Меню

Страницы

Статья

Жалған терроризм

Жалған терроризм

Қазіргі әлемде халықаралық қатынастардың көпполярлық жүйеде қалыптасуы, өзара іс-әрекеттердің ғаламдық және аймақтық деңгейде дамуы белсенді түрде жүргізілуде. XX-XXI ғасырлардағы ғаламдық проблемалардың бірі терроризммен күрес қазіргі әлемдік қауымдастықтың даму жолының жаңа бағытына айналды. Сондайақ XIX-XX мен XX-XXI ғасырлар аралығында болған террорлық әрекетке назар салғанда екеуінің арасында айырмашылықтың бар екенін байқауға болады. Атап айтқанда, XIX-XX ғасырлардағы террорлық әрекеттерде қылмыскер мен жәбір көруші арасында белгілі бір байланыс бар болса, соңғы кездегі террорлықтан жазықсыз жапа шеккендердің саны өсуде. Ел ішінде үрей және дүрбелең тудыру мақсатында бір немесе бірнеше адамдар тарапынан жеке адам және қоғам тәртібін, тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзатын ісәрекеттер мен іс-шараларды ұйымдастыру «терроризм» деп аталады. Жалған Терроризмнің мақсаты - мемлекеттердің, халықтардың рационалды түрде ойлауларына, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрулеріне кедергі жасау. Күн өткен сайын терроризм мен діни экстремизмнің қаупі жаһандық ауқымға жайылып бара жатқаны рас. Қазіргі кездегі әлемді алаңдатып отырған маңызды діни түйткілдердің бірі, тіпті ғаламдық мәселелердің қатарына жатқызуға да болатын құбылыс – діни экстремизм мен терроризм деп айтуға болады. Ол бастапқы идеялары бойынша дәстүрлі діндерге сүйеніп, олардың өңін айналдырып, бұрмаланған күйде танитын және өзінің сол позициясын ақиқат ретінде дәйектеуге тырысатын бүлікшіл пиғыл тек Қазақстанға емес, дүниежүзіне айтарлықтай қауіп төндіріп отыр. Соңғы жылдары әлемде террористік әрекеттердің жүздегені болып, оның салдарынан мыңдағаны қаза тауып, тағы мыңдағаны ауыр жарақаттар алуда. Террористік актілер тек шиеленіс аймақтарында ғана  емес, сонымен қатар дамыған елдерде де орын алуда. Жалған Терроризмнің басқа жаһандық проблемалармен байланысы ашық түрде болуда. Сондай проблемалардың қатарында мемлекеттер аралық қатынастардың шиеленесуін, ұлтаралық және діндер арасындағы қатынастардың өткірленуін, халықаралық қылмыстың артуын, заңсыз есірткі айналымын және т.б. айтуға болады. Жалған Терроризм мен экстремизм кез-келген көріністе көптеген елдер мен олардың азаматтарының қауіпсіздігіне көбірек қауіп төндіреді, үлкен саяси, экономикалық және моральдық шығындарға алып келеді, адамдардың үлкен массаларына күшті психологиялық қысым жасайды, соғұрлым ол жазықсыз адамдардың өмірін қияды.

Дата публикации
26 июня 2024
Дата обновления
26 июня 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 августа 2024
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне шағымдану тәртібі туралы ақпарат
12 августа 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер
Ақпарат
26 июня 2024
Жалған терроризм

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы