АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ
Ауыл шаруашылық есепке алу журналындағы мәліметтер бойынша, 2024 жылдың 5 айлық көрсеткішіне сәйкес, ауылымызда мал ұстайтын үйлердің саны – 47.
Тасарал ауылдық округі бойынша және барлық мал басы 3723 басты құрайды, оның ішінде:
- Жылқы – 1121 бас;
- Ірі қара малы – 914 бас;
- Ұсақ мал – 1305 бас,
- Түйе малы -383 бас.
Тасарал ауылдық округі бойынша 17 шаруа қожалық, 3 ЖШС, 1 СПК тіркелген.
Ай сайын мал ұстайтын ауыл тұрғындары арасында, әкім аппаратының қызметкерлері, учаскелік полиция инпекторлары мен ветеринариялық дәрігердің қатысыумен түсіндірме жұмыстар жүргізіледі, жиналыстар өтіп тұрады. Күн тәртібінде көшеде қараусыз емін-еркін бос жүрген ауыл шаруашылығы жануарларын бағу, ақылы бағымға қосу туралы және иелеріне осы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі және әкімшілік шара қолданатыны туралы ескертіледі.
ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БОЙЫНША
2024 жылдың 5 айында жер телімдеріне қатысты 1 өтініш тіркеліп жауабы уақытында берілді.
КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ
Бүгінгі таңда 10 жеке кәсіпкер және 17 шаруа қожалықтары тіркелген, оның ішінде 1 наубайхана, 3 дүкен жұмыс жасап тұр.
Жеке кәсіпкер «Сагындыков Н» «Күміс жас» бағдарламасымен 1 жұмыскерді жұмыс орнымен қамтып отыр.
ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ - КОММУНАЛДЫҚ
ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ
2024 жылы Тасарал ауылдық округі бойынша тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, абаттандыру салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар төмендегідей:
Әкім аппаратының қызметкерлері «Таза Қазақстан» акция бойынша көше араларын, мекемелер мен көл жағалауына сенбіліктер өткізуде. Ауыл тұрғындарын сенбілікке, тазалық бейсенбілігіне шығу жөнінде шақыртқылар ілінуде, ватсап месенджері бойынша да үнемі хабарлама беріліп отырады. Бүгінгі күнге 34 сенбілік, 48 тазалық бейсенбілігі өткізілді, қыстан жиналып қалған 2 жердегі ұйымдастырылмаған күл-қоқыс орны тазартылып, шамамен 150 тонна күл-қоқыс шығарылды.
Тасарал ауылдық округі бойынша 2024-2025 жылдарға тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, абаттандыру салалары бойынша жоспарлар мен міндеттер:
|
№ р/с |
Жұмыстар атауы |
Жұмыс құны, мың теңге |
Сметалық құжатының әзірленуі (бар/жоқ) |
Бекітілген бюджет, мың теңге |
Ескертпе |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1 |
Ағыбай батыр көшесіне көше жарықтарын орнату |
5729,0 |
бар |
|
бюджеттік өтінім |
|
2 |
Су толтыратын резервуар жөндеу жұмыстарына |
4747,0 |
бар |
|
Аудандық ТҮКШ бөліміне жолданды |
|
3 |
Су құбырын ауыстыру |
2477,0 |
бар |
|
Аудандық ТҮКШ бөліміне жолданды |
|
4 |
Насос станциясының қоршауына жөндеу жұмыстары |
2767,0 |
бар |
|
Аудандық ТҮКШ бөліміне жолданды |
|
5 |
Көмір түсіретін қоймаға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу |
4409,0 |
бар |
|
Аудандық ТҮКШ бөліміне жолданды |
|
6 |
