткізу қажет.