Бюджет

«Сарышаған кенті әкімі аппараты» ММ

2024-2026 жылдарға арналған

бюджеттік бағдарламасын

қайта бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы 148 Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылы 30 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және (қайта бекіту) қағидалары және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 195 бұйрығына, Сарышаған кенті әкімінің 2024 жылғы  15 шілдегі №3 «Сарышаған кенті әкімінің 2023 жылғы  27 желтоқсандағы №08 «Ақтоғай аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №110 «Ақтоғай ауданының кенттерінің, ауыл, ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналаған бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы шешіміне сәйкес:

  1. Қоса берілген бюджеттік бағдарлама әкімгері «Сарышаған кенті әкімінің аппараты» ММ-нің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары осы өкімнің 1,2,3,4,5,6 қосымшаларымен қайта бекітілсін.
  2. «Сарышаған кенті әкімінің аппараты» ММ 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы» 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 24/1-ө өкімінің күші жойылсын.
  3. Бюджеттік бағдарламаның орындалысын қамтамасыз ету «Сарышаған кенті әкімінің аппараты» ММ статисті А.Ш.Шохметоваға тапсырылсын.
  4. Осы өкімнің орындалысына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
  5.       Осы өкім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Сарышаған кенті әкімінің м.а.                               Г.Кульмаганбетова

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Ақтоғай ауданының экономика

және қаржы бөлімінің басшысы

_______________П.М.Темірбек

"____"_______________ 2024 жыл

 м

өкім
Дата публикации
12 августа 2024