Әкімшілік ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарына |
4886,0 |
бар |
|
Аудандық ТҮКШ бөліміне жолданды |
|
7 |
Футбол ойнайтын алаңға жөндеу жұмыстарын жасауға |
5710,0 |
бар |
|
бюджеттік өтінім келер бюджет қарауына жолданады |
|
8 |
Спорт алаңын салу үшін |
22859,0 |
бар |
|
бюджеттік өтінім келер бюджет қарауына жолданады |
|
9 |
Ағыбай батыр көшесін жөндеу асфальттау |
54398 |
бар |
|
бюджеттік өтінім келер бюджет қарауына жолданады |
|
10 |
Жастар көшесін жөндеу асфальттау |
52627 |
бар |
|
бюджеттік өтінім келер бюджет қарауына жолданады |
|
11 |
Орталық көшесін жөндеу асфалттау |
31576 |
бар |
|
бюджеттік өтінім келер бюджет қарауына жолданады |
Жұмыспен қамту:
«Тасарал ауылдық округі әкім аппараты» ММ-не 6 адам жұмыссыздар есебінде тіркелген, олардың 3-і қоғамдық жұмысқа тартылып, еңбек шарттары жасалған. Айбар және «Оңбай» шаруа қожалықтары «Күміс жас» бағдарламамен 2 жұмыскер жұмыс орнымен қамтылып отыр. Қалған 1- адам мектепке жұмысқа тұрды. Жұмысыздыққа тіркелген әр адамға онлайн курстарын оқуға болатыны түсіндіріліп, өздері таңдаған кәсіп бойынша оқып сертификаттар алуға мүмкініктер қарастырылған
БІЛІМ САЛАСЫ
|
Анықтама |
||
|
№ р/с |
Нысандар атауы |
Қысқаша сипаттама |
|
1 |
2 |
3 |
|
1 |
Тасарал жалпы білім беретін орта мектеп |
Мектеп: 2023-2024 жылында мектебімізде 22 мұғалім қызмет атқарады, 2 педагог-зерттеуші, 6 педагог-сарапшы, 8 педагог модератор, І санатты екі мұғалім, ІІ санатты бір мұғалім. Мектеп бойынша жалпы сынып комплекті: Оқушы саны: 79. Мектепалды даярлық сыныбы - 8 бала. Білім сатысы: 2 - жоғары (10-11 сынып) - 9 оқушы - 88,89%, 5 негізгі (5-9 сыныптар) - 34 оқушы – 61,76%, 4 бастауыш (1-4 сыныптар) - 28 оқушы - 66,67%,. Жалпы білім сапасы 67,19% ды көрсетті. І ауысымда - 6 сынып комплекті: 44 оқушы, ІІ ауысымда - 5 сынып комплектісі: 33 оқушы. |
Көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар жыл басынан ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ
Фельдшермен ауылдың барлық тұрғындары флюрография және әйел кісілер мамографиядан толықтай өтті.
Тасарал ауылының фельдшерлік пункті талапқа сай емес, сол мәселемен «Приозерск қаласының орталық ауруханасы» КМК директоры
хат жолданған. Жаңа ФАП салыну жоспарда.
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ
2024 жылы ауыл тұрғындарына мемлекеттік мереке мен кәсіби күндері аталып тұрады. 1,2 қаңтар күндері «Жаңа 2024 Жыл» атты кеш өтті. 31 желтоқсанда шырша жағумен басталған мерекелік соңы от шашумен аяқталды.
Қаңтар айы; Тасарал ауылында ең алғаш рет қазақ күресінен турнир өтті. Турнирге 10 команда қатысты. Командалық жарыста Тасарал ауылының палуандары 1 – орынға ие болды. Жалпы 11 – салмақтан 5- алтынғы ие болды. Қаңтар айында ауыл азаматтарының демеушілігімен ауылға екі киіз алынды. Ауылға кіре берістегі аркаға жұмыстар жүргізіліп,безендіру жұмыстары жүргізілді. Ауылдағы Таңыбай батыр көшесіне 15 электр бағанасы қойылып көшеге жарық берілді.
Тұрғындар назарына!
