2021 жылдың қорытындысы бойынша Сарышаған кенті әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына талдамалық анықтама
2021 жылдың қорытындысы бойынша Сарышаған кенті әкімі аппаратының Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысына және 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес 58 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
Сарышаған кенті әкімі аппараты жергілікті атқарушы органдары арқылы барлығы 41 (жеке тұлға - 38; заңды тұлға-3) мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген. Оның ішінде;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын, электронды үкімет порталы «е-gov» арқылы қызмет алу үлесін арттыруға, ашық есік күндері, қоғамдық бақылаулар, ЭЦҚ алу бойынша 445 түсіндірме іс-шаралары өткізіліп оған 896 тұрғын қамтылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас дағдысын үйрету бойынша біліктілігін арттыру курсынан өткен қызметкерлер жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша бүгінгі күнге дейін қызмет алушылардан арыз-шағым түскен жоқ.