Су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабыл алған кезде:
- суды, газды және электр тоғын өшіріңіз;
- жанып тұрған пешті сөндіріңіз;
- егер уақытыңыз жеткілікті болса, үйдің жоғарғы қабатына (шатырға) құнды заттар мен мүліктерді, тұщы су қорын және ұзақ мерзімге сақтауға келетін консервіленген тағамдарды тасып шығарыңыз;
- ауылшаруашылық инвентарларын қауіпсіз орынға апарыңыз;
- өз үйіңізді апат соққысына дайындаңыз;
- бірінші қабаттағы барлық есік пен терезелерді жабыңыз, қажет болғанда және уақыт көтерсе терезелер сынбас үшін оларды тақтаймен немесе үйеңкі фанерасымен шегелеп тастаңыз;
- өзіңізбен бірге су өткізбейтін пакетте жеке құжаттар, ақша, бағалы заттар, медициналық қобдиша, мезгілге сай киім мен аяқ киім, жатын жаймалары мен дәретханаға қажеті заттарды сонымен қатар үш күндік тамақ (киімдер мен тамақты шамаданға немесе сөмкеге салған жөн) алыңыз;
- қауіпсіз ауданға көшу үшін белгіленген уақытта эвакуациялық жинақтау пунктіне барыңыз.