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС 2024 жылғы 14 мамырда сағат 12:00-де жобалық құжаттаманы қарау бойынша «Сокыркой кен орнының қорларын игеру бойынша тау-кен жұмыстары жоспары» жобасына ықтимал әсерлер туралы есеп Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Тасарал ауылы, Мәдениет үйі, Ағыбай батыр көш., 5 мекенжайы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу жоспарланғанын хабарлайды.
Әсер ету аумағы: Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы. Қоғамдық тыңдаулар өткізілетін аумағы: Ақтоғай ауданы, Тасарал ауылы, географикалық координаттары:
|
Бұрыштық нүктелер нөмері |
Географикалық координаттар |
|||||
|
Солтүстік ендік |
Шығыс бойлық |
|||||
|
Гр. |
Мин. |
Сек. |
Гр. |
Мин. |
Сек. |
|
|
1 |
46 |
16 |
50 |
74 |
03 |
53 |
Учаскенің географикалық координаттары:
|
Бұрыштық нүктелер нөмері |
Географикалық координаттар |
||||||||||||
|
Солтүстік ендік |
Шығыс бойлық |
||||||||||||
|
Гр. |
Мин. |
Сек. |
Гр. |
Мин. |
Сек. |
||||||||
|
|
1 |
46 |
25 |
12.97 |
73 |
59 |
35.63 |
||||||
|
|
2 |
46 |
25 |
01.98 |
74 |
00 |
19.93 |
||||||
|
|
3 |
46 |
24 |
05.34 |
73 |
59 |
49.93 |
||||||
|
|
4 |
46 |
24 |
15.90 |
73 |
58 |
51.26 |
||||||
|
|
5 |
46 |
24 |
53.07 |
73 |
59 |
07.78 |
||||||
Жоспарланған қызметтің бастамашысы: «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, БСН 050140000656. Өкілі: Рамазанова Р.Б., «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, бас маманы, тел.: 8 (7172) 55 76 65, эл.мекен-жайы: Radmila.Ramazanova@kazakhmys.kz.
Әзірлеуші: «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Бас жобалау институты, БСН 060641009902. Өкілі: Сүлейменова А.Б., байланыс телефоны: 8 (7172)55 76 72 (ішкі нөм.10557), эл.мекен-жайы: Aizhan.Suleimenova@kazakhmys.kz.
Жоба материалдары төмендегі сайтта орналастырылған: ecoportal.kz және https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-tabigat/press?lang=ru.
Жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өтетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ecoportal.kz сілтемесі бойынша, эл. мекен-жайы expertiza.upr_krg@mail.ru және пошталық мекенжайы: Қарағанды қ., Лобода к-сі, 20 бойынша қабылданады.
Жоспарланған қызмет туралы қосымша ақпаратты, қоғамдық тыңдаулар өткізу, сондай-ақ белгіленген қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін келесі Aizhan.Suleimenova@kazakhmys.kz эл.мекен-жай бойынша және тел. нөм. 8 (7172)55 76 72 (ішкі нөм.10557) сұратуға болады.
Тіркеу қоғамдық тыңдаулар өткізілгенге дейін 15 минут бұрын жеке куәлік ұсынылған кезде жүргізіледі.
Бейнеконференцияға онлайн қосылуға сілтеме:
https://kazakhmys.webex.com/kazakhmys/j.php?MTID=mbe4d115b317ea4fa4179c6055651092e
Жиналыс нөмірі (кіру коды): 25130505351
Жиналыс құпия сөзі: 123456dD
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!
08.04.2024 ж.-19.04.2024 ж. Business.enbek.kz портал арқылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға онлайн өтінімдер қабылдауы өткізіледі.
