
Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы
Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 12 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. 2023 жылы 894 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2023 жылға бөлімге 316 млн. 462 мың қаржы бөлініп, толық игерілді.
Аудан бойынша барлығы 757 мүгедек бар. Оның ішінде 1 топта 69, 2 топта 305, 3 топта 285 және 18 жасқа дейінгі 49 мүгедек бала бар.
Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға жергілікті бюджеттен 225.0 мың теңге қаржы қаралды. Бүгінгі күнге 13 отбасының 15 адамына 225,0 мың теңге тағайындалып, төленді.
2023 жылға атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жергілікті бюджеттен 8 млн 414 теңге қаржы қаралып, бүгінгі таңда 28 отбасы, 132 адамға және атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасыдағы 1 мен 6 жас аралығындағы 42 балаға 5175 теңгеден қосымша төлемдер барлығы 8 млн 414 мың теңге тағайындалып төленді.
Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындауға 217 мың теңге қаржы қаралды. Бүгінгі күнге 9 мүгедек балаға 217,0 мың теңге тағайындалып,төленді.
«Ақтоғай ауданындағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындауға жергілікті бюджеттен 44 млн теңге қаржы қарастырылды. Оның ішінде әлеуметтік мәні бар ауруымен ауыратын 353 адамға 24 млн 357 мың теңгеге, күнкөріс деңгейі төмен 10 отбасыға және өрт салдарынан мүлкіне зиян келген 2 отбасыға 448 мың теңге бір жолғы материалдық көмектер берілді.
Ұлы Отан соғысының 78 жылдығына орай 52 тыл ардагеріне 50 мың теңгеден 2 млн 600 мың теңге; 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апат зардаптарын жоюға қатысқан 2 адамға 200 мыңнан 400 мың теңге; Ауған соғысының 9 ардагеріне 200 мың теңгеден 1 млн. 800 мың теңге; Бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде мүгедек болған 1 әскери қызметкерге 100 мың теңге; Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде концлагер тұтқыны болған 1 адамға 200 мың теңге; Қайтыс болған соғыс мүгедегінің әйеліне 1 адамға 60 мың теңге; Таулы Карабах,Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде әскери міндеттерін орындаған 6 адамға 200 мың теңгеден 1 млн 200 мың теңге; Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 5 адамға 30 мың теңгеден 150 мың теңге төленді.
1 қазан қарттар күніне және мүгедектер күніне орай 75 жастан асқан 523 қарттарға және 1-2 топтағы 297 мүгедектерге жергілікті бюджеттен 10 мың теңгеден 8 млн. 200 мың теңге бір реттік материалдық көмек төленді.
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы іс-шараларының орындалуы жөніндегі мәліметтер
Протездік-ортопедиялық құралдарға мұқтаж 48 мүгедек, оның ішінде қамтылғаны 48 мүгедек 100 %-ды құрап отыр. Сурдотехникалық құралдар бойынша мұқтаж мүгедектер саны 8, оның ішінде қамтылғаны 8 мүгедек 100%-ды құрап отыр.
Тифлотехникалық құралдарға мұқтаж 37 мүгедек, қамтылғаны 37 мүгедек 100 %, кресло-коляскаға мұқтаж 6 мүгедек, қамтылғаны 6 мүгедек, 100 %-ды құрап отыр. Санаторий-курорттық емдеуге мұқтаж 110 мүгедектің 110 қамтылды 100%-ды құрады, Жеке көмекші қызметі бойынша мүгедектерден 26 өтініш түсіп барлығы жеке көмекші қызметімен қамтылып отыр.
Міндетті гигиеналық құралдарға мұқтаж 128 мүгедек, оның ішінде қамтылғаны 128 мүгедек 100 %-ды құрап отыр.
Ғимараттарды бейімдеу бойынша 2023 жылға 21 ғимаратты бейімдеу жоспарлануда. Бүгінгі күнге 765 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күнге 18 ғимарат бейімделді. Қалған 3 ғимарат биылғы жылы орындалмады. Олар Ақтоғай ауданының ауылшаруашылығы бөлімі, Нарманбет клуб үйі, Тораңғалық ауылдық округінің кітапханасы.
Ақтоғай ауданы бойынша 2023 жылға 1 топтағы мүгедектерге және жеке көмекші қызметін пайдаланатын мүгедектерге «инватакси» көлік қызметін ұйымдастыруға 5 млн. 880 мың теңге қаржы қаралды. 2023 жылы мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 4 рет әлеуметтік тапсырыс бойынша хабарландыру берілді. Алайда әлеуетті өнім беруші болмағандықтан сатып алу өтпеді. Жалпы аудан бойынша «инватакси» көлік қызметін пайдалануға мұқтаж 41 мүгедек бар. 2024 жылға «инватакси» көлік қызметін ұйымдастыруға 5 млн. 940 мың теңге қаржы қаралды. Бүгінгі күні мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында сатып алу порталы арқылы хабарландыру берілді.
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесіне бүгінгі күнде 191 жалғызілікті қария, 19 мүгедек тартылып оларға 38 әлеуметтік қызметкер, 2 консультант, 1 бөлімше меңгерушісі қызмет көрсетеді.