2023 жылғы 5 қарашада өткен Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімін сайлау
қорытындылары туралы хабарлама
2023 жылғы 5 қарашада Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімін сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 10475 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 7779 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 190 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Ақтоғай ауданының әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Жанабергенов Н.К. үшін сайлаушылардың 695 дауысы берілді,
Кенжебеков Р.А. үшін сайлаушылардың 5656 дауысы берілді.
Сеитов Н.С. үшін сайлаушылардың 1251 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 103.
Сайлау қорытындыларымен Ақтоғай ауданының әкімі болып:
Кенжебеков Руслан Айтыкенович сайланды, 1978 жылы туған, Ақтоғай ауданының әкімі, Ақтоғай ауылында тұрады.
Ақтоғай аудандық
сайлау комиссиясы