🔸Гранттар алудың негізгі шарттары
Грант алушы тиіс:
1. Жұмыспен қамтудың мынадай санаттарының біріне жату:
▶️Тіркелген жұмыссыздар
▶️Жеке кәсіпкерлер (3 жылға дейін)
2. Келесі әлеуметтік санаттардың біріне жату:
▶️Көп балалы тұлғалар-көп балалы жәрдемақы алушылар (жұбайы, зайыбы)
▶️Қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері
▶️Мүгедек баланы тәрбиелеуші жәрдемақы алатын адамдар (жұбайы, зайыбы)
▶️Атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтылған адамдар және олардың отбасы мүшелері
▶️Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар
▶️Кандас қолданыстағы мәртебесі бар адамдар
▶️Мүгедек адамдар
3. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификатының болуы
4. Мәртебесін тексеру сәтінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылардан басқа (оңтүстіктен солтүстікке қарай)жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы болып табылмау.
"Мерекелі, берекелі, Наурыз" атты мерекелік шара өтті. Ауыл әкімі Балтышев ерик Таткенович халықты ұлтық мерекемен құттықтады.Биыл ауылда айтулы мереке кең көлемінде аталып өтуде. Алаңда екі киіз үй тігіліп, наурыз көже мен бауырсақ пісірілді келген халыққа таратылды, ұлттық дәстүрді ұлықтайтын түрлі көріністер қойылды. Қазақстаң салты сақталып, дәстүрлі дәріптелген шарада ұлттық спорт ойындарынан сайыстар мен концерттік бағдарламамен жалғасты.
14-наурыз күні Ақтоғай ауданы Мәдениет үйінде "Жас келін-ырысың" атты аймақтық келіндер сайысы өтті. Тасарал ауылдық округінен Куанышбекова Айнұр қатысып "Инабатты келін" номинациясына ие болып, алғыс хатпен сый-сияпат берілді.
"Ұлттық ойын-ұлт қазына" атты тақырыпта әкелер мен бала арасында спорттық сайыс өтті (асық ату, арқан тартыс, бес тас, шаш өру, сұрақ-жауап). Қатысқандарға сый-сияпат алғыс хатпен марапатталды.
Қоғамдық тыңдаулар құжаттар топтамасын келісу шеңберінде Ексор және Тасқоныр топырақ карьерінің сазды және шөгінді жыныстарын өндіру жөніндегі операциялардың зардаптарын жоюға әсер етуге экологиялық рұқсат алу үшін автомобиль жолын қайта құру үшін "Астана-Қарағанды-Балқаш- Алматы" км 1955-2005 Тасарал-Сарышаған учаскесі Қарағанды облысы
2024 жылдын 19 ақпан күні Тасарал ауылдық округінде интернет-алаяқтықтың профилактикасы және оған қарсы іс-қимыл туралы халықты егжей-тегжейлі ақпараттандыру үшін, оның ішінде цифрлық сауаттылықты арттыру "Электронды үкімет порталы" егов бойынша әкім аппаратына ақпараттық-профилактикалық түсіндірме іс-шаралары өткізілді.
Балқаш қаласында 17 ақпан күні Ауған соғысында интернационалдық борышын өтеп жүріп опат болған Самат Нұрғалиевті еске алу арналған қазақша күрестен 2010-2011 жылғы жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнирде 32 кг.-Нығмет Елжан-1 орын,35 кг-Маратұлы Мансұр-3 орын,38 кг'-Жарылқасын Ерсін-3 орын,50 кг-Мағауия Едіге-3 орын,+60 кг-Аман Нұрәлі-3 орын иеленді. Жеңімпаздарды марапаттарымен құттықтаймыз!
Тасарал ауылдық округінің Клуб үйінде, Кеңес үкіметінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай,
Сол соғыста интернационалдық борыштарын өтеп қайту үшін мыңдаған қазақ жігіттері де шайқасқан болатын. Соғыс деп айта салу тілге жеңіл болғанымен, сол жерде болып, зулаған оқтың астында шайқасудың өте ауыр екенін сезіну тек соғысқа қатысып қайтқан азаматтарға ғана тән!
Ауған соғысына барып , өз борыштарын өтеп қайтқан азаматтарымызға дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілейміз. Ерліктеріне тағзым етіп, еске алу кеші өтті.